«Қала маңындағы тасымал» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге тараптар деп аталатын, «Қала маңындағы тасымал»



бет5/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#131249
1   2   3   4   5   6

3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар Ќазаќстан Республикасының заңамасына сәйкес жауапты болады.
4. Тойтарылмас күш жағдайлары
4.1. Егер оларды орындау, тілсіз қияпат, әскери қимылдар, ереуілдер, мемлекеттік органдардың актілері және т.б. секілді тойтарылмас күш жағдайларының салдары болып Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей ықпал еткен жағдайда, Шарт бойынша міндеттерді орындамағаны үшін Тараптар жауапты болмайды.

4.2. Тойтарылмас күш жағдайларының пайда болу себебінен Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындай алмайтын Тарап басқа Тарапқа тойтарылмас күш жағдайларының басталуы/аяқталуы туралы, бірақ олардың басталуы/аяқталуынан кейін 3 (үш) күннен қалмай дереу жазбаша нысанда хабарлауы, сондай-ақ осындай жағдайлардың басталуы және аяқталу фактісін растайтын құжаттарды беруі керек.


5. Шарттың қолданылу мерзімі
5.1. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзім ішінде қолданылады.

6. Қорытынды шарттар
6.1. Осы Шарт бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері Шарт Тараптарының жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

6.2. Осы Шарттың жағдайлары әр үшінші Тарапқа құпия болып табылады.

6.3. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптар қол қойған жағдайда ғана жарамды болады.

6.4. Осы Шартпен байланысты және одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.

6.5. Осы шарт қазақ және орыс тілдерінде, бірдей заңды күші бар, екі сәйкес келетін данада, әр Тарап үшін бір данадан жасалған.
7. Тараптардың мекен-жайлары және қолдары

Жұмыс беруші: Қызметкер:

(орналасқан мекен-жайы, қолы, мөр) (тұрғылықты мекен-жайы, қолы, мөр)



"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға

арналған ұжымдық шарттың

8-қосымшасы





Кәсіптік одақ органының уәждемелік пікір

беру тәртібі
Жұмыс беруші кәсіподақ органына Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша кәсіподақ мүшесімен еңбек шартын бұзу, сондай-ақ Еңбек кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату оқиғасы бойынша уәждемелік пікір беру туралы қажет құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш береді.

Кәсіподақ органы өтінішті тіркейді, отырыс күнін белгілейді. Өтініш жеті жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Кәсіподақ органының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысатын болса, заңды деп саналады.

Өтініш Жұмыс беруші өкілінің және өзіне қатысты материалдар берілген қызметкердің – кәсіподақ мүшесінің қатысуымен қаралады.

Қызметкер кәсіподақ органының отырысына дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда мәселе қаралмайды.

Шешім көпшілік дауыспен қабылданады.

Кәсіподақ органының қаулысына қатысып отырған мүшелер қол қояды.

Хаттамадан алынған үзінді көшірмеге кәсіподақ органының төрағасы қол қояды және шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде Жұмыс берушінің өкіліне ұсыну үшін қызметкерге беріледі.

_______________________________

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған

ұжымдық шарттың

9-қосымшасы



Аттестация өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аттестация өткізу ережелері «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) қызметкерлерін аттестаттау тәртібі мен шарттарын белгілейді.

2. Аттестация:

қызметкерлердің кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілетін, олардың өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерін орындау қабілеттерін анықтау;

қызметкерлер біліктілігінің өздерінің лауазымдарына сәйкестігін қамтамасыз ету, қызметкерлерді олардың лауазымдарына Қоғам қоятын біліктілік талаптары туралы хабардар ету;

персоналды оқыту және дамыту қажеттілігін анықтау;

тікелей басшылардың қызметкерлерін оқыту және дамытудың жеке және топтық жоспарларын, өзін-өзі дамыту жөніндегі ұсыныстарды жасауы.

3. Аттестациядан өтуге Қоғам басшылығы, жүкті әйелдер, жұмысқа белгілі мерзімге қабылданған қызметкерлер жатпайды.

Қызметкерлер уәкілетті орган бекіткен Теміржол көлігі қызметтерлерінің лауазымдар (кәсіптер) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес Қоғамда үздіксіз жұмыс істеген әр үш жылдан кейін аттестациядан өтеді.

Жұмысқа жаңадан қабылданған (лауазымға тағайындалған) қызметкерлер жұмысқа қабылданған күннен бастап кем дегенде алты айдан кейін алғашқы аттестациядан өтеді. Қызметкердің функционалды міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқтыратын лауазым атауының өзгеруіне және Қоғамның ұйымдық құрылымының өзгеруіне байланысты қызметкерлердің жұмыс орны ауысқан немесе ауыстырылған жағдайда қызметкерлер аттестациядан тиісті бұйрық шыққаннан кейін кем дегенде алты айдан соң өтеді. Бала күтімі демалысынан шыққан, сондай-ақ 2 ай қатарынан еңбекке жарамсыз болған қызметкерлер егер науқасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты 2 айдан артық мерзім белгіленетін науқастар тізбесіне енген болса, жұмысқа шыққаннан кейін алты ай өткен соң ғана аттестациядан өтеді.

Қоғамның ұйымдастыру құрылымының өзгеруіне байланысты қызметкерлердің жұмыс орны ауысқан немесе ауыстырылған жағдайда лауазым атауының өзгеруі функционалды міндеттерінің өзгеруіне әкеп соқтырмайтын болса, онда қызметкерлер жалпы негізде аттестациядан өтеді.

Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде темір жол көлігі қауіпсіздігінің бұзылуы орын алған жағдайда, осы жағдайға қатысы бар қызметкерлерді аттестациядан өткізу мерзімінен бұрын (кезектен тыс) өткізілуі мүмкін, бұл кезде қызметкер аттестацияға дейін 10 (он) күнтізбелік күн бұрын хабардар етілуі тиіс.

4. Аттестация келесі жүйелі кезеңдерден тұрады:

1) аттестация өткізуге дайындық;

2) қызметкерлерді тестілеу;

3) аттестация комиссиясын өткізетін қызметкермен сұхбаттасу;

4) аттестация комиссиясының шешімін шығару.


2. Аттестация өткізуге дайындықты ұйымдастыру
5. Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлері мен филиалдарының басшыларын аттестация өткізуге дайындықты Президенттің, Вице-президенттердің тапсырмасы бойынша Кадрлық жұмысты ұйымдастыру басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) ұйымдастырады.

Қоғам филиалдарының қызметкерлерін (тіркелген штатты) аттестациядан өткізу дайындығын филиал директорларының тапсырмалары бойынша филиалдардың кадрлық қызметтері ұйымдастырады.

Басқарма төрағасы (Президентінің), вице-президенттердің, атқарушы директорлардың, Бас инженердің тапсырмасы бойынша Кадрлық жұмысты ұйымдастыру басқармасы қаржы-экономикалық блок, заң, кадр және бухгалтерлік қызмет қызметкерлерін және т. б. аттестацияға дайындау және оны өткізу ұйымдастырылады.

6. Аттестация өткізуге дайындық келесі іс-шаралардан тұрады:

Аттестациялаудың қажетті құжаттарын (аттестациялық парақтар бланкілерін, тест бланкілерін, бағалау, өзін-өзі бағалау бланкілерін) дайындау;

аттестация өткізу мерзімдерін белгілеу және оны өткізу графигін әзірлеу;

аттестация комиссиясы құрамы бойынша ұсыныстар енгізу;

аттестация өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;

Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне аттестация өткізуге байланысты ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету.

7. Қоғам Президенті, Вице-президенттері, филиал директорлары:



      1. Аттестациядан өтетін қызметкерлердің тізімдері;

2) аттестация комиссиясының құрамы;

3) ұсыныстық сипаттағы тестілеудің төменгі шекті балы бекітілетін бұйрыққа қол қояды;

4) аттестацияны өткізу күні мен орны көрсетілген аттестация өткізу графигі.

8. Болатын аттестация туралы аттестацияға дейін қалған екі апталық мерзімде:

орталық аппаратта – қатысты құрылымдық бөлімше басшылары Басқармамен;

филиалдарда – қатысты қызметкерлер филиал басшыларымен хабардар етіледі.

Хабарламада: аттестация өткізу мерзімдері, оларды білуі бойынша тестілеу өткізілетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік-техникалық актілерінің және жұмыс берушінің актілерінің тізбесі көрсетіледі.
3. Аттестациялық комиссия
9. Аттестация комиссиясы комиссия төрағасы мен оның орынбасарын қоса алғанда кемінде 7 адамнан тұрады.

Аттестация комиссиясының төрағасы болып: Өндіріс жөніндегі вице-президент, Қаржы және экономика жөніндегі вице-президент, атқарушы директорлар (жетекшілік етуі бойынша), Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының басшылары тағайындалады. Аттестация комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның міндетін аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

Аттестация комиссиясы құрамына: Қоғамның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің (лауазымы бөлім бастығынан төмен емес), Қоғам филиалдарының (лауазымы бөлім бастығынан төмен емес) қызметкерлері, сондай-ақ кәсіподақтың, Қоғам филиалдарының кадрлық кызметтерінің, Қоғам филиалдарының заң қызметтерінің өкілдері кіреді. Қоғам филиалдарының басшыларын аттестациядан өткізу кезінде аттестация комиссиясының құрамына тиісті филиалдарға жетекшілік ететін вице-президенттер, атқарушы директорлар енгізіледі.

Аттестация комиссиясының хатшысы Басқарманың немесе Қоғам филиалдарының кадрлық кызметтерінің қызметкерлері арасынан белгіленеді және ол аттестация комиссиясының мүшесі болмайды.

10. Аттестация комиссиясының мүшелері аттестациядан жалпы негізде өтеді және өздеріне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

Аттестация комиссиясының отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса құқылы деп саналады. Аттестация комиссиясының аттестацияланатынның бағасы туралы қорытынды шешімі ашық дауыспен, аттестация комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестация комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

11. Аттестация комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді, оған аттестация комиссиясының төрағасы және/немесе төрағасының орынбасары, қатысып отырған мүшелері мен хатшысы қол қояды.

12. Аттестация комиссиясы хатшысының міндетіне аттестация комиссиясының отырыстарын дайындау, аттестация парағына аттестацияланатын қызметкерлердің өмірбаяндық деректерін толтыру, отырыстардың хаттамаларын жүргізу және аттестация парағын ресімдеу (1-қосымша), қажетті құжаттаманы Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне дер кезінде жіберу кіреді.

13. Қоғамда бірнеше аттестация комиссиясы құрылуы мүмкін.

Лауазымдық міндеттеріне экономикалық-қаржылық функцияларды орындау кіретін Қоғам филиалдарының қызметкерлері аттестацияны «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ экономикалық-қаржылық блогы немесе Персоналды басқару департаменті қызметкерлерінің міндетті қатысуымен құрылған аттестация комиссиясында өтеді.

Аттестация комиссиясы төрағасының немесе төрағасы орынбасарының шешімімен аттестация комиссиясының отырысына аттестациядан өтетін қызметкерлерге жетекшілік ететін басшылар шақырылуы мүмкін.
4. Аттестация өткізу
14. Қоғамның орталық аппаратының қызметкерлері мен филиалдарының басшыларын тестілеуді Басқарма өткізеді.

Филиалдардың қызметкерлерін, соның ішінде Қоғамның тіркелген штатының қызметкерлерін тестілеуді Басқарманың ұйымдастыру-әдістемелік көмегімен филиалдардың кадрлық қызметтері өткізеді.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік-техникалық актілерді және жұмыс берушінің актілерін білуге арналған тестілік сұрақтарды Қоғамның құрылымдық бөлімшелері әзірлейді, олардың басшылары әзірленген тестілердің мазмұны мен құпиялылығы үшін жауапты болады.

Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, нормативтік-техникалық актілерді және жұмыс берушінің актілерін білуге арналған тестілік сұрақтарды көрсетілетін қызметтерін Қоғам заңнамамен белгіленген тәртіппен сатып алатын мамандандырылған ұйымдар әзірлеуі мүмкін.

Тест тапсырмасындағы сұрақтар саны мен қызметкерге тест тапсыруға берілетін уақыт аттестация комиссиясының шешімімен ұйымдастырушылық отырысында бекітіледі.

15. Аттестация өткізу кезінде келесі әдістер қолданылады:

тізбедегі (4-қосымша) және осы Ережелердің 7-тармағында көрсетілген хабарламадағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жұмыс берушінің актілерін білуге тестілеу;

аттестациядан өтетін қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісін толтыру арқылы аттестацияланатын қызметкердің өзін-өзі бағалауы (2-қосымша);

аттестациядан өтетін қызметкердің тікелей басшысының бағалауы (3-қосымша).

16. Өткізілген тестілеу нәтижелері бойынша қорытынды бағаларды аттестация комиссиясының хатшысы аттестация парағына енгізеді.

Тестілеу компьютерде және қағаз тасымалдағыштарда өткізілуі мүмкін.

Тестілеуден өткен күні аттестациядан өтетін қызметкер мен Басқарманың, филиалдың кадрлық қызметінің қызметкері тестілеу нәтижелері туралы анықтамаға қол қояды.

Тестілеу нәтижелері төменгі шектен төмен болмаған қыметкерлер, қайта аттестациялау кезінде тест тапсырмайды.

Тестілеу нәтижелері төменгі шектен төмен болған қыметкерлер, қайта аттестациялау кезінде қайтадан тест тапсырады.

17. Аттестациядан өтетін қызметкерлердің өзін-өзі бағалау бланкісі, аттестациядан өтетін қызметкердің тікелей басшысының бағалау бланкісі Қоғамның орталық аппараты мен филиалдары үшін қолданылады.

18. Аттестациядан өтетін тікелей басшысы аттестациядан өтетін қызметкердің тікелей басшысының бағалау бланкісін толтырады. Бағалау бланкісінде қызметкердің аттестациядан өтетін уақыт кезеңіндегі қызметінің объективті бағасы, оның жетістіктері мен кәсіби дамуына шолу болуы тиіс. Тікелей басшының шеткі бағаларды қоюы осы бағаларды негіздейтін жазбаша түсініктемелер мен мысалдардың міндетті түрде болуын қарастырады.

19. Тестілеу үшін жауаптылар аттестациядан өтетін қызметкерлерді аттестация комиссиясының отырысы басталғанға дейін оларды өздерінің тікелей басшысының бағалау бланкісімен және тестілеу нәтижелерімен таныстыруы тиіс.

20. Аттестация комиссиясының хатшысы аттестация комиссиясы отырысының алдында келесі құжаттарды дайындауы тиіс:

тестілеу нәтижелерін;

аттестациядан өтетін қызметкер толтырған өзін-өзі бағалау бланкісін;

аттестациядан өтетін қызметкердің тікелей басшысы толтырған бағалау бланкісін;

аттестация парағын (екі дана);

аттестация комиссиясы отырысы хаттамасының бланкісін;

белгіленген тәртіппен бекітілген қызметкердің лауазымдық нұсқаулығын.

21. Осы Ережелердің 22-тармағында көрсетілген шешімді қабылдау үшін, аттестация комиссиясы тестілеу қорытындысына қарамастан қызметкерлермен сұхбаттасу өткізеді.

22. Аттестация комиссиясы тестілеудің және сұхбаттасудың қорытындысы негізінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

алып отырған лауазымына лайықты;

қайталап аттестациядан өтеді;

алып отырған лауазымына лайықты емес.

Аттестация комиссиясының тестілеу мен сұхбаттасу нәтижелері бойынша шешім қабылдаумен қатар қызметкерге біліктілігін артыруға, тиісті білім алуына ұсыныс жасауына құқығы бар.

23. Лауазымдарға (кәсіптерге) қойылатын біліктілік талаптарын уәкілеттік орган қызметкерді жұмысқа қабылданғаннан кейін қабылдаған және/немесе өзгерткен болса, және де аттестациядан өтетін қызметкер тестілеу нәтижелері бойынша төменгі шектен артық балл алған, сондай-ақ оның теміржол саласындағы еңбек өтілі үш жылдан артық болса, аттестация комиссиясының тестілеу мен сұхбаттасу нәтижелері бойынша аттестациядан өтетін қызметкерге біліктілігін артыру және/немесе тиісті білім алу туралы ұсыныс жасай отырып, оның лауазымына лайықты екені туралы шешім қабылдауға құқығы бар.

24. Аттестация аттестация комиссиясы оны өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін алты айдан кейін, осы Ережелерде белгіленген тәртіппен қайталап өткізіледі.

25. Аттестация комиссиясы қайталап аттестациядан өтуі туралы шешімді қабылдаған жағдайда қызметкер аттестациядан қайта өткенге дейін жоғары тұрған лауазымға ауыстырылуы мүмкін емес.

26. Аттестация комиссиясы қайталап аттестация өткізіп, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

алып отырған лауазымына лайықты;

алып отырған лауазымына лайықты емес.

27. Аттестация комиссиясының хатшысы қызметкердің аттестация парағына комиссияның шешімдері мен ұсыныстарын тиісті хаттаманың күні мен нөмірін көрсете отырып енгізеді.

Аттестация парағы пен толтырылған аттестацияға жататын қызметкердің өзін-өзі бағалау бланкісі және қызметкердің тікелей басшысы толтырған бағалау бланкісі қызметкердің жеке ісінде сақталады.

28. Аттестация комиссиясы отырысының хаттамасын хатшы толтырады және қатысып отырған комиссия мүшелері, комиссия төрағасы және/немесе төрағасының орынбасары қол қояды. Орталық аппараттың қызметкерлерін және филиалдардың басшыларын аттестациядан өткізу жөніндегі аттестация комиссиясы отырысының хаттамалары Басқармада сақталады. Филиалдардың қызметкерлерін аттестациядан өткізу жөніндегі аттестация комиссиясы отырыстарының хаттамалары кадрлық қызметтерде сақталады.

29. Қызметкер аттестация комиссиясы шешімімен жазбаша түрде танысуы тиіс.

30. Аттестация комиссиясының хатшысы өткізілген аттестацияның қорытындылары бойынша тиісті кадрлық қызметтерге аттестация парағын, аттестация комиссиясы отырысы хаттамаларының көшірмелерін береді.

31. Аттестация комиссиясының қызметкер комиссия отырысына дәлелді себептермен (науқастануы бойынша болмауы, демалыс, іссапарлар, оқуға жіберілуі және құжаттамамен расталған өзге де жағдайлар) келмеген жағдайда оның жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтуі туралы шешім қабылдауға құқығы бар.

32. Аттестация комиссиясының жұмыс нәтижелері Басқармада қорытылады

33. Қоғамның аттестация нәтижелері бойынша қабылдаған шешімдеріне қызметкердің сотқа жүгіну тәртібімен шағым беруге құқығы бар.


__________________________________




20__ жылғы __________ №_______

Аттестация өткізу ережесінің

1-қосымшасы



АТТЕСТАЦИЯ ПАРАҒЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________

2. Туған күні _______________________________________________________

3. Ұлты____________________________________________________________

4. Білімі туралы мәліметтер_____________________________________________

(не бітірді, қашан, мамандығы, біліктілігі)

5. Жалпы еңбек өтілі _______________________________________________

6. Темір жол саласындағы еңбек өтілі _________________________________

7. Аттестациядан өту кезіндегі лауазымы және осы лауазымға тағайындалған күні ________________________________________________________________________________

8. Қорытынды бағалар ____________________________________________________________

9. Аттестация комиссиясының шешімі (дұрысын сызу керек):

1) алып отырған лауазымына лайықты ____________________________________________

2) қайталап аттестациядан өтуге жатады ___________________________________________

3) алып отырған лауазымына лайықты емес________________________________________

10. Қайта аттестациялау кезіндегі аттестация комиссиясының шешімі (дұрысын сызу керек):

1) алып отырған лауазымына лайықты____________________________________________

2) алып отырған лауазымына лайықты емес _______________________________________

11. Аттестация комиссиясының ұсыныстары:

біліктілікті арттыруды қажет етеді – жоқ, иә (дұрысын сызу керек)__________________



тиісті білім алуды қажет етеді – жоқ, иә (дұрысын сызу керек) _______________________
Аттестация __________

комиссиясының төрағасы (қолы)
Аттестация комиссиясы __________

төрағасының орынбасары (қолы)
Аттестация _________

комиссиясының мүшелері (қолы)



Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)

Т.А.Ә




(қолы)


Аттестация комиссиясының __________

хатшысы (қолы)
Аттестация өткен күн 20 ______жылғы "______"____________
Аттестация комиссиясы отырысының №____ хаттамасы
Аттестация комиссиясы шешімімен таныстым ____________ (қызметкердің қолы және күні)
















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет