Алдашева камар сагингалиевна


- оқушылар нақты оқу тапсырмасының шешімін табу үшін топқа бөлінеді;  -



Pdf көрінісі
бет77/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- оқушылар нақты оқу тапсырмасының шешімін табу үшін топқа бөлінеді; 
- əрбір топқа белгілі бір тапсырма беріледі (немесе бірдей); 
- берілген тапсырманы орындауға топтың əрбір мүшесі үлес қосуы керек; 
- топтың құрамын жасақтауда əрбір топ мүшесі оқу мүмкіндігін ұжым 
үшін барынша тиімді түрде жүзеге асыра алуын ескеру керек (əрбір топта 
үлгерімі жоғары – орташа – төмен оқушылардың саны тең болуы тиіс).
Жаңа сөздерді меңгертуде оқушыларды шағын топқа бөлу арқылы оқыту 
интербелсенді əдістің талаптарын қамтамасыз етуге мүмкіндік бере отырып, 
оқушыларды нəтижелі білімге, белсенділікке бағыттады, қызығушылықтары 
мен оқу уəждемелерін арттырды. Осы арқылы олардың жаңа сөздерге қатысты 
білімдерін тереңдетуге жол ашылды.  
Шағын топта орындалатын жұмыстардың бірі – пікірталас. Пікірталас – 
қандай да болмасын проблема бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру 
арқылы ақиқатқа жетудің тəсілі [177]. Пікірталас – оқыту үдерісінде 
коммуникацияға түсудің маңызды формаларының бірі, талас тудыратын 
мəселелердің шешімін табудың жəне танымның ерекше əдісі болып табылады. 
Бұл əдіс мəселені оқушылардың барынша толыққанды өз бетінше түсінуіне 
мүмкіндік 
береді. 
Қарым-қатынас 
формасы 
ретінде 
пікірталастың 
артықшылығы бір келісімге келу үшін түрлі пікірлер белгілі бір ереже мен 
мəдени нормалардың шеңберінде ұсынылады. Əрине, бұл оқушылардың 
барлығы бір тұжырымға келісуі міндетті дегенді білдірмейді. Пікірталас 
мынадай сатыларды қамтиды:
- екіжақты шешімі бар мəселе ұсынылады;
- оқушылар топқа бөлінген жағдайда өзіндік ұстанымдарын айқындап, 
оны дəйекті тұжырымдармен дəлелдеуі керек; 
- əр топта алдын ала сайланған спикерлер кезекпен өз тұжырымдарын 
ұсынады; 
- спикердің сөзінен кейін қарама-қарсы жақ сұрақ қоюына болады, 
сұраққа спикер ғана емес, топ мүшелері бірлесіп жауап беруіне болады; 
- əр топ өзіндік тұжырымдарын айтқаннан кейін, оқушыларға тақырып 
бойынша жəне пікірталас нəтижесінде түйген ойларын эссе түрінде жазбаша 
ұсынады. 


151 
Ғалым Ж. Дəулетбекованың пайымдауынша, пікірталас – оқушылардың 
өзара пікір алмаса отырып, оқу міндеттерін ұтымды əрі нəтижелі шешуге 
мүмкіндік туғызатын бірлескен ұжымдық əрекет түрін ұйымдастырудың ең жиі 
қолданылатын əрі ең өнімді əдісі. Топтық пікірталас дегеніміз – топ 
мүшелерінің пікірін, көзқарастарын, мақсаттарын анықтауға мүмкіндік беретін 
таласты мəселелерді бірлесе талқылау [190, 229-230].
Пікірталас əр оқушының өз көзқарасын айқындау мақсатында 
ұсынылатындықтан, ақиқатқа жетудің түрлі жолдарын табу мақсатында 
жүргізіледі. 
Пікірталас əдісін сабақ барысында өзге де интербелсенді əдіс түрлерімен 
тоғыстыра пайдалануға болады. Мəселен, интербелсенді дəріс түрлерінің 
соңында пікірталас ұйымдастыру тақырып бойынша білімді бекітуде оң 
нəтижеге қол жеткізуге көмектесті. Жаңа сөздерді меңгертуде бұл əдісті 
қолданудың тиімділігі – осы мəселеге байланысты əлі де шешімін таппаған
талас тудыратын сұрақтармен жəне тілдің динамикалық сипатының қай кезеңде 
де жаңа сөздердің пайда болуына алып келуі, олардың нормалануы мен 
қалыптану үдерістерінің күрделілігімен байланысты.  
«Ойға шабуыл» əдісі. Ойға шабуыл – оқушылардың шығармашалық 
белсенділігін ынталандыру арқылы мəселенің шешімін табуда жүзеге 
асырылатын практикалық сабақ. Ойға шабуыл (brainstorming – «дельфин» әдісі
топтық пікірталас əдістерінің жиынтығына жатады. Бұч5л – топтағы 
оқушылардың қойылған сұраққа қатысты кез келген жауабын қабылдай 
отырып, олардың шығармашылық ойлауын белсендіретін əдіс. Айтылған 
көзқарастарға бірден баға бермеу керек, керісінше барлығын қабылдап, 
əрқайсысының пікірін қағазға немесе тақтада жазу керек. Оқушылар өздерінен 
негізді немесе түсіндіруді қажет ететін жауап талап етіліп отырмағанын білуі 
керек.
«Ойға шабуыл» оқушылардың белгілі бір сұраққа қатысты қаншалықты 
ақпараты бар екендігін немесе қатынасын анықтау үшін қолданылады. 
Жұмыстың бұл түрін кері байланыс үшін қолдануға болады.
«Ойға шабуылды» жүргізудің тəртібі бойынша берілетін уақыт – 8-10 
минут. Ойға шабуыл əдісі ауызша жəне жазбаша түрде жүргізіледі.
1. Оқушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырыпты беру немесе сұрақты 
қою. 
2. Осы тақырып немесе сұрақ бойынша өзіндік пікірін айтуды ұсыну.
3. Айтылған барлық пікірлерді жазып алу (олардың барлығын еш 
қарсылықсыз қабылдау). Егер оқушының пікірі түсініксіз болса, оны 
нақтылауға рұқсат беруге болады (қандай жағдайда да пікірді оқушының өз 
аузынан қалай шыққаны бойынша жазып алу керек).
4. Идеялар мен пайымдар айтылғаннан кейін, берілген тапсырманы 
қайталау. Айтылған пікірлермен толық танысу. 
5. Ойға шабуыл əдісімен жұмыс істеген білім алушылардың жасаған 
қорытындысы нəтижесінде қандай түйін шығаруға болатындығын жəне бұның 
сабақ тақырыбымен қандай байланысы барын сұрап, жұмысты аяқтау.


152 
Жаңа сӛздерге қатысты «ойға шабуыл» әдісін жүргізудің үлгісі: 
Талқылау үшін ұсынылатын тақырып: «Қазіргі қазақ əдеби тіліндегі жаңа 
сөздер: тіл жүйесіндегі орны жəне маңызы».
1. Берілген тақырып бойынша əр топтан оқушылардың өз пікірін айтуды 
ұсыну. Бұл үшін жетек сұрақтар беруге болады.
2. Жетек сұрақтар жəне оқушылар тарапынан ұсынылған жауап нұсқалары 
төмендегі кестеде көрсетілді (Кесте 3):
Кесте 3 – «Ойға шабуыл» əдісі бойынша жетек сұрақтар жəне оқушылар 
тарапынан ұсынылған жауап нұсқалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет