Алдашева камар сагингалиевна


  Жаңа сӛздерді меңгертудің әдістемелік жҥйесі бойынша



Pdf көрінісі
бет86/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

3.3 
Жаңа сӛздерді меңгертудің әдістемелік жҥйесі бойынша 
жҥргізілген эксперименттің барысы және нәтижелері
 
Тілдік тұлға болып саналатын жəне жалпы білім беру үдерісіндегі орталық 
субъект – оқушының қазақ тіліндегі жаңа сөздерді тануы, жаңа сөздерге деген 
танымдық жəне уəждемелік қызығушылықтарының артуы, мойындауы, қазақ 
тілін жоғары дəрежеде меңгеруге деген ұмтылысы қандай дəрежеде екендігін 
анықтауда экспримент жүргізу тиімді нəтижелер берді. 
Білім беруді жетілдірудің тиімді жолдарының бірі – оқыту, білім беру 
əдістерін одан əрі жаңғырта түсу (модернизация жасау), тың жолдарын 
іздестіру жəне оны практикада қолдану. Жалпы орта білім жүйесінде 
оқушылардың сөз мəдениетіне деген танымдық жəне уəждемелік 
қызығушылықтарын арттыру, дамыту мақсаттарында күнделікті сабақ беру 
үдерісінің нəтижелі болуын зерттеу əдістерінің бірі – эксперимент жүргізудің 
тиімділігі жоғары болды. Эксперимент қорытындылары оқушының жалпы 
білім деңгейін анықтау, осы арқылы тілді оқытудың жаңғыртылған тиімді 
əдістерін 
енгізудің, 
оқу 
бағдарламаларын 
жетілдіре 
жоспарлаудың 
мүмкіндіктерін көрсетуді көздеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сəйкес эксперимент анықтау (қандай 
проблеманың барын анықтау, келесі жұмысты қандай позициядан бастау 
керектігін көрсететін эксперимент), қалыптастыру (проблеманы шешудің 
жолдарын зертханалық жағдайларда кең ауқымда қамтитын эксперимент) жəне 
қорытынды (алынған материалдарды бағалау мүддесін көздейтін эксперимент) 
кезеңдер бойынша жүргізілді.
Зерттеу нысанына сəйкес жүргізілген эксперименттің жалпы мақсаты – 
жалпы орта білім беретін мектептердегі қазақ тілін оқыту үдерісінде жаңа 
сөздер мəселесінің теориялық жəне практикалық тұрғыдан қамтылу дəрежесіне 
сараптама жүргізу, бейіндік мектепте оқушылардың тілдік тұлғасын дамыту 
мүддесінде жаңа сөздерді меңгертудің əдістемелік жүйесін ұсыну, жаңа 
сөздерді оқыту мен меңгертудің жаңа технологияларға негізделген əдіс-
тəсілдерін жетілдіру, олардың тиімділігін эксперимент арқылы дəлелдеу. 


166 
Эксперименттің кезеңдері Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты 
Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназиясы мен Орал қаласындағы №1 
мектеп-гимназиясының базасында жүзеге асырылды. Сауалнамаға 204 оқушы 
(10-сынып) қатысты: анықтау кезеңі үшін – 106 оқушы; қалыптастырушы жəне 
қорытынды кезеңдерде – 98 оқушы (Қосымша Б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет