1-топ: а) ағза, жасуша, дәрумен, ӛсімдіктану
(шектеулі).
ə) оқулықтардағы қазақ тіліндегі ғылыми
терминдерді түсіну қиын.
2-топ: а) кездесетін ғылыми терминдер
туралы ақпараттар көбінесе орыс тілінде
болғандықтан, орыс тіліндегі баламасын
түсіну оңайырақ.
ə) мысалы, өсімдіктердің кейбір атауларын
жаттау қиын.
5. Жаратылыстану
пəндері
бойынша оқулықтарда жаңа
сөздер
жиі
кездеседі.
Мысалы, ақуыз, жасуша,
дәрнәсіл, тәлімбақ т.б. бұрын
орыс
тілінде
болған
терминдердің
қазақша
атауларының пайда болуы
неге
байланысты
деп
ойлайсыз?
1-топ: а) қазір көп сөздердің қазақша
нұсқаларын тілге енгізу кең таралып келеді;
ə) қазақ тілінің болашағы үшін жасалып
жатқан іс-шара;
2-топ: а) таза қазақ тілінде сөйлеу керек деген
ұстанымды жүзеге асыру үшін;
ə) қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру үшін.
«Ойға шабуыл» əдісі бойынша қойылған сұрақтарға оқушылар тарапынан
ұсынылған жауап нұсқалары олардың жалпы тілдің дамуы, жаңа сөздердің
пайда болуы, оның маңызы, неге керек деген өзекті мəселелерге қатысты
өзіндік шығармашылық ойлау ерекшеліктерін танытты. Осы əдістің көмегімен
жаңа сабақты бастамас бұрын тақырыпқа қатысты оқушылардың не
ойлайтынын білуге, олардың қызығушылығын оятуға, оқытудың уəждемесін
анықтауға жəне жаңа сабақ тақырыбына қатысты бағыт беруге болады. «Ойға
шабуыл» əдісі интербелсенді əдістің талаптарына сай əрбір оқушының
белсенділігін арттыруға, өзара ақпарат алмаса отырып, өзіндік пікірін еркін
жеткізуге мүмкіндік берді. Сабақ барысында интербелсенді əдістерді тоғыстыра
пайдалану мақсатында осы əдісті əрі қарай интербелсенді дəріс түрлерімен
жалғастыруға болады.
Интербелсенді əдістерді білім беру жүйесінде жаңғыртудың бірі –
интербелсенді дəрістер. Интербелсенді дəрістерге тəн ерекшеліктер сан түрлі.
Солардың қатарында біздің тақырыбымызға сəйкес келетін негізгілерін атап
көрсетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |