Алдашева камар сагингалиевна


Анықтау кезеңінің мақсаты



Pdf көрінісі
бет87/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Анықтау кезеңінің мақсаты – қазақ тілі пəні бойынша оқыту үдерісінде 
оқушыларға жаңа сөздерді меңгертудің теориялық жəне практикалық 
мəселелерін жəне бейіндік мектептегі оқушылардың жаңа сөздерді меңгеру 
деңгейін анықтау, жаңа сөздерді меңгертуге бағытталған əдістемелік кешеннің 
тиімділігін дəлелдеудің мүмкіндіктерін айқындау. Анықтау кезеңінде осы 
мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер белгіленді:
- жалпы орта білім беретін мектептің 5-10-сыныптарына арналған «Қазақ 
тілі» оқулықтары мен пəннің типтік оқу бағдарламаларындағы білім 
мазмұнының құрылымына, соның ішінде жаңа сөздер мəселесінің қамтылуына 
талдау жүргізу; 
- оқушылардың жаңа сөздерді меңгеру дəрежесін анықтау мақсатында 
қазақ тілі сабақтарына қатысып, оқушылардың сөйлеу тіліндегі жаңа сөздердің 
қолданысын бақылау; 
- жаңа сөздерді білу деңгейін анықтауға бағытталған сауалнама жүргізу; 
- анықталған проблемалар бойынша қалыптастырушы экспериментті 
жүргізудің негіздемесін нақтылау.
Анықтау кезеңінің міндеттеріне сəйкес «Қазақ тілі» оқулықтары мен 
пəннің типтік оқу жоспарлары, білім мазмұнының құрылымы мен жаңа 
сөздердің теориялық жəне практикалық қамтылу деңгейі анықталды. 
Мектептердегі қазақ тілі сабақтарында жалпы тілді жəне жаңа сөздерді 
оқытудың əдіс-тəсілдеріне, оқушылардың сөйлеу тіліндегі жаңа сөздердің 
қолданыс белсенділігіне талдау жасалды.
Оқушылардың жаңа сөздерді меңгеру дəрежесі мен танымдық-уəждемелік 
қызығушылықтарының деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылған 
сауалнама 3 бөліктен тұрады: 
1) танымдық-уəждемелік қызығушылықтарының деңгейін анықтауға 
арналған сауалнама сұрақтары: 
2) қазіргі тілдік жағдаятқа сəйкес шет тіліндегі қолданыс жиілігі басым 
сөздердің қазақша жəне орысша баламасын сəйкестендіруге арналған 
тапсырмалар (қоғамдық-əлеуметтік сипаттағы жаңа сөздер, терминдік атаулар); 
3) жаратылыстану бағытындағы жаңа сөздердің мағынасын түсіну 
дəрежесін анықтауға арналған тапсырмалар. 
Анықтау 
кезеңінде 
оқушылардың 
танымдық-уəждемелік 
қызығушылықтарын 
айқындау 
мақсатында 
ұсынылған 
сауалнама 
сұрақтарының нəтижесі төмендегідей болды (Кесте 5): 


167 
Кесте 5 – Танымдық-уəждемелік қызығушылықтарының деңгейін анықтауға 
арналған сауалнама сұрақтары жəне олардың нəтижелері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет