Алауханов Есберген Оразұлы



Дата25.02.2016
өлшемі19.08 Kb.
#20883
Алауханов Есберген Оразұлы 19 мамыр 1958 ж. туылған. Қылмыстық құқық, криминология және қылмыстық іс жүргізу саласындағы Қазақстан және Ресейге танымал ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор.

Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетін, КСРО ІІМ Саратов жоғары мектебінің жоғарғы курсын, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы «Красная звезда» ауылында трактор бригадасының есепшісі болып бастаған.

1981 жылдан ҚР құқық қорғау органдарында қызмет атқарған: Сарыағаш аудандық сотында хатшы, аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуші, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ-ның жедел өкілі, ҚР Әділет министрінің консультанты, Сарыағаш аудандық сотының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер бойынша алқасының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің бастығы, Маңғыстау облысы Қаржы полициясы департаментінің бастығы, полиция полковнигі.

ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Б. Қаратаев атын. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995 ж.), «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Конституциясы күні» төсбелгілерінің иегері (2003, 2005 жж.), «ҚР Мәдениет қайраткері» (2004 ж.), Қазақстан криминологтар ассоциациясының құрметті профессоры, Ресей криминологтар ассоциациясының, Санкт-Петербург криминологтар клубының мүшесі, ҚР Жоғарғы Соты ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының құрметті азаматы.

Халықаралық еуразиялық телевидения және радио академиясының академигі, Халықаралық еуразиялық телевидения және радио академиясының вице-президенті (Мәскеу).

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы.

«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы.

Е.О. Алауханов көлемі 250 баспа табақтан асатын 300-ден аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 25 кітап жеке авторлықпен басылған. Оның редакциясымен 56-дан астам кітап, монография, оқулықтар басылған, сондай-ақ ол ҚР Қылмыстық кодексіне түсініктеме авторларының бірі. ҚР ҚК-не түсініктеменің (қазақ тілінде) жауапты редакторы. Көптеген ғылыми мақалалары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Е.О. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясының ғылыми басылымдарында жарық көрген.

2010 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің номинациясы бойынша «ЖОО-ның Үздік оқытушысы» атанды.



Қызығушылықтары: кітап оқу, бильярд, футбол, адамдармен пікір алысу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет