Алдашева камар сагингалиевна


- интербелсенді дəрістің негізгі ұстанымы – «беру», «үйрету» емес,  «ұсыну»;  -



Pdf көрінісі
бет80/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- интербелсенді дəрістің негізгі ұстанымы – «беру», «үйрету» емес, 
«ұсыну»; 
- интербелсенді дəріс оқушылардың тақырып бойынша бұрыннан бар 
білімін тереңдетуге, дамытуға бағытталуы тиіс; 


154 
- интербелсенді дəріс диалогтық қарым-қатынаста немесе кері байланыс 
негізінде жүргізіледі (мұғалім – оқушы; оқушы – оқушы; оқушы – мұғалім – 
оқушы); 
- дəріс материалдары өмірден алынған шынайы деректерге сүйенілсе, 
оқушылардың тақырыпты талқылауға жəне пікір алмасу қызығушылығын 
оятады; 
- дəрістің қорытындысы ретінде оқушылар «Мен сабақта не үйрендім?», 
«Бұл білім маған қандай пайда келтіреді?», «Бұл білімді қалайша қолдануға 
болады?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімді ары қарай қалай 
дамытамын / жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» [177] деген 
сұрақтар төңірегінде өз жауаптарымен бөлісу арқылы жаңа білімді өз бетінше 
құрастырады;
- интербелсенді дəріс барысында оқушылардың белсенділігін жəне 
білімін бағалау мақсатында жазбаша тапсырмалар беріледі.
Жаңа сөздерді меңгертуде интербелсенді дəрістің мынадай жекелеген 
түрлерін пайдалану тиімді:
а) Мини-дəріс – теориялық материалдарды жеткізудің тиімді 
формаларының бірі. Оны бастамас бұрын өтілетін тақырыппен байланысты 
ойға шабуыл немесе рөлдік ойын өткізуге болады. Бұл оқушылар үшін 
тақырыптың өзектілігін ашуға жəне олардың тақырыпқа қатысты қаншалықты 
ақпаратқа ие екендігін анықтауға көмектеседі. Материал оқушыларға түсінікті 
тілде түсіндірілуі тиіс жəне əрбір жаңа терминге анықтама берілуі керек. 
Теориялық білімді «жалпыдан жекеге қарай» ұстанымы бойынша 
түсіндірген 
жөн. 
Келесі 
мəселеге 
ауыспас 
бұрын 
айтылғандарды 
қорытындылап, оқушыларға түсінікті болғанына көз жеткізу керек. 
Іргелі зерттеулерге сілтеме жасап, айтылған пайымдаулар ғалымдар мен 
мамандар тарапынан ұсынылғанын ескерту керек. 
Мини-дəріс соңында оқушыларда туындаған сұрақтарды талқылап, 
алынған ақпаратты практикада қалай қолдануға болатынын жəне қандай 
нəтижеге қол жеткізуге болатынын сұрау керек. 
Мини-дəрісті интербелсенді тəртіптемеде жүргізу қажет. Мұғалім қандай 
да бір ақпаратты жеткізбес бұрын оқушылардың бұл туралы не білетіндігі 
анықталады; қандай да бір тұжырымдарды ұсынғаннан кейін мұғалім осы 
мəселе бойынша оқушыларды талқылауға шақырады. Алынған білімді бекіту 
мақсатында мини-дəрістен кейін түрлі жазбаша-ауызша тапсырмалар 
орындалды. 
Мини-дәрістің негізгі мақсаты – ойға шабуыл əдісі бойынша жүргізілген 
жұмыстың нəтижелерін талқылау жəне қорытынды шығару.
Жаңа сӛздерге қатысты мини-дәрістің жоба-жоспарының міндеті – 
қазіргі қазақ əдеби тіліндегі жаңа сөздер жəне олардың тіл жүйесіндегі орны 
мен маңызы туралы қысқаша ақпарат беру. 
«Ойға шабуыл», «Мини-дəріс» əдістерін тоғыстыра пайдаланудың жоба-
жоспарын 10-сыныпта «Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі жаңа сӛздер: тіл 


155 
жүйесіндегі орны және маңызы» тақырыбында жүргізілген төмендегідей сабақ 
жүйесі арқылы көрсетуге болады (Кесте 4):
Кесте 4 – Таңдау пəні бойынша сабақ жоспарының үлгісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет