Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет71/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

саяжай, ермексаз, құжат, кеден, зейнетақы, зейнеткер, үнқағаз, діл, 
жылыжай, қызанақ, орамжапырақ, қаудан, дернәсіл, үлескі, ӛскін, жасуша, 
ағза. Тақырып бойынша білімді бекітуге арналған жаттығуларға тоқталар 
болсақ, 165-жаттығу бойынша бастауыш сыныптарда оқып үйренген 
пəндерінен білетін атау мəніндегі сөздерді сала-салаға топтап жазып шығу, 
олардың ішінде қайсысы жаңа болса, сол сөздің астын сызу [199, 72-73] 
ұсынылған. Үлгі ретінде ұсынылған сөздердің қатарында компьютер, тінтуір 
сөздерінің асты сызылып, жаңа сөз екендігі көрсетіледі. Компьютер тіл 
жүйесіне енген жаңа сөз болғанымен, оның кірмелік сипатының басым 
тұратындығы ескерілмеген. Сонымен қатар тінтуір сөзінің мағынасы 5-сынып 
оқушылары үшін айқын болмауы мүмкін. 166-жаттығуда «Егемен Қазақстан» 


140 
газетінен алынған ауылшаруашылығына байланысты тақырыптағы мəтін 
алынған, ондағы жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазу, олардың 
мағынасын сөздіктерге сүйеніп анықтау, ауыл шаруашылығымен байланысты 
мағынасы жаңғырған сөздерге мысал келтіру керек [199, 73]. Мəтінде жаңа сөз 
ретінде кӛпсалалы, несие, түсім сөздері берілген. Алайда бұл сөздер əдеби 
тілдің леммасы ретінде 1988 жылғы орфографиялық сөздікте тіркелген жəне 
неол. сілтемесі жоқ. Мəтіндегі жаңа сөздердің көлемі өте аз жəне бұл сөздер 5-
сынып оқушылары үшін өзектілікке ие емес, яғни осы жас кезеңінде 
оқушылардың сөйлеу тілінде, қарым-қатынас актісінде мұндай мазмұндағы 
сөздердің белсенділігі төмен болатындығы ескерілмеген. Сонымен қатар 
ауылшаруашылығына қатысты оқушылардың лексикалық қоры ең аз мөлшерде 
болатындығы белгілі. 167-жаттығу бойынша мəтінді мазмұндау жəне ондағы 
неологизмдердің қалай жасалып тұрғандығын анықтау қажет [199, 73]. 
Қазақстан Президенті мен Патшайым жайындағы мəтінде кездесетін жаңа 
сөздер ретінде: салтанатты шеру, ресми хаттама тіркестері келтірілген
алайда бұл сөздер жаңа аталымдар ретінде танылмайды. 168, 169-жаттығуларда 
ұсынылған мəтін көлемінде қазіргі қазақ тіліндегі актуалды болып саналатын 
жаңа сөздер қамтылмаған [199, 74]. Тыңдаушы, кӛрермен сөздерінің нормалық 
сипатына назар аударылмаған. Бұл сөздер 1966 жылы ғалым Р. Сыздықтың 
ғылыми мақаласында І. Жарылғапов тарапынан ұсынылған нормаға айналған 
жаңа сөздер ретінде танылған. Осы аталғандарды талдай келе, жаңа сөздерге 
қатысты теориялық білімді бекітуге арналған жаттығуларда қазіргі тілдегі 
өзекті жаңа сөздер қамтылмаған жəне олардың жаттығулардағы ұсынылу 
көлемі өте аз екендігі анықталды. Дегенмен, тіл жүйесіндегі жаңа сөз 
құбылысы туралы 5-сынып оқушысы үшін кіріспе ретінде бастапқы ақпараттар 
толық берілген деп айтуға болады. Диалект сөздерге жəне кəсіби сөздер мен 
термин сөздерге қатысты тақырыптардың аясында диалект жəне кəсіби 
сөздердің жалпыхалықтық тілдің сөздік құрамына енетіндігі (кеден, ұжым, 
зайырлы, зейнет, жом), терминқордың бір тобы тілдің төл мүмкіндіктері 
арқылы жасалған сөздерден тұратындығы (кеден, егемен, әмбебап, кешен, 
нарық, жарғы, бап, ғарыш, әкім, отбасы, әуежай, тӛлқұжат, мұражай, 
елтаңба) айтылады. Берілген жаттығуларды орындауда оқушылар жаңа 
сөздердің (терминдердің) қайнар көздерін іздеуге дағдыланады. Түрлі 
шаруашалықтар, математика, география, биология, тарих сияқты пəндерде 
кездесетін термин сөздерді анықтай отырып, ондағы тілдің төл мүмкіндігі 
арқылы жасалған жаңа сөздерге назар аударады. 194-жаттығу негізінде əр 
оқушы өз ата-анасының кəсібіне қатысты терминдерді жинастыруы тиіс [199, 
85], бұл ретте жаңа сөздердің қолданыс жиілігі мен тілдегі нормалануы 
оқушылардың қызығушылығын тудыра алады. Алайда жаттығулар үшін 
алынған мəтіндер тілдің қазіргі жай-күйін көрсетпейді жəне кəсіби лексика 
бойынша жекелеген салаларға қатысты сөздердің басым дені кірме сөздерді 
құрайды (балет, музыка, хореография, пьеса, ремарка, режиссер, спектакль, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет