Алдашева камар сагингалиевна


Қалыптастырушы эксперименттің мақсаты



Pdf көрінісі
бет91/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

Қалыптастырушы эксперименттің мақсаты – жаңа сөздерді меңгерту 
арқылы оқушылардың лингвомəдени құзыреттіліктерін қалыптастыруға 
бағытталған əдістемелік жүйенің тиімділігін тəжірибе арқылы дəлелдеу.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер ілгері шығарылды: 
– тəжірибелік оқытуды ұйымдастырудың жоспарын құру; 
– эксперименттік жəне бақылау топтарын анықтау; 
– эксперименттік сыныптардағы оқушылармен сұқбат өткізу;
– өткізілетін сабақтардың жоспарын жасау.
Анықтау кезеңінің нəтижелері бойынша бақылау жəне эксперименттік 
топтар белгіленіп, тəжірибелік оқыту жүргізу туралы қорытынды жасалды. 
Тəжірибелік оқытуды жүзеге асыру мақсатында эксперименттік топтарға жаңа 
сөздерді меңгертуге арналған «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер: қалыптану 
жəне норма» деп аталатын таңдау пəнінің жобасы ұсынылды (Қосымша Ə). 
«Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер: қалыптану жəне норма» таңдау 
пəнінің оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің 
əлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайтуға, мемлекеттік 
тілді оқытудың əдіснамасын жетілдіру мен стандарттауға бағытталған 
заңнамалық құжаттардағы талаптарды жүзеге асыру мақсатында əзірленді. 
Пəнді оқытудың басты мақсаты – оқушылардың қазақ тілін меңгеруге 
ынтасын, жаңа сөздерді білуге, үйренуге, танымдық жəне уəждемелік 
қызығушылықтарын арттыру, қазақ тіліне деген қажеттілікті сезіндіру, 
патриоттық сезімін арттыру; орта білім беру жүйесінің көлемінде 
оқушылардың тілдік тұлға ретінде лингвомəдени құзыреттілігін қалыптастыру; 
қазақ тілінің коммуникативтік, эстетикалық жəне кумулятивтік ерекшеліктерін 
түсіндіру арқылы қазақ тіліне деген сұранысты арттыру; оқушылардың өзіндік 
таным қызметін қазақ тілінде қалыптастыру.
Таңдау пəнін ұсынуда мынадай міндеттер алға қойылды: 
- Қазақстанның тілдік кеңістігіндегі қазақ тілінің қызметін негіздеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет