Алдашева камар сагингалиевна


- тілдің қоғамдық-əлеуметтік мəнін түсіндіру;  -



Pdf көрінісі
бет70/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- тілдің қоғамдық-əлеуметтік мəнін түсіндіру; 
- тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту; 
- тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту; 
- тілдің мəтін ішіндегі қолданысын игерту; 
- тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату
- тілдік бірліктердің ақпараттық мəнін ұғындыру; 
- сөзді қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру; 
- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру; 
- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру; 
- əдеби тіл нормаларын меңгерту; 
- тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тəсілдерін үйрету; 
- оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын 
қалыптастыру;
- шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру [198].
Қазіргі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бағдарламаларда жəне 
мемлекеттік тілді дамытумен байланысты бағдарламаларда көрсетілген негізгі 
міндеттерге байланысты жалпы орта білім беретін мектептерде де, жоғары оқу 
орындарында мамандарды даярлауда да жаңа сөздерді оқыту мəселесі өзекті 
болып отыр. Мəселенің өзектілігі мұғалімдер тарапынан білім беруде (тілді 
оқытуда) оқушылардың сөздік қорын байытудағы жаңа сөздердің 
маңыздылығы ескерілмейтіндігімен жəне неологизмдер жеткілікті деңгейде 
қолданысқа түспейтіндігімен, сондай-ақ қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздерді 
зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен байланысты. Кез келген тіл сияқты 
қазақ тілінің сөздік қорының жаңғыруы – үздіксіз үдеріс. Тіл – күрделі 
қоғамдық феномен. Ол адамдардың қарым-қатынас құралы бола отырып, 
үздіксіз қозғалыста болады. Қоғамның дамуы лексикалық инновациялардың 
пайда болуына жəне тілдің өзгеруіне əкелетін қоғамдық қатынастар мен 
өзгерістерді анықтайтын сан мыңдаған лексикалық бірліктерден көрініс табады. 
Бұл үдеріс – тек қазақ тілінде ғана емес, сонымен қатар барлық тілдерде орын 
алатын құбылыс. Тіл дамуының заманауи сатысы лексикадағы өзгерістер 
жылдамдығының қарқындылығымен сипатталады.
Орта білім беру жүйесінде қазақ тілін оқытудың əдіснамасы мен əдістемесі 
лексикология (тілдік бірлік ретіндегі лексикалық жүйені зерттейді) жəне 
лексикография (сөздіктер түзудің барлық аспектілерін қарастырады) 
салаларының теориясы мен практикасына тікелей байланысты.
Лексикологияның барлық ұғымдары мектеп бағдарламаларында былайша 
сипатталады: а) ұғымның анықтамасы; ə) қызметі; б) сөздіктегі көрінісі.
Осындай байланыста қазақ тілі пəні бойынша лексикалық негізгі бірлік – 
сөз туралы мағлұмат беріледі; бұл мағлұматта лексикалық мағына, сөз атайтын 


138 
ұғым мен түсініктің ерекшелігі, полисемия жəне бір мағыналылық, тура жəне 
ауыспалы мағына, сөз мағыналарының өзара байланысы, лексикадағы жүйелі 
қатынастар – синоним, антоним жəне омоним, көнерген сөздер мен 
неологизмдер, лексиканың толығу көздері туралы мағлұмат жəне басқа 
мəліметтер беріледі.
Зерттеуді жүзеге асыру барысында қазақ мектептеріне арналған «Қазақ 
тілі» оқулықтарының материалдарына толық талдау жасалды. Соның 
нəтижесінде мынадай фактілер анықталды:
- 5-сыныпта оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мен 
пəнді оқытудың нəтижесінде қол жеткізетін дағдылардың қатарында жаңа 
сөздерге қатысты мыналарды атап өту керек: а) лексиканың тіл біліміндегі 
орны мен маңыздылығын; ə) сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін; б) 
сөздердің тура жəне ауыспалы мағынасының айырмашылығын; в) қазақ тілінің 
сөздік құрам тармақтарының ішкі салаларын; г) лексикалық терминдерді дұрыс 
ажыратып, орынды қолдана білуі; ғ) орфографиялық жəне орфоэпиялық 
нормаларды; д) сөзжасамның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын; ж) 
сөздердің жасалу тəсілдерін жəне олардың жасалу жолына қарай жіктелуін; з) 
тақырыпқа сəйкес жоспар жасап, мəтін құрай білуі тиіс [198].  
5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығының (авт.: Г. Қосымова, 
Ж. Дəулетбекова) білім мазмұнында жаңа сөздерге қатысты білімді 
қалыптастыруға үлес қосатын тақырыптар қамтылған. Пəннің кіріспесі ретінде 
ұсынылған «Ана тілінің қызметі» деген тақырып аясында берілген жалпы 
адамзат тілінің, соның ішінде ана тілінің жеке адам мен халық өміріндегі 
маңызы баяндалатын танымдық мəтіндер оқушылардың тілдің мəні туралы 
түсінігін қалыптастырады. Ана тілі туралы жалпы танымдық білім «Əдеби тіл 
туралы түсінік» деп аталатын тақырыппен жалғасын табады. Бұл тақырыптың 
аясында «қазақ тілінде «əдеби» сөзі «əдебиет» деген сөздің негізінде жасалып, 
қалыптасқандығы əдеби тілдің сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл 
екендігі, халықтың бəріне бірдей ортақ əрі бəріне бірдей түсінікті болып 
келетіндігі; əдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді, олар: ауызша жəне 
жазбаша тіл» [198] туралы білім беріледі. Талданған оқулықтағы мəтіндердің 
басым бөлігі қазақ əдебиетінің классикалық үлгілерінен алынғандықтан, оларда 
қазіргі тілде өзектілікке ие жаңа сөздер қамтылмаған. Дегенмен аталған 
тақырыптар ана тілі, сөз, сөйлеу сияқты ұғымдардың маңыздылығын ашуға 
бағытталады. «Лексика» тарауына бөлінген сағат саны – 48, соның 20 сағаты 
«Тілдің сөздік құрамы» бөлігіне арналған. Сөз жəне оның мағынасына 
байланысты оқушы «сөз мағыналары мен тіл байлығы – лексиканың 
қарастыратын мəселелері; дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің 
ішкі мазмұны болатындығы; сөздің негізі мағынасы – лексикалық мағына; 
сөздің бір мағыналы жəне көп мағыналы болатындығы; сөздің негізгі қызметі – 
атау, яғни зат, құбылыс, əрекетті, олардың белгілерін атап білдіруі; сөздің 
қосымша мағынасы – грамматикалық мағына; сөздің грамматикалық 
мағынасының сөйлемдегі сөздердің өзара қатынасынан туындайтындығы» 
[198] жайында ақпарат алады. Бұл аталғандардың жаңа сөздермен байланысты 


139 
жақтарын алып қарасақ, тілдегі жаңа сөздердің атауыштық қызметін, қандай да 
бір лексикалық жəне грамматикалық мағынаға ие тілдік бірлік екендігін 
танытуда аса маңызды деп бағалауға болады. Ал «Сөздік қор жəне сөздік 
құрам» бойынша аталған ұғымдар жөніндегі түсінік; «сөздік құрамның 
қоғаммен бірге дамып, өзгеріп отыратындығы; қазақ тілінің сөздік құрамы 
байырғы сөздер, кірме сөздер, жаңа сөздер, термин сөздер, ауызекі тілге тəн 
қарапайым сөздер жəне диалектизмдер мен кəсіби сөздерден тұратындығы; 
сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жиілігіне қарай актив (жиі қолданылатын 
сөздер) жəне пассив (сирек қолданылатын сөздер) болып бөлінетіндігі» [198] 
туралы білім қамтылады. Бұл ретте қоғам дамуының сөздік құрамға қатысты 
үздіксіз əсері жəне сөздік құрамның елеулі бөлігін құрайтын жаңа сөздер соның 
бір көрінісі ретінде қарастырылып, «сөздік құрамның ең басты жəне тұрақты 
бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрайтындығына» [199] оқушылардың 
назарын аудару көзделеді. Қазақ тілінің байырғы төл сөздерін жаңа сөз 
жасаудың маңызды тетігі ретінде түсіндіруде осындай білімдік мақсаттардың 
қойылуы дұрыс. «Тілдің негізгі сөздік қорын байырғы сөздер құрайтындығы, 
оның тіл дамуының қайнар көзі екендігі; қазіргі қазақ тіліндегі кейбір көнерген 
сөздердің «жаңғыру» үрдісі, этнолингвистикалық атаулардың қайта жандануы; 
жаңа сөздердің тууының себептері; қоғамның дамуымен бірге енген жаңа 
ұғымдарға сай жаңа сөздердің пайда болуы; тілдің қолданыс аясының кеңеюіне 
байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа 
аталымдардың қолданылуы; жаңа сөздердің ең əуелі баспасөз, ақпарат 
құралдары арқылы таралып, тілге сіңісетіндігі, бірте-бірте жалпылама 
лексикаға ауысатыны; жаңа сөздердің емлесі» [198] «Жаңа сөздер» деп 
аталатын тақырыптың аясында қамтылған жəне онда жаңа сөздерге мынадай 
түсінік берілген: «Сөздік қорға жаңадан енген сөздер жаңа сөздер деп аталады. 
Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар: 1) қоғамның дамуымен бірге 
енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады; 2) тілдің қолданыс 
аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме 
сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Олар тілге енген кезінде ғана 
жаңа болады, кейін тілге сіңісіп, халыққа əбден танылып, жаппай қолданылған 
кезде жаңа сөз болудан қалады» [199, 72]. Дəлел ретінде келтірілген жаңа 
сөздер мыналар: ғарыш, ғарышкер, жер серігі, жолсерік, үнтаспа, жеделхат, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет