Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет73/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

хабарландыру, мінездеме, іс хаттары, қатынас қағаздары, келісім, шағым, 
шарт, сенімхат, тілхат, қолхат, келісімшарт, бап, куәлік сияқты нормалық 
сипаты басым жаңа сөздер ісқағаздарының үлгілерімен байланысты 
жинақталып берілген [203, 80-90]. Публицистикалық стильдің тілдік 


144 
ерекшеліктерінің қатарында бұл стильге неологизмдердің тəн болатындығы 
атап өтіледі. Берілген мəтіндерде жаңа сөздер қатары өте аз қамтылған 
(жәдігер). Ғылыми стиль тақырыбының шеңберінде берілген мəтіндердегі 
сорт, белок, организм сөздерінің қазақша баламасының қолданысқа еніп, 
нормалану, қалыптану үдерісіне түскендігі ескерілмеген, сондай-ақ ғылыми 
стильге қатысты білім мазмұнында қазақ тілінің терминжасамдағы мүмкіндігі 
туралы сөз қозғалмайды, көбінесе шет тілдеріне тəн ғылыми терминдерге көңіл 
бөлінген (компьютер, монитор, энергия, организм, белок, калория, дисплей, 
терпен, урсоль, флавониоидтер, иссопин пигменттері жəне т.б.) [203, 106-135]. 
9-сыныптағы тіл мəдениеті пунктуацияға байланысты білімге бағыттылған. Бұл 
оқулық тілдік тұлға мəселесінде функционалдық стильдер мен тыныс 
белгілеріне байланысты сауаттылықты қалыптастыруға толыққанды мүмкіндік 
береді, соған қарамастан оқушылардың сөздік қорын байытудағы, аталған 
заңдылықтардағы жаңа сөздердің қызметі ескерілмегендігі анықталды. 
Жоғарыда талданған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына 
арналған Қазақ тілі оқулықтарындағы білім мазмұны оқушылардың жалпы 
тілді құндылық ретінде түсінуін, сезінуін толықтай қамтамасыз етеді жəне жаңа 
сөз құбылысының тіл жүйесіндегі орнын анықтау дағдысын қалыптастырады, 
алайда тілдік дағдыларды қалыптастыруға бағыттылған жаттығулар жаңа 
сөздердің қалыптануы мен нормалануына айтарлықтай үлес қоспайтындығына 
көз жеткізілді.
- 10-сыныпқа арналған «Қазақ тілі: сөз мəдениеті» оқулығы (авт.: Н. Уəли, 
Ө. Қыдырбаев) «сөз мəдениетін жеке адам мəдениетінің аса мəнді құрамдас 
бөлігі» ретінде жан-жақты əрі біртұтастықта меңгертуге бағытталған білім 
мазмұнын қамтиды. «10-11-сыныптарда оқытылатын сөз мəдениеті жəне 
шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға 
бағытталған. Мұнда адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаяттарда, 
нақтылы тіл бірліктерінің қызмет етуі нəтижесінде толыққанды ақпараттар 
жүйесі арқылы жүзеге асатынын, адамның тіл байлығы жəне жан-дүниесі, 
мінез-құлқы сөйлеу барысында, тілдік қарым-қатынас үстінде көрінетіндігі 
зерделенеді» [198]. Сонымен қатар пəннің типтік оқу бағдарламасында «пəнді 
оқытудың басты мақсаты – ұлттық жəне əлемдік құндылықтарды салыстыра 
түйін жасай алатын, Қазақстан Республикасы халықтары мен əлемдік 
қоғамдастықтың мəдениетін игерген, қоғамда қолдануын талап етілетін 
тілдердің коммуникативтік құзыреттіліктерін игерген Тұлғаның даралануы мен 
əлеуметтенуіне 
мүмкіндік 
жасайтын 
тілдің 
лексика-фразеологиялық, 
грамматика-стилистикалық, мəдени-этикалық жəне шешендік нормаларын 
меңгерту, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы мəтінді 
салыстыру, талдау, ойқорыту əрекеттерін жетілдіру, мəтін түрлеріне сай тілдік 
бірліктерді қолдана алу біліктілігін арттыру» [198], – деп көрсетілген.
«Тіл – 
жалпыадамзаттық құндылық» деп аталатын бірінші бөлімде мыңдаған жылдық 
тарихы бар тіл адамзаттың ең бағалы құндылығы ретінде танытылып, «əрбір тіл 
– бізді қоршаған ортаның, ақиқат өмірдің өзінше қайталамасы; əрбір халық 
өзінің тілі арқылы дүниені, ақиқатты өзінше таниды; тілдік ұжым өзінің танып-


145 
білген нəрсесіне ғана ат қояды, оған деген сезім күйін білдіреді; сондықтан 
ұлылы-кішілі тілдердің бəрінде өзді-өзіне тəн логикалық, эстетикалық 
танымның, жаңалықтың белгілері мен іздері жатады» деп көрсетіледі. Бұл ретте 
тілдің қарым-қатынас үшін қажеттелігін ғана емес, оның ұлтқа тəн рухани 
мəдениетті «жасаушы, сақтаушы жəне сабақтастырушы қызметін» де ескерудің 
маңыздылығына назар аударылады. Əлемдегі «саламатты тілдердің» ерекшелігі 
нақтыланып, қазақ тіліне де осы сипаттың тəн екендігі дəйектелген. Бұл 
оқушылардың өз ана тіліне деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал етеді. 
Негізгі тақырып аясында ұсынылған А. Байтұрсынов пен Б. Момышұлының тіл 
туралы тұжырымдары (1, 2-тапсырмалар) оқушылардың өз ұлтының тіліне 
деген жоғары деңгейдегі қатынасын қалыптастыруға септігін тигізеді. «Қазақ 
тілі қандай тіл?» (10 сағат) деп аталатын екінші бөлімде «қазақ тілі – түпкі 
түрін сақтаған байырғы тіл» ретінде, «қазақ тілі – жазба мəдениеті бар тіл» 
ретінде, қазақ тілі – кемел тіл» ретінде, «қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық 
тілі» ретінде, «қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» 
ретінде талданады. Осымен байланысты оқушылардың жаңа сөздерді 
меңгертуде маңызды деп танылатын мынадай бағыт бойынша білімдері 
жетілдіріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет