Алдашева камар сагингалиевна



Pdf көрінісі
бет88/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Сауалнама сҧрақтары 
Жауап нҧсқалары 


Қазақ тілін үйренудегі 
мақсатым... 
барлық пəннен үздік болуға ұмтылу 
3% 
қазақ тілі сабағына қатысу талап 
етіледі 
12% 
қазақ тілін жетік білу – міндетім
85% 

Сөйлеуде шет тілдік 
атауларды қолдануға не 
түрткі болады? 
Дағдыланып кеткенмін 
40% 
Қазақша баламасын білмеймін 
25% 
Шеттілдік сөз айтуға оңай, түсінікті
33% 
Қазақ 
тіліндегі 
нұсқасын 
ғана 
қолданамын 
2% 

Ұғым-түсініктің, 
заттың 
жиі 
қолданыстағы 
шет 
тілдік 
атауының 
орнына қазақша балама 
керек пе? 
Иə, қазақ тілінің өміршеңдігі үшін 
бұл аса қажет. 
41% 
Жоқ, шеттілдік балама қалғаны дұрыс 
8% 
Иə, бұл үшін қазақ тілінің əлеуеті мен 
мүмкіндіктері аса жеткілікті 
46% 
Жоқ, шеттілдік атауларды нақты 
беруде қазақ сөзінің əлеуеті төмен 
5% 

Жаңа сөздерді білу не 
үшін маңызды? 
Аса маңызды емес
7% 
Күнделікті коммуникативтік қарым-
қатынаста барлығын қолдану мүмкін 
емес  
35% 
Ана тілінде сөйлеушінің беделді 
бейнесін 
қалыптастыру 
үшін 
маңызды 
58% 
Ұсынылған сауалнама сұрақтарының нəтижесінде оқушылардың өз ана 
тілін білу, оған жауапкершілік қарым-қатынасы, тілді сақтауға мүдделілік 
танытуы жоғары екендігі байқалды. Алайда сауалнаманың қорытындысы 
көрсетіп отырғанындай, оқушылардың жаңа сөздерді танып-білуге деген 
қызығушылықтың төмен деңгейде болуы мынадай факторға байланысты:
1-фактор: Қостілділік жағдаяты – қоғам мүшелерінің коммуникативтік 
қарым-қатынасында қостілділіктің ықпалы жоғары; 
2-фактор: Пайда болған жаңа сөздердің негізінен жазба нұсқаларда, ресми 
іскери құжаттарда орын алуы; ауызекі əдеби тілге араласуының бəсеңдігі; 
3-фактор: «Қазақ тілі» оқулықтарындағы тілдік факті ретінде жаңа 
сөздердің аз көлемде қамтылуы, яғни білім беру үдерісінде бəсең насихатталуы; 
4-фактор: Қазақ тілі пəнін оқытуда интеграциялық талаптардың жеткілікті 
түрде орындалмауы.
Анықтау кезеңінің мақсатына сəйкес ұйымдасытырылған тапсырмалардың 
2-бөлігі – қазіргі тілдік жағдаятқа байланысты орыс тіліндегі қолданыс жиілігі 
басым сөздердің қазақша баламасын сəйкестендіруге арналған тапсырмалар. 


168 
Бұл тапсырманың мақсаты – мектеп оқушысын тілдік тұлға ретінде тани 
отырып, оның қазіргі қазақ əдеби тіліндегі мерзімді баспасөзде, басқа да масс-
медиа құралдарында, жарнамаларда жоғары жиілікпен жұмсалатын (кеңінен 
танымал деп есептелген) жаңа сөздерді меңгеру жəне ЖОББЖ-дағы 
жаратылыстану пəндері бойынша лингводидактикалық базада қолданылған 
жаңа сөздерді білу, танып-түсіну деңгейін анықтау. Тапсырма шеңберінде: 1) 
қоғамдық-əлеуметтік сипаттағы (кең қолданысқа түскен) жаңа сөздердің қазақ 
тіліндегі баламасы ұсынылды. Тапсырма бойынша оқушы орыс тіліндегі 
баламасын ұсынуы тиіс. Берілген сөздер: үдеріс, үрдіс, қағидат, кеден, 
тосынсый; 2) қоғамдық-əлеуметтік сипаттағы жаңа сөздердің орыс тіліндегі 
баламасы ұсынылды. Оқушы ұсынылған сөздердің қазақ тіліндегі баламаларын 
көрсетуі керек. Берілген сөздер: диета, концепция, глобализация, сувенир, 
форточка.
Жаңа сөздердің қазақ жəне орыс тіліндеріндегі баламаларын 
сəйкестендіруді ұсынуға негіз болып отырған фактор – қазақстандық қоғамдағы 
қостілділік жағдайының мектептегі, қоғамдық орындардағы тілдік ортада 
кеңінен таралуы.
Тапсырма нəтижесі бойынша берілген сөздердің қазақ жəне орыс 
тілдеріндегі баламаларын сəйкестендіру мынадай көрсеткіштерге ие болды 
(Кесте 6): 
Кесте 6 – Қоғамдық-əлеуметтік сипаттағы жаңа сөздерді меңгеру дəрежесін 
анықтауға арналған тапсырма нəтижесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет