Аккузова айнур абдыжалиловна


келтіріп, балаларының тыныш та тәтті тұрмыстарын тіледі



Pdf көрінісі
бет40/85
Дата03.12.2022
өлшемі2.11 Mb.
#466350
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85
дулат исабеков

келтіріп, балаларының тыныш та тәтті тұрмыстарын тіледі. Бірақ енді 
бір жыл өткен соң толқынсыз көлге тас лақтырылғандай әдемі тұрмыстың 
іргесі шайқатылып кетті» [93, 24 б.]. 
Д.Исабеков шығармаларында қолданылатын "Алла", "Әупірім тәңір", 
"Жасаған", "Құдай", "Тәңір" теонимдерінің арасалмағы біршама ерекшеленеді, 
оны төмендегі диаграммадан көруге болады.
1-сурет – Теонимдердің жұмсалу жиілігі 
Жалпы тіл мен дін – халық танымында бір-бірімен тығыз байланысты 
ұғымдар. Діни лексика – қазақ тілінің ажырамас құрамдас бөлігі. Д. Исабеков 
шығармаларында араб-парсы лексикалық қабатына жататын Алла, Құдай, 
шайтан, ораза, азан, ауызашар, әзірейіл, періште, молда, намаз, әумин, құран, 
иман, мола, әруақ, айт, бісміллә, дұға, құптан, жайнамаз сияқты діни ұғымдар 
кейіпкерлер тілінде кең көрініс тауып отырады. Оқырман бұдан кейіпкердің 
наным-сенімін, дінге деген көзқарасын аңғарады. Мұндай атаулардың 
семантикалық сипаты лингвистикалық тұрғыдан гөрі философиялық мәнге ие 
болады. Жазушының «Ақырамаштан наурызға дейін» әңгімесінде Кемпірбай 
ақсақалға Киевте оқып жүрген баласының «ауызашар» рәсіміне деп салып 
жіберген сәлемдемесінің уақытында жеткізілмеуі ақсақал мен ауыл 
пошташысының арасындағы кішігірім дауға себеп болады. Шығармада «ораза 
айы», «ауызашар» секілді ұғымдардың қолданылуы және шығарма оқиғасының 
дәл осы діни жоралғыдан басталуы халық дүниетанымындағы ислам дінінің 
мән-маңызын ашып көрсеткендей. Осы сияқты діни ұғымдар «Тіршілік» 
повесінде де жиі ұшырасып отырады. Автор кейіпкер бейнесін шынайы 
сомдауда, оның эмоциясын дәл жеткізуде «Құдай-ау!», «Астапыралла!», «О 
13%
2%
1%
82%
2%
"Алла", "Әупірім тәңір", "Жасаған", "Құдай", "Тәңір" сөздерінің 
кездесу жиілігі
Алла 
Әупірім тәңір 
Жасаған 
Құдай 
Тәңір


77 
тоба!», т.б. сөз оралымдарын орынды қолданып отырған. Мысалы, «Қолына не 
түсер екен, құдай-ай!...», «Құдай-ау, не дейді мынау, не боп кеткен дүние». 
Тағы бір айта кетерлік жайт, бұл детальдардан жазушының діни ұғымдарды 
пайдалануда ерекше шеберлік танытқаны және оның бұл тақырыптағы аялық 
білімінің молдығы да айқын аңғарылады. Бұл сөзімізге мына сөйлемдердегі 
авторлық теңеулер дәлел бола алады: «Қыжымкүлдің жасы он алтыға толған 
соң-ақ Меккеге ағылған мұсылмандардай айттырып келушілер қыз әкесінің 
миын сасытты», «Ораза, намаз 

 тоқтықта» дегендей, басына бәле тумаған 
мәмірежай шақта далаға шығудан жүрексініп шөптің басы оқыс сыбдыр 
етсе, үйге кеп суық су ұрттайтын үркек те нәзік қыз ауылдан төрт-бес 
шақырымдай меңіреу далада қорқыныш дегенді мүлдем ұмытып, бағыт-
бағдарсыз бет алды қаңғи берді» («Тіршілік») [116, 336 б.].
Әрбір күнге, әрбір іске құдайға алғыс білдіру әрбір адамның міндеті ғой. 
Сол міндетті сезіне білген қазақтың кейпін жазушы Д. Исабеков те 
шығармаларында кейіпкерлері арқылы керемет таныта білген. Келесі мәтін де 
соған айғақ болады: «Осы кезде алыстағы үйдің есігі ашылып іштегі шам 
жарығымен әлдеқалай бір әйелдің есік тұтқасынан ұстап, делдиіп тұрғаны 
көрінді. Молдабай әлдене күткендей солай қарай еңсесін көтеріп қадала қалды.

 Қайнаға-ау, қайнаға

 деп айғай салды әлгі әйел.

Уа, не мен мұндамын

деп Молдабай орнынан ұшып тұрып, солай 
қарай жүрді. Қасындағы Қарекеңді ұмытып кеткен секілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет