Алғы сөз Типтік бағдарлама


Глоссарий АВАНГАРДИЗМ



бет74/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
УМКД. Мәдениет

Глоссарий


АВАНГАРДИЗМ, авангардшылдық (франц.— алғы шептегілер) — қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым А. XIX ғ. аяғы мен XX ғ. 60—70 жылдарында өрістеді. Ол модернизмнің тым әсер-ленген бағыты ретінде қалыптасты. А.-нің басты мәнісі—мәде-ни мирасқорлықтың маңызын кемітіп, «меңгі қүндылықтар» деген үғымды қайта қарау. А.-нің пайда болуына философияда постклассикалық ағымның (Шопенгауэр, Ницше, Бергсон, Хайдеггер, Сартр т.б.) ықпал етуі; психологияда — фрейдизм мен психоанализдің қалыптасуы, лингвистиканың мәдениеттанулық деңгейде көрінуі; еуропаорталықтық принциптен бас тартып, шығыстық мәдениеттерге, дінге назар аудару; теософия, антро-пософия жаңа эзотериялык ілімдердің жандануы үлкен әсерін тигізді. А. үғым-терминін өнертануда алғашқы рет қолданысқа енгізген француз көркем өнер сыншысы Т. Дюре болды. А. өкілдері өнерді өмірден айырып қарап, оның әлеум. маңызын жоққа шығарды, өнердің ерекше эстет. табиғатын әсіреледі. Реализмді теріске шығарғандардың барлығы өздерін «авангард-шылар» қатарындамыз деп есептеді: тарихи-мәдени маңызды-лығы бойынша А.-нің екі бағытын айыруға болады: ғаламдык және шағын аумақты. Соңғылары өздерінің жеке ізденістері мен тәжірибелері арқылы жалпы А.-нің ықпалын күшейтті. А. өнердің әр саласында өзінше көрініс тапты: театрда реалистік декорация абстракті конструкциямен алмастырылды, қойылым-ның шарттылығына, еркіндігіне ерекше назар аударды (Б. Брехт, В. Мейрхольд, Е. Вахтанговт.б.); әдебиетте (А. Бехер, П. Элюар, М. Пруст, Ф. Кафка, Э. Ионеско т.б.) жаңа рәміздік-шартты-лық тәсілдер кеңінен қолданылды; бейнелеу өнерінде (П. Пикассо, М. Шагал, С. Дали, Маттисс т.б.) абстракшыл-дықтың, дадаизмнің, сюрриализмнің, конструктивизмнің т.б. тәсілдері алдыңғы қатарға шықты; музыкада, әсіресе, таспаға жазып алу жөне электронды синтезатордың пайда болуы, оны XX ғ. ырғақтарына сөйкестендірді; сәулет өнеріндегі А. стиліндегі ғимараттар адамзат қиялының нәтижесі ретінде керініс тапты. Ғасыр басында А. бағыты қаншама әділ сынға үшырағанымен, өзінің мәдени қүндылығын жоғалтпады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет