74
мыңдаған жаңа сөздер енді. Қазақыландыру жолында сонымен қатар қазақ
ұлтының ана тілдің өміршеңдігін сақтау ісіндегі белсенді іс-шаралары да
айрықша рөл атқарады. Тіл саясатының, тілдік жоспарлау мен тіл корпусын
жоспарлаудың сындарлы түрде іске
асырылып келе жатқандығының
нəтижесінде қазақ тілтанымында қазақ неологиясы мен неографиясы қалыптаса
бастады деуге толық негіз бар. Бұл арада «қалыптаса бастады» деген ұғымды
нақтылай түсуге болады.
Сөз жоқ, тілдің лексикалық құрамындағы жаңа сөздер өткен ғасырдың өн
бойында қазақ тілтанымында əртүрлі аспектілер көлемінде – сөзжасамға, əдеби
тілдің тарихына, семасиологияға, лексикографияға, сөз мəдениеті мен əдеби
нормаларға, терминжасамға, аударматануға байланысты үзбай
қарастырылып
келді. Бірақ қазіргі кездегі жаңа сөздердің айтарлықтай бай корпусы жаңа
сөздерді зерттеудің басым бағыттарын, нысандарын, зерттеу əдіс-тəсілдерін,
басқа ғылыми парадигмалармен арақатысын,
тұтастай алғанда қолданбалы
ғылыми сала ретіндегі барлық белгілерін анықтаудың өзектілігін танытады.
Жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануына байланысты нормативті-
құқықтық негіздер мен ғылыми негіздерді талдау нəтижесінде, қазақ
неографиясы мен неологиясының басты белгілерін анықтау нəтижесінде қазақ
тілінің ұлттық корпусын қалыптастырудың өзектілігі жəне бұның кезек
күттірмейтін мəселе екендігі айқындала түседі.
Тілдің ұлттық корпусын қалыптастыру тілдік жоспарлау ұғымымен əрине
біртектес. Тілдің ұлттық корпусын қалыптастыру іс-шарасы қолға алынған
жəне іске
асырылған жағдайда, соңғы 20-25 жыл көлемінде төл тілдің əлеуеті
арқылы пайда болған жаңа сөздердің қалыптануы мен нормалануының басты
сипаттамаларын ғылыми тұрғыдан танып жəне практикалық тұрғыдан
орнықтыруға болады.
Тілдегі лексикалық жаңа сөздердің бір ізге түсірілуі, нормалануы мен
қалыптануы – үздіксіз жүретін динамикалық үдеріс. Бұл ретте қалыптану мен
нормалануға тікелей əсер ететін қайнар көздердің маңызды жəне басты түрлері
бар. Қазақ əдеби тілі лексикасының қазіргі динамикасындағы
өзгерістерді
бекітілген жаңа аталымдар тізбесінен, нормативті орфографиялық, екітілді
түсіндірме сөздіктерден, функционалдық стильдердің
басты тармақтарынан,
сондай-ақ білім беру жүйесіне арналған лингводидактикалық материалдардан
анық көруге болады.