78
2-сурет – Салт-дәстүрге байланысты рухани-мәдени лексиканың
қолданыстық жиілігі
Д. Исабеков халықтың кәсібіне, дүниеге көзқарасына, танымына
байланысты туған дәстүрлердің символдық сипатын өз шығармаларында шебер
ашып көрсете білген. Қазақтың «сүйінші сұрау», «көрімдік беру»
сынды
дәстүрлері атадан балаға мирас болып келеді. Бұл сөздер әрбір қазақи тәрбие
көрген қазақтың тілдік қорында бар. Көркем шығарма тілінде ғана емес,
күнделікті
тұрмыс-тіршілікте
де
салт-дәстүрімізге
қатысты
атаулар
коммуникативтік жағдаятқа сай ауыспалы мағынада қолданылып жатады.
Жазушы сондай үдерісті де оқиға желісінде кейіпкер сөзінде қолданған:
«Осы
кезде оның қалай ұрғанын білмеймін, өткір шапалақ жағымды ду еткізді. Мен
бетімді ұстап отырып қалдым. – Басқа біреу болғанда тиісті сыбағасын
алатын еді, саған ғана жеңіл жаза қолданып отырмын, екінші есіңде болсын,
деді ол темекісінің тұқылын қара қошқыл топыраққа көміп жатып» [93,
11 б.]
.
Сыбаға – қазақтың дәстүрінде құрметті
қонаққа немесе жақын-жуыққа
арнап сақталған кәделі ет мүшелері, тағам. Жазушы
сыбаға сөзін ауыспалы
мағынада қолданып отырып, қазақтың салт-дәстүрден кенде емес екендігін
танытқан. Жазушының қай туындысын алып қарасақ та, қарапайым қазақи
өмірден алыс кетпеген. Қазақтықты сақтап тұратын осы салт-дәстүрлер екені
тағы хақ. Қуанышты хабарды айтуда адресат адресанттан сүйінші, яғни сыйлық
сұрайды. Ал «жаңа туған балаға, жас келінге, жаңа туған төлге және тағы басқа
алғаш көрген сәтте «көрімдік сұрау» халықтың ежелгі дәстүрі. Мұның маңызы
алып-беруде ғана емес, жақын-туыстың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын
да танытудың белгісі ретінде қаралады». Мысалы:
«Көзі ілініп кеткен екен.
Әлдекімнің терезені асығыс тақылдатқанынан оянды.
Бұ қайсың?
Әй, Қалампыр, сүйінші, сүйінші!
деді сырттағы дауыс. Оның
бағанағы Қатира екенін бірден таныды.
Сүйіншің қойныңда? Не болды?
Достарыңызбен бөлісу: