186
жарияланды, 1992 жылғы толықтырылған үшінші басылымына 1970
жылдардан бастап мерзімді басылымдарда, көркем əдебиетте, оқу-ағарту жəне
ғылыми əдебиетте кем дегенде бір рет қолданылған жаңа сөз тіркелген, таңдап-
іріктеп қолдану мақсатында ұсынылған);
– жаңа сөз жазба басылымда қолданылады – бірте-бірте қолданысқа
түседі немесе қолданыстан ығыстырылады;
– белгілі бір ұғым атауының бірнеше варианты жасалады –
оның бірі
жазу практикасында орныға бастайды, яғни нормалана түседі, екіншісі
ығыстырылады немесе ұсынылған бірнеше варианттардың бірі ресми термин
ретінде, екіншісі стильдік реңкте жұмсалу мүмкіндігіне ие болады (мысалы
,
отбасы – жанұя);
–
жаңа сөздерді, жаңа ғылыми-техникалық терминдерді реттеудің
ұстанымдары жасалды (академик Ə. Қайдар 1992 жылы қазақ терминологиясын
жаңаша бағдарлау, реттеу жəне ілгеру дамыту үшін 11 принципті анықтап берді
[42]);
– қазақ тіліндегі терминдік жүйені реттеу мақсатында мамандар
тарапынан жаңа терминдік атаулар,
жаңа сөздер ұсынылады, олар арнайы
талқылаудан өткеннен кейін Қазақстан Республикасы жанындағы Мемлекеттік
терминологиялық комиссия арқылы бекітіледі;
– бірқатар жаңа сөздер əртүрлі типтегі сөздіктер (түсіндірме,
орфографиялық, екітілді, онлайн сөздіктер) тізбесінің қатарынан орын алады;
– мектеп оқулықтары мен ғылыми əдебиеттерде
жоғары жиілікпен
қолданыла бастайды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев жариялаған «100 нақты
қадам» бағдарламасында функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі
оқыту стандарттарын жаңарту (76-қадам) жəне мектептік білім берудің
қолданыстағы оқу бағдарламаларына мəңгілік ел құндылықтарын енгізу (89-
қадам) бағыты нақты көрсетілген [11]. Осы саяси маңызды ресми құжаттың
негізінде қазіргі кезде «Қазақ тілі – Мəңлігілік елдің Мəңгілік тілі» деген ұғым
қалыптасқан. Бұған қол жеткізу үшін жалпы орта
білім беретін мектептерде
қазақ тілін оқытуды одан əрі ізгілендіру, қазақ тілі бойынша білім берудің
əдістері мен əдіснамасын одан əрі жетілдіру маңызды міндеттердің қатарында
ілгері шығарылады. Бұған дейінгі білім беру жүйесінде дəстүрлі əдістемелер
өзінің тиімді жемісін бергендігін атап өтуге тиіспіз. Дегенмен қазіргі қоғам
өзгерген жəне адамды қоғам өзгерткен жағдайда білім берудің дəстүрлі
стандарттық үлгілері ұдайы жаңартылуы керек.
Бұл ретте білім берудегі
интеграциялық
талаптарды
қанағаттандыру
жəне
білім
алушының
лингвомəдени, коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру айрықша
мəнге ие. Жаңа сөздерді меңгертуде, əрине қазақ тілі пəні бірінші орынға
шығады. Бірақ жаңа сөздің оқушының
тілдік санасында тұрақталуына,
қолданысына енуіне бір ғана қазақ тілі пəні жеткіліксіз болып табылады.
Сондықтан басқа пəндер бойынша білім беруде де əдістеменің шоғырландыру
бағыттары жүзеге асыру аса маңызды.
187
Мектепте
білім
берудің
мазмұнында
ұғым-түсініктердің
қазақыландырылған атауларын меңгерту əдістемелік тұрғыдан біршама
қамтылған. Алайда білім мазмұнының қалыптасқан кеңестік жүйесінде негізгі
ұғымдық базаның басқа тілде жүйеленуі, таралуы, тілдік санада тұрақталуы ұлт
тілінің əлеуетін ұлттық дүниетанымның көзі ретінде танытуға айтарлықтай
кедергілер жасағаны белгілі. Осыған байланысты
қазіргі ұрпақты ұлттық
дүниетанымды толық сезінетін лингвомəдени құзыретке ие тілдік тұлға ретінде
қалыптастыру мақсатында ЖОББЖ-ға арналған лингводидактикалық базада
қазақ тілінің ішкі əлеуетін сарқа пайдалану, негізгі ұғымдар мен түсініктер
атауларын қазақыландыру үрдісі жандандырылуда.
Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің қалыптану үдерістерінің сатылары
мен оларды жалпы орта білім беру жүйесінде
меңгертудің теориялық,
əдіснамалық жəне əдістемелік негіздерін тұтастай қарастыра келе, мынадай
Достарыңызбен бөлісу: