Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет103/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

қорытындылар жасалды:
соңғы 
ширек 
ғасыр 
көлемінде 
пайда 
болған 
лексикалық 
жаңалықтардың қатарында төл тілдің өз əлеуеті арқылы жасалған жаңа сөздер 
айрықша орын алады. «Төл тілдің өз əлеуеті», «тілдің ішкі семантикалық 
мүмкіндіктері» деген ұғым Қазақстандағы тіл саясатын жүзеге асыруға 
бағытталған заңнамалық құжаттарда ұдайы аталып отырады. Бұлайша болуы – 
заңды жайт; өйткені бұрынғы кезеңде өзге тілдік, халықаралық атаулары 
қолданылып келген ұғымдардың қазақ тіліндегі баламасын жасауда қазақ 
тілінің өз сөздік байлығы, қазақ сөзінің семантикалық əлеуеті, қазақ сөзінің 
ішкі мағынасындағы семантикалық өзгерістердің жаңа ұғымды беруге 
бейімділігі барынша мол екендігі айқын танылды. Осыған байланысты 
əлеуметтік лингвистикада, қазақ терминжасамы мен терминографиясында 
«қазақыландыру» деген ұғым пайда болды. Бұл ұғымның басты мəнісі – 
ғылыми техникалық, əлеуметтік-тұрмыстық ұғымдар мен құбылыстардың 
қазақша баламасын туындатуда тілдің ішкі əлеуетін, сөздің семантикасын əрбір 
ұғымның, құбылыстың ұғымдық аппаратына сыйымды түрде қолдану дегенді 
білдіреді. Қазақстандағы тілдік жағдаятты өзгерту туралы идеялар мен 
көзқарастар қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамын жаңарту жəне жаңғырту 
проблемасына тікелей байланысты. Осыған орай қазақстандық тілдік 
кеңістікте, соның ішінде ұлт тілі – қазақ тілінің сөздік құрамында қоғамдық-
əлеуметтік, мəдени-əлеуметтік, білім беру-ағартушылық салаларындағы 
үрдістер мен үдерістердің ықпалымен пайда болған жаңа сөздердің заңнамалық 
жəне тілтанымдық негіздеріне талдау жасалып, жаңа сөздерді бірізділендірудің 
алғышарттарын анықтау қажет; 
– жаңа сөздердің қалыптануы vs. қалыптандырылуы (кодификациясы) 
деген ұғым – ресми талқыға түсу, ұсыныстар беру сатыларынан өткізу арқылы 
оларды тілге енгізу мен пайдаланудың заң түрінде бекітілуі, заңдастырылуы; 
əдеби тілдің айналымында жоғары жиілікпен қолданылуы арқылы 
мойындатылған тəртібі; осының негізінде жаңа сөздердің нормативті сөздіктер 
мен анықтамалықтарға, терминдер мен терминдік сөз тіркестерінің тізімінен 
тұратын əртүрлі типтегі лексикографиялық сөздіктерге енгізілуі; тіл 


188 
динамикасына қарай диспозитивті жəне императивті нормалар сипаттарының 
жоғары деңгейдегі көрінісі дегенді білдіреді. Қалыптану / жаңа сөздердің 
қалыптануы – босаң немесе императивті нормаға айналуы жүзеге асырылатын 
үдерістер сатылары жəне олардың нəтижелері. Осымен байланысты жаңа 
сөздердің қалыптану үдерісінің қазіргі қазақ тіліндегі сатыларын нақтылау 
керек; 
– жаңа сөздердің қалыптану үдерістерін нақтылау мақсаты ең алдымен 
қазақ неологиясы жəне қазақ неографиясы ғылыми салаларының қалыптасу 
жолдарын жəне олардың қазақ тілтанымының парадигмасына қатысын 
зерделеуді жəне жаңа сөз категориясын нақтылауды қажет етеді. Бұл қазіргі 
қазақ əдеби тілінің лексикалық қорындағы жаңа сөздерді қалыптандыру мен 
нормаландырудың заңнамалық, ғылыми, əдіснамалық жəне əдістемелік 
негіздерін басшылыққа ала отырып, жаңа лексикалық бірліктерді 
қалыптандырушы қайнар көздер айқындау жəне оларға жан-жақты талдау 
жасау іс-шараларымен жалғасын табуы тиіс; 
– қазіргі білім беру үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың ең бастысы 
– функионалдық сауаттылыққа ие, алған білімін практикада оңтайлы пайдалана 
алатын, қоғамның жаңа талаптарына сəйкес өмір сүруге бейім, лингвомəдени 
құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсаттардың жүзеге асырылуында 
ана тілін ұлттық құндылықтар жүйесінің айрықша маңызды бөлігі ретінде 
меңгерту мəселесі өзекті. Бұл ретте тілдің ұлттық мəні, білім алушылардың 
психологиялық жəне жас ерекшеліктері назарға алынуы керек. Осы 
аталғандарды зерделеу білім мазмұнының қазіргі білім берудің жаңа міндеттері 
мен талаптарын қанағаттандырды қамтамасыз етеді. Оқытудың ұстанымдары 
мен жаңа технологияларға негізделген əдіс-тəсілдерді нақтылау, оқытудың 
түпкі нəтижесі ретінде лингвомəдени құзыреттілікті қалыптастырудың 
жолдарын дəйектеу аса маңызды. Бұл аталған мəселелер жаңа сөздерді 
меңгертудің əдіснамалық базасын құрайды. Осымен байланысты тілдік 
қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде ЖОББЖ-да білім алушыларға 
жаңа сөздерді «тіл – құндылық» тұжырымдамасының негізінде меңгертудің 
əдіснамалық негіздері зерделену керек.
– жалпы білім беру жүйесінде «Қазақ тілі» пəнін оқытуда жаңа сөздер 
туралы берілетін білімнің қатарында олардың қалыптануы мен нормалану 
үдерістері түсіндірілуі керек жəне жаңа сөздерді меңгерту білім алушылардың 
сөздік қорын молайтумен байланысты лингводидактикалық басты міндеттердің 
бірі ретінде қарастырылуы керек, сонымен қатар жаңа сөздерді меңгерту 
мектеп оқушысының сөз мəдениеті мен лингвомəдени құзыреттілігін 
қалыптастырудың маңызды тармағы ретінде танылып, лингводидактикалық 
базадағы жаңа аталымдардың көлемі ұлғайтылуы тиіс.
– ЖОББЖ-дағы «Қазақ тілі» оқулықтарында жаңа сөздермен байланысты 
дидактикалық базаның жеткілікті қамтылмауы, сондай-ақ оқушылардың 
менталды лексиконында, тілдік санасында жаңа сөздер көлемінің бəсең 
орнығуы мен коммуникативтік актідегі төмен қолданысы, жаңа сөздерге 
қатысты пəнаралық байланыстың жетіспейтіндігі анықталды. Осы мəселелердің 


189 
шешімін табуда ЖОББЖ-да жаңа сөздерді меңгертуге бағытталған оқу 
бағдарламасын құру жəне оқытудың жаңа технологияларына негізделген 
тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін ұсыну арқылы білім беру үдерісіне 
кешенді түрде енгізу қолға алынуы тиіс.  
Зерттеу нəтижелерін қорытындылай келе, мынадай тҧжырымдар 
жасалды:
1. Қазіргі қазақ əдеби тілінің лексикалық құрамындағы жаңа сөздерді 
қалыптандыру жəне нормаландыру үдерістері – еліміздегі тіл саясаты мен тіл 
стратегиясының, тілдік жоспарлаудың аса маңызды тармағы. Мемлекеттік тіл 
мəртебесіне ие жəне əлеуметтік лингвистика тұрғысынан титулдық əрі 
мажорлық тіл ретінде танылатын қазақ тілінің сөздік құрамындағы жаңа 
сөздердің қалыптануы мен нормалану үдерістерін ғылыми тұрғыдан дəйектеу 
жəне практикалық іс-шараларды жүзеге асыру ұлттық корпусты түзуге, ана 
тілінің бірізділігі мен стандартталуын қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес 
қосады.
2. Жаңа сөздерді қалыптандыру (кодификациялау) – тіл саясатының, тіл 
стратегиясының, тілдік жоспарлаудың аясында жүзеге асырылатын маңызды іс-
қимылдар кешені, атап айтқанда:
– тіл саясаты негізінде жаңа сөздерді заңдастыруға арналған заңнамалық 
құжаттардағы нұсқаулар мен міндеттер;
– заңнамалық құжаттардағы міндеттер мен нұсқауларды жүзеге асыру 
жолындағы іс-шаралар;
– осы арқылы жаңа сөздерді тіл қолданысына, əдеби тіл айналымына 
енгізуге бағытталған іс-əрекеттер.
3. Жаңа сөздердің қалыптану үдерістері мынадай сатылар бойынша 
жүзеге асады:  
– жаңа сөздер масс-медиа тілінде, ғылыми-ағартушылық мазмұнындағы 
жазба нұсқаларда, ауызша əдеби тілде алғаш пайда болады, жекелеген қоғам 
мүшелерінің тарапынан ұсынылады; 
– кейбір ұғым-түсініктердің жарыспа нұсқалары қолданысқа қатар түседі 
жəне олар əдеби тіл айналымында қолданыс жиілігінің жоғары жəне төмен 
болуына қарай стильдік, атауыштық мақсаттарға қарай екшеледі
– жаңа 
сөздер 
қолданыс 
жиілігінің 
артуына 
байланысты 
коммуникативтік кеңістікте мойындала бастайды, яғни танымал түрде 
қолданысқа түседі;
– осы сатылардан өткен жаңа сөз бекітілетін аталымдар қатарына 
енгізіледі;
– нормативті, түсіндірме, терминологиялық арнаулы сөздіктерге 
енгізіледі;
– ғылыми əдебиеттерде, мектеп оқулықтары мен дидактикалық 
базасында көрініс табады.  
4. Қазақстандық тілдік кеңістіктегі ішкі жəне сыртқы факторлардың 
ықпалымен қазақ тілінің лексикалық құрамына енген жаңа сөздер көлемінің 
молдығы байқалады. Алайда тіл жүйесіне енген жаңа аталымдардың сөйлеудегі 


190 
жəне узустағы орналасу деңгейінің əркелкілігі түрлі қоғамдық сатылардан, 
соның ішінде жалпы орта білім беру жүйесінен айқын көрініс тауып отыр. 
Жазба нұсқалар мен ғылыми əдебиеттерде (тіл жүйесінде) нақты байқалатын 
жаңа сөздердің сөйлеу мен узус деңгейіндегі белсенділігінің бəсеңдігі 
мектептегі дидактикалық базаға жаңа сөздерге байланысты білім мазмұнын 
толықтыруды, 
оларды 
меңгертудің 
əдістемесін 
жетілдіруді, 
жаңа 
технологияларға негізделген əдіс-тəсілдерді ұсынуды талап етеді. Осымен 
байланысты көрсетілген өзекті мəселелердің шешімін табуға бағытталған 
кешенді іс-шараларды жүзеге асыру Қазақстандағы тіл саясатының оңтайлы 
жүзеге 
асырылуына, 
білім 
беру 
стандарттары 
мен 
білім 
беру 
бағдарламаларында айқындалған міндеттердің орындалуына жол ашады.  
5. Жаңа 
сөздердің 
(ғылыми-техникалық 
жəне 
əлеуметтік-мəдени 
терминдер, күнделікті тұрмыстық атаулар) тіл жүйесіндегі орнын анықтау жəне 
ұлт тілінің өміршеңдігін сақтаудағы маңыздылығын назарға ала отырып, 
бейіндік мектепте білім алушыларға жаңа сөздерді меңгерту мемлекет 
тарапынан жүргізіліп отырған тіл саясатының басым бағыттарын жүзеге 
асыруды қамтамасыз етеді жəне жас ұрпақтың өз ана тіліне, ұлт тіліне деген 
саналы көзқарасын, азаматтық жауапкершілігін, сүйіспеншілігі мен құрметін 
қалыптастырады, сонымен қатар жаңа сөздерді меңгерту оқушының тілдік 
тұлғасын, лингвомəдени құзыреттілігін, сөз мəдениетін жетілдіруге, сөздік 
қорын молайтуға айтарлықтай үлес қосады.
6. Ана тілі – ұлт тілі – қазақ тілінің өміршеңдігін, оның бірізділігі мен 
нормалық сипатын сақтау міндеттерінің сатылай əрі үйлесімділікте жүзеге 
асырылуында жалпы орта білім беру жүйесінің рөлі мен қызметі айрықша 
маңызды. Қазақ тілін оқытудың əдіснамасы мен əдістемесін одан əрі жетілдіру 
мақсатында жаңа сөздерді меңгертуді оқыту үдерісіне жүйелі түрде енгізу 
арқылы білім алушының тілдік санасына жаңа тілдік бірліктерді орнықтыру, 
оларды сөйлеу тілінде белсенді қолдану дағдысын қалыптастыру, ұлт тілінің 
құндылықтар жүйесіндегі орнын жаңа сөздер арқылы мойындату олардың рухы 
мықты, білімі мен білігі жоғары жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет