Академиясы


) Иллюстрациялы материалдар



бет8/9
Дата14.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#135495
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 23

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Тағамдық бактериалды токсикоз дегеніміз не?

  2. Қандай уланулар осы топқа жатады?

  3. Стафилококкты интоксикациялар патогенезі мен эпидемиологиясы қандай?

  4. Стафилококкты интоксикацияны қандай тағамдық азықтар тудырады?

  5. Ботулизм қоздырғышының патогенезі қандай?

  6. Ботулотоксиннің қандай қасиеттері бар?

  7. Ботулизм мен кейбір тағамдық азықтар арасында қандай байланыс бар?

10


1) Тақырыбы: Микробты емес тамақтан улану.

2) Мақсаты: Микробтық емес тағамдық уланудың ерекшелігімен студенттерді таныстыру.

3) Дәріс тезистері: Табиғаты бактериалды емес тағамдық ауруларға тән ерекшелік көбіне үй жағдайында кездеседі және зардап шегушілердің саны аз болады. Тағамдық аурулардың ішінде табиғаты бактериалды емес улану 7-15 пайыз құрайды. Бұл ауруларға өлім көрсеткішінің жоғары болуы тән, олар улы саңырауқұлақтар мен жабайы өсімдіктерді пайдаланғанда дамиды. Уланудың бұл тобына жеуге жарамсыз улы саңырауқұлақтарды (саңырауқұлақтар мен жабайы өсімдіктер), уақытша улы қасиетке ие болған (картоп соланині, жемістердің ащы дәні, жануарлардың мүшелері) тағамдық азық-түліктердің улы қоспаларымен (ауыр металдардың тұздары, арамшөптермен улы химикаттар) улану жатады.

Саңырауқұлақтармен улану. Өсімдіктермен уланулардың арасында саңырауқұлақтармен улану жиі кездеседі. Саңырауқұлақтармен уланудың шамамен 15 пайыз өліммен аяқталады. Саңырауқұлақтар жеуге жарамды, жарамсыз болып бөлінеді. Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың өзі шартты және шартсыз түрде жеуге жарамды саңырауқұлақтарды (ақ саңырауқұлақ, шампиньондар және т.б.) әдетте тағамға пайдаланғанда алдын ала немесе қосымша өңдеудің қажеті жоқ.

Шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақтарды дұрыс дайындамаған жағдайда тағамдық улану дамиды. Бұл саңырауқұлақтарды кулинарлық өңдеудің алдында ұзақ уақыт қайнатады немесе суда жібітіп қояды.

Улы саңырауқұлақтарға боз уқұлақ, шыбын жұт т.б. жатады. Боз уқұлақ пен шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақтармен улану аса қауіпті. Улы саңырауқұлақтармен улану көбіне жаздың аяғына қарай, оларды көп жинайтын кезеңде байқалады және жеке немесе отбасылық сипатта болады.

Улы қасиетке ие болған жеуге жарамды кейбір тағамдық азықтармен улану. Тағамдық уланудың бұл тобына картоп соланині, жемістердің ащы дәні, жануарлар мен балықтардың мүшелері т.б.жатады.

Картоптың құрамындағы соланиннің мөлшері 11мг пайыз, ол әсіресе картоптың қабығында көп 30-64 мг пайыз. Өнген немесе жасыл түске енген картопта соланин мөлшері (420-730 мг пайыз) көбейеді. Соланин қасиеті жағынан гликозидтерге жақын, гемотитикалық улы затқа жатады, яғни қандағы эритроциттерді бұзады. Адамдарды улануға әкелетін соланиннің улы мөлшері 200-400 мг пайыз. Құрамында соланиннің мөлшері көп картоптың дәмі ащылау, оны жегенде жұтқыншақты қырнап өткендей әсер қалдырады. Улану барысында асқазан – ішек трактысында аздаған бұзылыстар байқалады. Картопта соланин мөлшерінің жинақталуының алдын алу үшін қараңғы бөлмеде 1-20С температурада сақтайды. Түсі жасыл тартқан картопты жеуге болмайды.

Фазин-шикі фасольдың құрамында болатын улы зат. Тағамға фасольдан дайындалған ұн мен тағамдық концентраттарды пайдаланғанда тағамдық улану туындауы мүмкін.

Амигдалин-кейбір өсімдіктерде, олардың жемістерінде, тұқымдарында кездесетін улы зат. Ащы миндаль сүйекті жемістердің дәнінде амигдалин гликозиді кездеседі, олардың бұзылуынан синиль қыщқылы бөлініп шығады. Ащы миндальды амигдалиннің мөлшері 2-8%, абрикос сүйектерінде 8%, шабдалыда 2-3%, қара өрікте 0,96%; олар ыдырағанда 5,6% синиль қышқылы түзіледі.

Уланудың жеңіл түрінде бас ауырып, жүрек айниды; ал ауыр түрінде адам дірілдеп, көгереді, есінен танады, тіпті өліп кетуі де мүмкін.
Жануарлар мен балықтардың улы ішкі мүшелері мен тіндерінен улану

Кейбір балықтардың қара уылдырығы уылдырық шашар кезде улы қасиетке ие болады. Орта Азия (Балқаш, Ыстық көл көлдері мен Амудария өзенінде, Арал теңізінде және т.б.) суларындағы маринка балығынан улану жағдайлары тіркелген.



Ауыр металдардың тұздарымен улану.

Ыдыстарды өз мақсаттарында пайдаланбаған жағдайда немесе ыдыс жасалған материал, қондырғылар мен құрылғылар гигиеналық талапқа сай болмаған жағдайда ауыр металдардың тұздары улы мөлшерде жинақталуы мүмкін. Өндіріс орындарынан шыққан улы металдар топырақ арқылы тағамдық азықтарға беріледі, олардың қатарына қорғасынды, мышьякты, мыс пен мырышты, фтор мен оловоны, сурьманы жатқызуға болады.

Бұл заттар отынды жаққанда, ауыл шаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар арқылы да қоршаған ортаға түседі. Ауыр металл тұздарының токсикалық әсері олардың мөлшері мен ағзадағы әсер ету механизміне байланысты. Улану көбіне жедел түрде өтеді және денсаулық жағдайының жергілікті немесе жалпы бұзылыстарымен сипатталады. Металдардың кейбір тұздары жинақталу қабілетіне ие, яғни ағзаға біртіндеп жиналып, созылмалы улануға әкеледі.
4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 18

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Табиғаты микробты емес тағамдық улануға уланудың қай түрі жатады?

  2. Жеуге жарамсыз азық-түліктермен жедел улану дегеніміз не?

  3. Уақытша улы қасиетке ие болған жеуге жарамды тағамдық азықтардан улану қалай жүреді?

  4. Тағамдық азықтардағы қоспалардан улану қалай жүреді?

11


  1. Тақырыбы: . Тамақтан улануларды алдын алу.

2) Мақсаты: Этиологиясы әртүрлі тағамдық уланудың алдын алу жолдарымен студенттерді таныстыру.

3) Дәріс тезистері: Токсикоинфекцияның алдын алу шараларын жүйелеп келесі 3 топқа бөлуге болады:

  1. Тағамдық азық-түліктерге жұқпалы ауру тудырушылардың түсуіне жол бермеу;

  2. Тағам мен азық-түліктерде микроағзалардың өсуіне жол бермейтін жағдайды тудыру;

  3. Тағамдық азықтардағы ауру тудырушыларды жою.

Стафилококкты токсикоздардың алдын алу шараларына тағамдық азықтарға қоздырғыштардың түсуіне жол бермеу, стафилококктардың дамуы мен энтеротоксиннің азық-түліктерге жинақталуына жол бермейтін жағдай жасау жатады.

Тағамдық азықтарда патогенді стафилококктардың өсуінің алдын алуға терінің, жоғарғы тыныс алу жолдарының іріңді қабынулары бар адамдарды дер кезінде анықтап, тағам дайындаудан уақытша аластатылады. Осы мақсатта тағам өндірісінде қол мен тері қабаттарын әрдайым қадағалап отырады. Жақыннан көргіштіктен зардап шегетін адамдар азық-түлікке қарай аса қатты еңкейетін болғандықтан кремді заттарды, дайын тағамдарды, шұжық өнімдерін т.б. дайындауға жіберілмейді.

Токсикоздардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың ішінде өндірістегі санитарлық тәртіп пен жеке бас гигиенасының ережелерін сақтауды жақсартуға (әсіресе дайын кулинарлық және кремдік өнімдерді дайындайтындар үшін), тағамдық уланудың алдын алу сұрақтары бойынша жүйелі түрде гигиеналық сабақтардың өткізілуіне аса зор мән беріледі. Стафилококкты токсикоздардың алдын алуда өндірістік үрдістерді механизациялау мен абаттандыру, санитарлық мәдениетті жоғары деңгейге көтерудің де маңызы зор. Тағамдық азықтарда энтеротоксиндердің пайда болуына жол бермейтіндей жағдай тудыру қажет: азық-түліктер мен дайын өнімдерді салқын жерде сақтау және сату мерзімін қатаң қадағалау.

Тағам өндірісінің барлық салаларында санитарлық-техникалық және сауықтыру шараларының жүргізілуіне байланысты өндірістік өнімдерді пайдалану нәтижесінде ботулизм өте сирек кездеседі. Тағамдық азықтарды салқындату мен мұздату – споралардың өсуі мен токсиндердің жинақталуына қарсы бағытталған ботулизммен күресудің негізгі шаралары. Тағамдық азықтарда ботулизм қоздырғышы дамуының алдын алуға бағытталған тиімді шараларға шикізатты тез өңдеу және балықтардың ішкі мүшелерін дер кезінде алып тастау жатады. Тағамды қалбырлау барысындағы зарарсыздандыру тәртібін қатаң сақтау ботулизм қоздырғышын толық жояды.

Зарарсыздандыруға жататын ісінген белгісі бар қалбырдағы өнімдер аса қауіпті деп есептеліп, зертханалық зерттеудің тексерілуінсіз сатуға жіберілмейді. Егер тағамда токсин бар деген күмән туса, 1000С температурада 1 сағат бойы қыздыру қажет.

Үй жағдайында тағамды қалбырлауда ботулизмнің алдын алу үшін тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жандандырып, азық-түліктерді дайындау ережелерімен таныстыру қажет. Үй жағдайында ет, балық, саңырауқұлақты консервілеу ұсынылмайды. Төмен қышқылдағы консервіленген өнімдерге сірке қышқылын қосқан жөн.

Біздің елімізде мемлекеттік масштабта тұрғындар денсаулығына зиянды әсер ететін пестицидтердің мөлшерін азайту жұмыстары жүргізілуде. ҚР-да пестицидтерді регламенттеу мен бақылау үшін санитарлық заңды құжат енгізілген.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттардың тізімі жыл сайын қайта қаралып, бекітіледі. Улылығы жоғары препараттар улылығы төмен заттармен алмастырылады. Мемлекеттік санитарлық қызмет өз тарапынан улы химикаттардың өндірісін, тасымалдануын, сақтауы мен қолданылуын қатаң бақылап отырады. Санитарлық-эпидемиологиялық стансаларда азық-түліктердегі улы химикаттардың қалдық деңгейін зертханада бақылау ұйымдастырылады. Әртүрлі азық-түліктердегі улы химикаттардың шектеулі рұқсат етілген мөлшері белгіленген.

Тағамдық азықтардағы пестицидтердің қалдық мөлшерінен арылту әдістері ұсынылады. Әсіресе халық көп тұтынатын, мысалы сүт, азық түліктерге зор көңіл бөлінеді. Сүтті қалдық пестицидтерден арылтудың тиімді әдісі-кептіру. Майсыз сүтті қоюлату және кептіру барысында пестицидтерді толығымен жоюға болады. Майлы сүтті кептіргенде пестицидтердің 20-30 пайызы жойылады. Сондықтан кез-келген азық-түліктің майлылығын азайтқан сайын, ондағы пестицидтің мөлшері де азаяды.

Қорытынды

Жоғарыда айтылғандарға орай тағам өндірісінде микробиологиялық бақылауды қатаң жүргізу керек деген қорытынды жасауға болады.


4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 16

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6) Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Токсикоинфекцияның алдын алу қалай жүргізіледі?

  2. Ботулизмнің алдын алу шаралары қандай?

  3. Стафилококкты интоксикацияның алдын алудың негізгі шаралары қандай?

  4. Микроб тексіз тағамдық уланудың алдын алудың негізгі шаралары қандай?

12
1) Тақырыбы: Ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтерге санитарлық – гигиеналық бақылау жүргізу.

2) Мақсаты: Азықтық дақылдарды өсіру барысында пестицидтерді қолдану регламентінің сақталуына санитарлық – гигиеналық бақылау жүргізуді үйрету.

3) Дәріс тезистері: Пестицидтер (ядохимикаттар) – ауыл шаруашылығында дақылды өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестері мен аурулардан қорғау үшін, сонымен қатар олардың өсуін, дәндер мен жемістерінің пісуін жылдамдату үшін және т.б. мақсаттарда қолданылатын улылық деңгейі әртүрлі синтетикалық, химиялық зат.

Пестицидтер қоршаған ортаға жағымсыз әсер тигізіп көптеген адамдарда созылмалы интоксикация тудыратын болғандықтан тағам гигиенасының оларға деген көзқарасы ерекше халықтың көп тұтынатын тағамдарының құрамы арқылы пестицидтер аз мөлшерде ұзақ уақыт бойы, ағзаға түседі, сандықтан балалар, егде және қарт адамдар, науқас, жүкті және бала емізетін әйелдердің тағамынан пестицидтер толық тазартылуы тиіс.

Қазіргі кездегі зерттеулер пестицидтердің тағам арқылы адам ағзасына түсуі ең негізгі жол екенін дәлелдеген. Осыған байланысты тағам гигиенасының мақсаты өсімдік өнімдерін, әсіресе жануар өнімдерін пестицидтерден қорғау үшін зерттеулер жүргізіп, іс-шаралар белгілеуі қажет, сонымен бірге созылмалы уланудың және пестицидтердің тұрғындардың денсаулығына жағымсыз әсеріне алдын алу шараларын белгілеу.

Пестицидтерді гигиеналық бағалау санитарлық – токсикалық тұрғыдан алғанда қауіпті пестицидтер төмендегі қасиеттердің бір немесе бірнешеуіне ие болады:



  1. улылығы аса жоғары препараттар (орташа өлім мөлшері 50 мг/кг төмен);

  2. қоршаған ортада аса тұрақты және суда, топырақта, азық-түліктерде ұзақ

уақыт сақталатын (мысалы ДДТ топырақта 10 жыл, кейде одан да ұзақ сақталады);

  1. метеорологиялық және басқа да факторлардың әсерінен препарат қоршаған ортада бөлініп, улылығы аса жоғары заттар түзетін;

  2. айқын кумулятивтік қасиетке ие; ағзада, кейбір тіндер мен жүйелерде жинақталып, айтарлықтай мөлшерге жетеді (мысалы, ДДТ-мен тікелей жанаспаған адамдардың май тіндеріндегі олардың мөлшері әрбір кг май міндерінде 5 мг, одан да көп болуы мүмкін);

  3. ағзада ұзақ уақыт сақталатын (мысалы, ДДТ-ның ағзаға түскен мөлшерінің бір бөлігі ағзада өмір бойы сақталады);

  4. жануарлардың сүті және бала емізетін ананың сүті арқылы берілетін;

  5. тұрақты майлы эмульсиялар түзіп, осы эмульсиямен жемістерді, өсімдіктерді өңдегенде оларды ұзақ уақыт сақталып, тағам арқылы ағзаға түсетін.

Гигиеналық тұрғыдан алғанда өз мақсатын орындап, қоршаған орта факторларының әсерінен компоненттерге ыдырайтын пестицидтерді қолданған жөн. Алайда ондай пестицидтерді қазір қолдану мүмкін болмай отыр. Сондықтан қазіргі кезде азық-түліктерде аз мөлшерде болса да қалдық күйінде кездесетін пестицидтер қолданылады. Жүргізілген зерттеулерден кейін көптеген азық-түліктердегі пестицидтердің қалдық мөлшеріне ШРЕК белгіленген.

Пестицидтердің тұрғындар денсаулығына жағымсыз әсерінің көрінісіне: 1) препараттың көп мөлшерде қысқа уақыт аралығында әсер етуінен өткір улану туындайды; 2) препараттың аз мөлшерде ұзақ уақыт бойы әсер етуінен созылмалы улану дамиды. Жедел улану өте сирек кездеседі, ол пестицидтерді қолданудағы ережелер өрескел бұзылғанда және пестицидтермен өңделген азық-түліктерді пайдалану ережесі бұзылғанда байқалады.

Бұл тұрғыдан алғанда тұқымдық бидайды пестицидпен өңдеу ережелерінің бұзылуы аса қауіпті. Ондай бидайды тағамдық мақсатта қолдануға болмайды.

Созылмалы улану құрамында пестицидтер ШРЕК аз ғана мөлшерде артық азық- түліктерді ұзақ уақыт пайдалану барысында дамиды.

Үш жағымсыз қасиетпен сипатталатын пестицидтер аса қауіпті деп саналады.


    1. қоршаған ортада өте тұрақты;

    2. кумулятивті қасиеті айқын;

    3. жануардың және ана сүті арқылы бөлінетін. Осы үш қасиетке ие пестицидтер қатарына хлорорганикалық пестицидтер жатады.

Пестицидтердің адам ағзасына патогендік әсері, жедел, жеделдеу, созылмалы уланудан басқа жанама және шеткері (отдаленный) салдары да болуы мүмкін: генетикалық әсері (эмбриотоксикалық, гонадотоксикалық, мутагенді және тератогенді әсерлер), иммунитеттің төмендеуі, аллергенді, бластомогенді және канцерогенді (қатерсіз және қатерлі ісік) әсерлер.

Пестицидтердің жіктелуі


Табиғаты және химиялық құрылымына байланысты

Улылық дәрежесі бойынша

Қолдану мақсатына байланысты

1. Хлорорганикалық препараттар (ДДТ, гексахлорин, ДДТ-2, 4-Д, гептахлор және т.б.)

2. Фосфорорганикалық препараттар (метафос, хлорофос, карбофос, тиофос және т.б.)

3. Сынапорганикалық қосындылар (гранозан, меркуран және т.б.)

4. Карбоматтар – карбамин қышқылдарының қосындылары (севин, цинеб, цирам және т.б)

5. Басқа да органикалық қосындылар (динитрофенол, күкірттің органикалық қосындылары және т.б.)

6. Бейорганикалық қосындылар (натрий, кальций арсениті, мырыш фосфиді және т.б.)



1. Улылығы аса жоғары препараттар-орташа өлім мөлшері (DL50) 50 мг/кг-нан төмен

2. Улы – орташа өлім мөлшері (DL50) 50-200мг/кг

3. Улылығы орташа – орташа өлім мөлшері (DL50) 200-1000кг/мг

4. Улылығы төмен – орташа өлім мөлшері (DL50) 1000 мг/кг-нан жоғары



1. Инсектицидтер – жәндіктерді жою үшін;

2. Акарицидтер – кенелерді жою үшін;

3. Нематоцидтер – жұмыр құрттарды жою үшін;

4. Лимоцидтер – моллюскаларды жою үшін;

5. Зооцидтер – зиянды кеміргіштерді жою үшін;

6. Фунгицидтер – саңырауқұлақтарды жою үшін;

7. Бактерицидтер - өсімдіктердегі бактериалды ауру тудыратын қоздырғыштарды жою үшін;

8. Гербицидтер – жабайы өсімдіктерді жою үшін;

9. Дефолианттар – жапырақтарды жою үшін;

10. Дефлоранттар – гүлдерді жою үшін;

11. Фумиганттар – қоймаларда бидайды сақтау үшін;

12. Аттрактанттар – жәндіктердің назарын аудару үшін;

13. Репелленттер – жәндіктерді үркітуге арналған.




4) Иллюстрациялы материалдар: слайдтар- 15, кесте - 1

5) Әдебиет:

1. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. Тағам гигиенасы. Оқулық.-Шымкент,2009.-300бет.

2. П.Терехин., С.В.Ахметова, Г.Н.Талиева. Емдік тамақтану (оқу-әдістемелік құрал). Қарағанды.-2006.-276 бет.

3. Ахметов М. Тағам гигиенасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі: -Алматы: Сөздік. Словарь, 1998 -240 бет.

4. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитарлық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативтік-әдістемелік құжаттар.

6)Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):


  1. Пестицидтер дегеніміз не?

  2. Пестицидтердің негізгі қасиеттері қандай?

  3. Қандай пестицидтер ағза үшін аса қауіпті?

  4. Пестицидтердің адам ағзасына әсері қандай?

13


1) Тақырыбы: Тамақтық азық – түліктердің қазіргі уақытта биотехнологияның гигиеналық проблемалары.

2) Мақсаты: Тағам өндірісіндегі биотехнологияның негізгі бағыттарымен студенттерді таныстыру.

3) Дәріс тезистері: Микроағзалар, өсімдік жасушаларының дақылдары – синтетикалық азық-түліктерден өзінің «табиғылығымен» ерекшеленетін тағамдық қоспалар. Болашақта кулинар тағамға биореакторларда өсімдік жасушаларынан алынған жүзім немесе бүлдіргенді, сарымсақ майы мен жалбызды қоса алады.

Соңғы кездері қант диабетімен ауыратындар үшін қауіпсіз, калориясы төмен сахарозаны алмастыратын заттардың маңызы артып келеді.

Кейбір азық-түліктерге аспарагин қышқылымен қосылып, тәтті мен қышқыл дәм беретін глицинді қосады.

Тағам өндірісі өте тәтті аспартам дипептидін, әсіресе тәттілігі сахарозадан 10000 есе артық таутамин мен монеллиннің пептидтерін қолдануды жоспарлап отыр. Мультимер түріндегі аспартам Е.Coli мутанттарынан гендік инженерияның көмегімен алынған. Соңғы кезде таутамин гені де клондалған.

Тағам өндірісінде ферменттердің де маңызы зор. Олардың көмегімен шырындарды мөлдірлендіреді, лактозсыз (диеталық) сүт өнімдерді, етті жұмсартады. Азық – түліктің тағамдық құндылығын арттыру үшін дәрумендер мен амин қышқылдарын қосады. Жоғарғы продуцентті микробтардың көмегімен гендік инженерияның әдістері арқылы көптеген аминқышқылдарын өндіруге болады.

Е.Coli гендік инженерия штампы L – треонинді 40 сағат ішінде 30г/л өсіреді. Биотехнологияның маңызды аспекті - өндірістік микроағзалардың штаммын жақсарту.

Бір жасушалардың биомассасы болашақта тағамдық қоспа ретінде пайдалануы мүмкін.

Тағамға қосатын ақуызды алу үрдісі азықтық ақуыз өндірісімен бірдей, бірақ рұқсат етілетін субстрактар шектеулі және биомассаның құрамына қоятын талап та өте жоғары. Тағамдық биомассаның құрамында амин қышқылдық құрамы теңдестірілген 80 пайыздан кем емес ақуыз, 2 пайыздан көп емес нуклеин қышқылдары және 1 пайыз липидтер болуы тиіс. Тағамдық препараттар биомассасы токсикологиялық және медикобиологиялық зерттеулерден мұқият тексеріліп, клиникалық зерттеулерден өтуі тиіс.

Европа мен Жапония елдеріндегі «микробтық тағам» өндірісінің психологиялық кедергіге ұшырау себебі интоксикация қатеріне ұшырау ғана емес, «болашақ тағамының» дәмдік қасиетінің де күмәнді болуынан. Бактериалды биомасса үлгісінің дәмін көрген тағамтану сарапшысы: «Адамдарға арналған жаңа тағам барлық қасиетке ие, яғни иісі, дәмі, құрылымы, түсі жоқ» деген.

Бір жасушалардың ақуызы қолданысқа түсетін ғасырда биотехнология өсімдік және микробтар жасушаларының потенциалын тағамның дәмдік қасиеті мен иісін, құрылымын жақсартады деп үміттенуге болады.

Саңырауқұлақтарды, ционобактерияларды, жасыл балдырларды өсіру перспективті деп саналады. Адам үшін картоп және бидай крахмалының көзі болып табылатын Fusarium талшықты массасын Ranr Hovis Me. Douqall компаниясы өндіреді.

Биотехнологияның бүгінгі кездегі потенциалы өте үлкен. Белгілі бір шекарада болса да олар «өмір жібін» жаңадан түзеді, адамзаттың игілігі үшін алдын ала дайындалған параметрлер арқылы бионысандар, генетикалық және жасушалар инженериясын ДНК әдістері арқылы құрайды.

Әрқашан игілік үшін бе? Жоғарыда айтылғандардан белгілі болғандай, әр түрлі бағытта жинақталған қазіргі кездегі биотехнологияның потенциалы – бұл екіжүзді қылыш ХХ ғасырда қалыптасқан ғылыми – техникалы0 өркениеттің басқа да салалары тәрізді тек пайда ғана емес, бақылаусыз, абайсызда немесе арампиғылда пайдалану зиянды әсер етеді. Көзге көрінбейтін ауру тудыратын «гендік монстрлардың» жұғу қаупінің жоғарлауын, арам шөптердің басқа түрлерінің пайда болуын, тіпті алдын ала дайындалған бағдарламалар бойынша «стандартты адамдардың» жойылуын адамдар гендік инженерия әдістерінің кең таралуынан деп түсінеді. Биотехнология дамуының потенциалды қаупін көбейтуге немесе азайтуға да болмайды, ол ғылыми-техникалық қана емес, этникалық және әлеуметтік – саяси факторлармен де анықталады.

Биотехнология «контрастар әлемі» деп саналады, мұнда ғылыми – техникалық прогресстің ең алдыңғы қатарлы жетістіктерін өткен жылдарға қарай отырып, химиялық индустрияның орнын адамзатқа пайдалы тірі табиғат ресурстарын пайдалану көзделіп отыр.

Биотехнологияға оның дамуы үшін қажетті қаржы, шикізат пен кадр мәселелерінің контрастылығы да тән. Мысалы, қомақты қаржыны, үлкен ғылыми ұжымдарды, инженерлік – техникалық және басқару кадрларын, қымбат шикізат пен құралдарды (гендік инженерлік өңдеу, автоматты басқару жүйесін қолданатын биотехнологиялық үрдістер) қажет ететін биотехнологиялық өңдеулер бар. Оларды «үлкен биотехнология» деп атайды. Оларға қарсы тұратын «кіші биотехнология» (биогазды алу, бөгендерде микробалдырларды өсіру) көп жағдайда арзан энергия көзі мен шикізатты, аз қаржы мен еңбек шығыны тән.

Қазіргі кездегі биотехнологияның бар бағыты әр саланы қаржыландыратын жеке адамға емес, жалпы адамзатқа қызмет етуге бағытталуы тиіс.

Дамушы елдер « қолтаңбасы көтермесе де» «үлкен биотехнологияға» мүмкіндік алуы қажет. Малерияға қарсы гендік – инженерлік вакцина жылына миллионнан аса балалар қайтыс болатын Африка елдері үшін аса қажет. Бірақ дамушы Африка елдері гендік-инженерлік вакцинаны өндіруді қаржыландыра ала ма? Ол үшін барлық мемлекеттер бірігіп, биотехнологияны күшейту үшін халықаралық бірлестіктер құру қажет.

Биотехнология – ғылымның әр саласының ғылыми – техникалық жетістігі. Теориялық тұрғыдан гетерогенді, ол бір ғана нысанды зерттеп қана қоймай, кешенді проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс. Олардың біріне мысалы қант құрағын (қызылшасын) арзан заттармен алмастыруға жатады.

Биотехнологтар өз ісінде ғылымның салаларын қамтиды: микроағзаларды өсіру үшін микробиологиялық әдіс, глюкоизомеразаны алу үшін биохимия әдісі, полимерлерді алу үшін органикалық синтез, ферменттер жүйесінің параметрлерін реттеу үшін физикалық – химиялық есептеулер қолданылады. Глюкоизомераза биосинтезінің эффективтілігін жоғарылату үшін гендік және жасушалық инженерияның әдістерін қолдануға болады.

Биотехнологиялық өңдеудің шешімін күткен сұрақтардың ауқымы өте үлкен. Алайда олардың көпшілігі глобальды өзекті мәселелермен тікелей немесе жанама байланысты қоршаған ортаның ластануы, экологиялық тоқырау; пайдалы қазбалар қорының азаюы, бірінші кезекте энергия көзінің азаюы, әлемдік энергетикалық тоқырау қаупінің тууы; азық түліктің жетіспеуі, әсіресе дамушы елдерде айқын байқалады.

«Биология» мен «биотехнология» сөздері бір-бірімен»биотехнология» сөзіндегі «техно» сөзімен ғана ажыратылады. Биология да, биотехнология да тірі нысандармен жұмыс жүргізеді, бірақ олардың тірі ағзаларға деген көзқарасы әртүрлі. Биотехнолог тірі ағзаларға тек қызығушылықпен ғана қарамайды, ол керісінше тірі нысандарды адамға қажетті азық – түліктерді өндіру үшін жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Биотехнологияның өркендеуін алдын ала болжаған Дж.Б.СХолдейн 1929 жылы «Химиялық қоспалар дайындау үшін еңбек етудің қажеті не, егер біз үшін оны микроб істейтін болса» деген болатын.

Қазіргі таңдағы биотехнологияда тірі ағзаларды өндіріске қажетті материал деп қарастыруға болады; мысалы органикалық қосылыстарды биологиялық трансформациалауда микроағзалар химиялық реагент ролін атқарады. Инженерлік энзимологияға байланысты стандартты «шынжырланған күңдерге» метафорасының тірі нысандарға айтылуы да тегін емес. Соған байланысты біріңғай тірі ағзалар жүйесін рангі бойынша төмендетіп, реагенттер, датчиктер, реле, компьютер детальдары мен өндірістің модернизацияланған басқа да жабдықтарына айналдырып отыр.

Қазіргі кезде биотехнологияның бұл тенденциясының философиялық қана емес, тәжірибелік те маңызы зор.

Биотехнологияға байланысты басқа да тенденция бар. Оны жақтаушылар бионысандағы жасушалар өміршеңді үрдістерін, реттеу жүйесіне «түсіністікпен» қарайды. Бұл ойды журналистер мен биотехнологияны насихаттаушы Фишлок «Биотехнологиялық бизнес» кітабының алғы сөзінде жеңіл әзіл түрінде былай деп білдірген: «Микробтар микробиолог, генетик және инженерлерге қарағанда анағұрлым ақылды және қабілетті». Сөз биотехнологиядағы бионысандардың рангін жоғарлату жайлы.

Биотехнологияның бионысандарға деген ерекше көзқарасы оны басқа ғылыми нысандардың арасында ерекшелендіреді. Биотехнология – ХХІ ғасырдың қарқынды дамуынан туындалған. Ол адамзаттың алдында жаңа көкжиектерді ашады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет