169
көрсеткен жəне 29 оқушы жауап беруден бас тартқан.
Үрдіс сөзін дұрыс
сəйкестендіргендердің саны – 31, ал 38 оқушы
процесс, обучение, методика
сияқты қате жауаптар ұсынған, 37 оқушы жауап беруден бас тартқан.
Лаңкестік сөзінің дұрыс жауабын 73 оқушы дұрыс көрсеткен, бұл сөздің қазіргі
қоғамдағы өзектілік деңгейінің жоғары екендігі байқалады, 15 оқушы мағынасы
жақын
террорист, война, переворот, разрушение, смертник, правонарушение
сияқты сөздермен қатар қате жауаптар ұсынған, 18 оқушы жауап беруден бас
тартқан.
Тосынсый сөзінің семантикалық жағынан түсініктілігіне қарамастан,
27 оқушы қате жауап берсе, 31 оқушы жауап беруден бас тартқан, дұрыс жауап
ұсынған 48 оқушы
тосынсый сөзінің
сюрприз баламасын көрсеткен.
Орыс тілінде ұсынылған сөздердің қазақ тіліндегі
баламаларын көрсету
тапсырмасының нəтижесі бойынша
диета сөзіне 25 оқушы
емдәм деген дұрыс
жауапты ұсынса, 43 оқушы қате жауаптар берген, соның ішінде сөздің
мағынасын түсіндіруге тырысқандар бар, «дұрыс тамақтану», «аз тамақтану»,
«салауатты өмір салты» деген сияқты жауаптар кездеседі, 38 оқушы жауап
беруден бас тартқан. Бұл сөздің əлі де тілімізде қазақша баламасының
нормалану
сипатының жоқтығын, қолданыс белсенділігінің əлі де төмен
екендігінің белгісі.
Компетентный сөзінің
құзыреттілік баламасын 41 оқушы
дұрыс көрсетсе, 36 оқушы қате жауап ұсынған, 29 оқушы жауап беруден бас
тартқан.
Құзыреттілік сөзінің білім беру үдерісінде қолданыс белсенділігі
жоғары екендігін ескерсек, бұл сөзге нормалану сипаты тəн.
Глобализация
сөзіне
жаһандану, ғаламдану деген жарыспалы вариант қатарларын көрсеткен
оқушылардың саны – 49, бұл сөздің қоғамның түрлі
салаларындағы қолданыс
белсенділігінің жиілігі оның нормалану сипатын айқын танытады. 33 оқушы
қате жауаптар ұсынған, 24 оқушы жауап беруден бас тартқан.
Сувенир сөзіне
дұрыс балама ұсынған оқушылардың саны – 19, 46 оқушы қате жауап ұсынған
(
ескерткіш, сыйлық, есте сақтау сыйлығы), ал 41 оқушы жауап беруден бас
тартқан. Əлі де қолданыста
кәдесый сөзінің қолданыс
белсенділігінің төмен
екендігі,
қарым-қатынаста
сувенир
баламасының
жоғары
жиілікте
жұмсалатындығы байқалды. Күнделікті тұрмыста əлі де
форточка сөзінің орыс
тіліндегі баламасы қолданылатындығын дұрыс жауап ұсынған оқушылардың
саны дəлелдейді, атап айтқанда 9 оқушы дұрыс жауапты ұсынса, 58 оқушы
желдеткіш, терезе, кішкентай терезе сияқты қате баламаларды көрсеткен, 39
оқушы жауап беруден бас тартқан.
Қазақ жəне орыс тілінде ұсынылған сөздердің жауаптарын салыстырғанда
байқалған жай, қазақ тіліндегі сөздердің орыс тіліндегі баламасын дұрыс
көрсеткендердің саны басым, ал орыс тіліндегі сөздердің қазақша баламасын
беруде оқушылардың қиналатындығы байқалды.
Бұл қазақ тіліндегі жаңа
сөздердің орыс тіліндегі баламасының оқушылар үшін жақсы таныс екендігін,
ал орыс тіліндегі сөздердің қазақ тіліндегі баламаларын оқушылардың сөйлеу
тілінде қолданбайтындықтарын көрсетеді (Сурет 10).
170
Сурет 10 – Қазақ жəне орыс тіліндегі баламалары бойынша алынған
жауаптардың пайыздық көрсеткіші
Анықтау кезеңінің 3-бөлігін жаратылыстану бағытындағы жаңа сөздердің
мағынасын түсіну дəрежесін анықтауға арналған тапсырмалар құрайды. Бұл
тапсырмалардың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану циклі бойынша
мектеп оқулықтарында кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіну, сөздің
мағынасы туралы жалпы түсінік деңгейін анықтау. Алынатын нəтижелер
мектеп оқушысының танымындағы жаңа сөздердің орнын, тезаурустық білім
деңгейін тексеруге мүмкіндік береді. Тапсырма көлемі – 5 сөз:
сынауыр,
кеппешӛп, желбағар, тұсбағар, сырғыма. Үлгі ретінде «жасуша» сөзі жəне
оның түсініктемесі ұсынылды:
Жасуша – бұл тірі ағзалар құрылымының ең
қарапайым бӛлігі, құрылысы мен тіршілік негізі.
Жаратылыстану бағыты бойынша іріктеліп алынған жаңа сөздер
семантикалық жағынан айқын, осымен байланысты оқушылардың жаңа
сөздердің терминдік қызметіне емес, семантикалық ерекшелігіне назар
аударғанын төмендегі нəтижелерден көруге болады (Кесте 7):
Кесте 7 – Жаратылыстану бағытындағы жаңа сөздердің мағынасын түсіну
деңгейін анықтауға арналған тапсырманың нəтижесі
Достарыңызбен бөлісу: