-
жобалау жұмысы тіл үйренудің формалдық сипатын жоюға, тілді
үйренудің тəжірибелік нəтиже беруіне ықпал етеді [206];
-
жаңа сөздерге қатысты ғылыми тұжырымдарға өз бетінше жан-жақты
талдау жасауға;
-
жаңа сөздердің қолданыстық ерекшеліктеріне нақты мысалдармен
талдау жасауға;
-
оқушының өз ізденіс нəтижесін ұсыну арқылы тілдік жəне сөйлеу
құзыреттілігін дамытуға;
-
өз ойларын дəйектеуге;
-
жаңа сөздердің нормаландырушы жəне қалыптандырушы көздердің
қызметі мен маңыздылығын дəлелдеуге мүмкіндік береді.
Жаңа сөздерді меңгертуде біздің тарапымыздан ұсынылған жоба
тапсырмалары төмендегідей сипаттармен ерекшеленді:
1. Хронологиялық жағынан нақты уақытқа белгіленді (оқу жылының
басынан соңына дейін орындалатын жоба);
2. Жобадағы басым əдістер:
а) зерттеушілік немесе ғылыми:
1) құрылымы жағынан ғылыми зерттеуге жақын (ғылыми-практикалық
бағыттағы жобалар);
2) тақырыптың өзектілігі туралы дəлелдеме келтіреді (қазақ жəне орыс тіл
біліміндегі жаңа сөздер туралы зерттеулер мен тұжырымдар);
3) проблеманы, зерттеудің пəнін, нысанын, мақсаты мен міндеттерін
анықтайды (баспасөз тіліндегі жаңа сөздер, баспасөз тілі, жаңа сөздердің
сипатын айқындау жəне баспасөздегі жаңа сөздерге талдау жасау);
4) зерттеудің болжамдарын ұсынады (қазіргі қазақ баспасөзі жаңа
сөздерді нормаландыру мен қалыптандырудың маңызды тетігі);
5) зерттеудің жəне экспериментті жүргізудің əдістерін белгілейді
(жинақтау, жүйелеу, салыстыру, сауалнама т.б.);
6) нəтижелерді
талқылайды жəне ресімдейді (таныстырылымдар
ұйымдастыру);
7) зерттеудің алдағы келешегі үшін қорытындыларды тұжырымдайды
жəне проблемалық тұстарын көрсетеді (жаңа сөздердің нормалануы мен
162
қалыптануы – динамикалы, ұзақ, күрделі үдеріс жəне синхронды тұрғыдан
зерттеуді қажет етеді).
ә) ақпараттық: оқушыларды ақпараттарды табуды жəне талдауды
үйретуге бағытталады. Мұндай жобалар анағұрлым іргелі зерттеу жобасына
біріктірілуі жəне оның бір бөлігі болуы мүмкін. Бұл ретте оқушылар ақпаратты
алудың (əдебиеттер, кітапхана қорлары, БАҚ, деректер базасы, соның ішінде
электронды қорлар, сауалнама жəне сұхбат алу əдістері), оны өңдеудің (талдау,
жинақтау, белгілі фактілермен салғастыру, дəлелді қорытындылар) жəне
таныстырылымның (баяндама, жарияланымдар, ғаламтор желісіне немесе
əлеуметтік желілерге орналастыру т.б.) түрлі əдістерін меңгереді. Осы
аталғандардың ішінде оқушылар ғаламтордағы sozdik.kz қазақша-орысша
орысша-қазақша онлайн сөздігімен, «Ана тілі», «Қазақ əдебиеті», «Егемен
Қазақстан» газеттерімен, ғылыми зерттеу еңбектерімен жұмыс жасай отырып,
жүргізген сауалнама нəтижелерін, алынған нақты деректерді салыстырып,
талдау жасады.
б) шығармашылық: «Дизайн-ілмек» логикасы бойынша құрылады:
зерттеудің қажеттілігін анықтайды (бұрыннан бар нысандардың дизайн-
талдауын жасайды). Нəтижені ұсынудың формасы түрліше болуы мүмкін
(бұйым, бейнефильм, іс-шара, экспедиция, репортаж жəне т.б.). Мəселен,
тəжірибе барысында ұсынылған жоба тапсырмаларының нəтижелер
бейнефильм, сауалнаманың статистикалық өңдеулер, сөздік түрінде көрсетілді;
в) практикалық-бағдарлық – міндетті түрде практикалық жолы
ұсынылады. Мысалы, нақты бір қажеттілікті қанағаттандыратын бұйым; жобаға
қатысушы оқушылардың тікелей қызығушылығын қозғайтын немесе қоғамдық
мəселені шешуге бағытталған белгілі бір əлеуметтік нəтиже жəне т.б. Бұл жерде
ең маңыздысы тек сəтті құрылымданған жоба ғана емес, сондай-ақ біріккен
жəне жеке үйлестіру жұмыстарының жақсы ұйымдастырылуы, алынған
нəтижелердің жəне оларды практикаға енгізудің мүмкін болатын əдістерінің
таныстырылымын (презентация) ұйымдастыру, сондай-ақ жобаны сыртқы
бағалауды ұйымдастыру да елеулі маңызға ие. Осымен байланысты оқушылар
тарапынан жаңа сөздердің шағын сөздігі құрастырылды. Осы арқылы жаңа
сөздер сөздігінің қажеттігін дəлелдеді. Барлық ұсынылған жоба тапсырмалары
бойынша жаңа сөздердің белгілі бір аспектідегі практикалық құндылығы
тұжырымдалып, таныстырылымдар ұйымдастырылды.
3. Пəнаралық байланысы – сабақ уақытынан тыс екі немесе бірнеше
мұғалімнің жетекшілігімен əртүрлі пəндер немесе салалар бойынша
орындалады. Мəселен, қоғамдық жəне жаратылыстану бағытындағы пəндер
немесе ғылымдардың тоғысында интеграциялық сипаттағы терең мазмұнды
жобаларды жасауға болады. Осы бағытта тəжірибе барысында оқушыларға
«Жаратылыстану пəндері оқулықтарындағы жаңа сөздердің сипаты (биология,
география бойынша)» тақырыбында жоба ұсынылды. Жобаны орындау
барысында оқушылар ағымдағы аталған пəн бойынша мұғалімдердің көмегіне
жүгінді.
163
Бұл аталғандардың əрқайсысы жаңа сөздерді меңгертуде жобалау əдісін
пайдаланудың тиімділігін нақтылай түседі.
Жоба тақырыбы мынадай үш сұраққа жауап беруге негізделді:
1. Қандай мəселені зерттейміз жəне шешеміз? (мəселен, баспасөз тіліндегі
жаңа сөздердің сипаты);
2. Мəселені ненің есебінен шешеміз? (қазіргі қазақ баспасөздері);
3. Зерттеудің пəні не? (баспасөздер тіліндегі жаңа сөздер).
Тақырып анықталғаннан кейін оның негіздемесін жасау керек. Бұл ретте
оқушылардың мынадай сұрақтардың жауабын білуі ескерілді:
1. Мəселе бұрын қарастырылды ма? (баспасөздегі жаңа сөздер зерттелді
ме?);
2. Бұл мəселені кімдер зерттеді? (баспасөздегі жаңа сөздердің сипатын
зерттеушілер кімдер?);
3. Мəселенің қандай аспектілері бұған дейін зерттелді? (баспасөз тілінің
қандай лексикалық ерекшеліктері бұрын қарастырылды?);
4. Осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстары бар ма?
5. Қандай мүмкіндіктер əлі де зерттелмеген? (баспасөздің жаңа сөздерді
нормаландыру мен қалыптандырудағы қызметі қандай?);
6. Қоғамның қазіргі даму сатысында белгіленген мəселе өзекті ме?
(баспасөздің мемлекеттік тілді, оның ішкі мүмкіншіліктерін дамытудағы үлесі
қандай?).
Жобалау əдісінде мына мəселелер оқушыларға түсіндірілуі талап етілді:
біріншіден, зерттеудің проблемасы мен тақырыбы бір нəрсе емес. Проблема
тақырыптың қарастырылу жағын ұсынады; ол бүкіл жұмыс үшін негізгі желі
болып табылады. Осымен байланысты проблеманы нақты, айқын, дұрыс
анықтау керек. Ол проблемалық жағдаят, шешімін таппаған сұрақ, теориялық
немесе практикалық міндет жəне т.б. түрінде де тұжырымдалуы мүмкін.
Проблема – белгілі мен белгісіздің арасындағы шекара. Демек, бұл – зерттеуге
себеп болған нəрсе емес, зерттеудің неге бағытталғаны.
Жаңа сөздерді меңгертуде оқушыларға екі жоба жұмысын орындау
тапсырылды.
Бірінші – сөздік түзу жобасы. Бұл жоба орындалу мерзімі жағынан оқу
жылының соңына дейін созылды. Жобаның мақсаты – «Қазіргі қазақ тіліндегі
жаңа сөздер: норма жəне қалыптану» деп аталатын пəнді оқыту барысында
дəріс сипатындағы жəне практикалық сабақтарда кездескен жаңа сөздерді
меңгерту. Сөздік түзу жобасы бойынша ең алдымен оқушылар қазіргі қазақ
тіліндегі жаңа сөздердің зерттелу жай-күйі, қалыптануы мен нормалануы
проблемаларына шолу жасады. Жоба негізінде оқушылар əрбір жаңа сөздің
қазақ жəне орыс тіліндегі нұсқаларын қатар алды, себебі қазақстандық тілдік
қауымдастықтағы қостілділік жағдаятында бұрын орыс тіліндегі баламасы
қолданыста болған сөздердің қазақ тіліндегі жаңа атауларын нормаландыру
үшін орыс тіліндегі нұсқаларын қатар білу тиімді.
Екінші зерттеу жобасы екі бағыт бойынша жүргізілді. Бірінші бағыт –
жаратылыстану пəндері (биология, география) оқулықтарындағы жаңа
164
сөздердің жай-күйі, сипаты, қалыптануы мəселелері бойыша жоба жұмысы.
Екінші бағыт – қазіргі масс-медиа тіліндегі жаңа сөздердің сипаты, БАҚ-тың
жаңа сөздерді нормаландыру мен қалыптандырудағы маңызы мен рөлі туралы
жоба жұмысы.
Бұл жобалар бойынша ең алдымен зерттеу нысаны ретінде қазақ тіліне
соңғы 25 жылда енген жаңа сөздердің түрлі көздерін (мектеп оқулықтары мен
масс-медиа) ала отырып, нені, қандай мəселе қарастырылатындығы анықталды.
Оқушылар жоба жұмыстары бойынша проблеманың осыған дейінгі зерттелуі,
кімдердің зерттегендігін, қандай мəселелер əлі де зерттелмеді жəне қазіргі
таңда өзектілікке ие деген сұрақтардың жауабын жүйелей отырып, өзіндік
көзқарастары мен шешімдерін ұсынды.
Жоба тапсырмалары оқушылардың қызығушылығын оятуға, уəждемесін
жəне олардың белсенділігін арттыруға жəне зерттеушілік құзыреттілігінің
дамуына жол ашады.
Алдын ала белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін оқушылардың
шығармашылық, креативті ойларының жемісі жоба нəтижесінде көрінді.
Мəселен, оқушылардың бір тобы жаратылыстану пəндері бойынша
оқулықтарда кездескен жаңа сөздердің сипатын, атап айтқанда, олардың
сөзжасамдық сипатын, семантикалық айқындылығын өз бетінше пайымдай
отырып, төменгі сынып оқушыларынан сауалнама алды жəне жаңа сөздердің
қалыптануы мен нормалану үдерістеріндегі оң нəтижелер мен қарама-
қайшылықтарды анықтады.
Масс-медиадағы жаңа сөздердің сипатына қатысты орындалған жоба
жұмысының нəтижесінде де оқушылар тарапынан шағын зерттеу жұмысы
ұсынылды. Күнделікті газет-журнал беттерінен жаңа сөздердің қолданылу
ерекшелігі, олардың қалыптану жай-күйі (сөздіктерден іздестіру), сөзжасамдық
сипаты сияқты мəселелерді нақтылай келе, оқушылар қазақ тілді ересек
адамдар арасында сауалнама жүргізді. Осы арқылы баспасөздің жаңа сөздерді
нормаландырудағы маңызын, қызметін анықтап, тұжырымдар жасады. Сондай-
ақ телебағдарламалар, телехикаялар тілінде кездесетін жаңа сөздерге дəлел
ретінде телетуындылардың қиындыларынан құрастырылған көрнекілік
материал ұсынды. Телебағдарламалардағы журналистер тіліндегі кейбір қазақ
тіліндегі аудармасы бар, қалыптанған жаңа сөздердің орнына орыс тіліндегі
баламасын қолдану жағдайларын нақты мысалдармен дəлелдей отырып, осы
мəселелерді шешу жолында зерттеушілік пайымдауларын ұсынды.
Сонымен қатар жобалау əдісі бойынша ұсынылған зерттеу тапсырмалары
шығармашылық сипатқа ие болғандықтан, оларды шығармашылық сипаттағы
тапсырмалар қатарына жатқызуға болады.
Қорыта келгенде, оқытудың интербелсенді əдістері – ашық талқылау
жүргізудің моделі, онда білім алушыларға шынайы болмыс туралы ойлануға,
зерттеуге жəне талдауға мүмкіндік беріледі. Интербелсенді əдіске негізделіп
ұйымдастырылған оқыту үдерісіне оқушылардың барлығына қатысуға
мүмкіндік жасалады. Интербелсенді əдістер кешенінің ерекшелігі –
субъектілердің өзара əрекетінің белсенділікке жоғары деңгейде бағыттылуы
165
жəне оқушылардың эмоционалдық жəне рухани тұрғыдан біртұтастығы.
Сабақты жүргізудің дəстүрлі формасымен салыстырғанда интербелсенді оқыту
үдерісінде мұғалім мен оқушының өзара əрекеті алмасады: мұғалімнің
белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал мұғалімнің міндеті –
оқушының бастамасы үшін жағдай жасау. Осы тұрғыдан келгенде жаңа
сөздерді меңгертуде қолданылатын интербелсенді əдістер – қазіргі білім
берудің талаптарына жауап беретін, жаңа сөздерді меңгерту арқылы
оқушылардың лексикалық қорын байытуда, жаңа сөздерді менталды
лексиконда репрезентациялауда жəне жаңа сөздерді меңгерту арқылы
оқушылардың тілдік тұлғасын қалыптастыруда оң нəтижеге қол жеткізудің
тиімді жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |