Алғы сөз Типтік бағдарлама



бет77/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91
УМКД. Мәдениет

АРХЕТИП (грек.— бастау,— бейне) — алғашқы үлгі, түпнүсқа. А. жалпыадамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығарм. жасампаз қиялдын нәр алатын бастауына жатады. А. онерде ерекше рөл атқарады. Мәдени А.-тер — бүл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жоніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-күнды-лық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-қүндылық бағдарлар. А. туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитика-лық психологиясында», Л.С. Выготскийдің «мәдени-тарихи те-ориясыңда», Дж. Кулидін «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті қүндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К. Юнгтің аналитикалық психологиясында А. комескі сананың тылсымдық қүрылымдарыңда «үжымдық бейсаналық» түпнүс-қалар ретінде сақталды. Мәдени түлғаның рухани-шығармашы-лық қазынасын қауымдық тылсымдағы А.-тер қүрастырады. Оларға адамның рухани омірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-өрекетін, мінез-қүлық жүйесін жалпылама анықтайтын қүндылықтар қисыны жатады. Осы-ның негізінде адамда «меңдік» сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өрісі пайда болады. Әрбір халық оз мөдениетін еркін дамытуға мүмкіндік алған кезде А.-теріне жиі оралады. Мыс, Қазақстанда соңғы жылдары мәдениет пен өнердің әр саласын-дағы «ұлттық негіздерді жаңғырту» идеясы осымен түстас.


АУТИСТІК ОЙЛАУ (грек.— өзім) — түлға немесе мәде-ни феноменнің түйық, терең үңілген типі, түлғаға қатысты «шизоид» термині де қолданылады. Оны «шизофреник» түсінігімен ауыстыруға болмайды. Шизоид — туысқандарының қанында шизофреникалық гендердің болуы мүмкін, бірақ, озі шизофрениямен ауыра алмайды, ейткені, бүл орынды оның сипаттамалық типі алып қойған, оның басты белгілері: озіне-өзі сіңу (интроверсия) және материалды омірмен салыстырған-да рухани омірді басты деп есептеу. Бүл мағынада А. о. — идеализмнің синонимі. Бірақ А. о. философиялық емес, психо-логиялық ұғым болып табылады. Шизоид-аутист міндетті түр-де ақын не философия профессоры емес, маңыздысы — оның санасы белгілі бір бағытта жұмыс істейді. А. о. үғымын швейца-риялық психолог және психиатр Эуген Блейлер енгізген, ал Эрнест Кречмер «Тән қүрылымы және мінез-қүлық» деген кітабында оны суреттеп берген. Әдетте, ол арық және үзын түра, салқынқанды, тарамысты болып келеді. Әр мәдениеттің, өнердің әр түрінің өзіндік адам типі бар. XX ғ. аутист-шизоидтар жиі кездеседі. Сыртқы түрқымен аутистік типке жататын XX ғ. мәдениетінің үлы өкілдері: Джеймс Джойс, Густав Малер, Ар-нольд Шенберг, Дмитрий Шостакович, Карл Густав Юнг. XX ғ. А. о. тек жеке түлғалар емес, сонымен бірге түтас ағымдарға да тен. Неомифологизм және авангардшылдық өнерге аутизм тән емес, оның сипаттамалық белгісіне полифониялық мозаика жатады. Аутистер екі типті болады: авторитарлар — бүлар, әдетте, жаңа бағыттардың негізін салушылар (Н.С. Гумилев, А. Шен-берг, В. Брюсов) және дефензитивтілер (агрессияшыл емес, қорғанушы үстанымдағылар); мысалы, олардың қатарынан Ф. Кафканы — қорғансыз, әйелдерден және әкесінен қауіптенетін, өзіне өзі сенімсіз, бірақ өзінше түтас көруге бола-ды. Классикалық аутистер қоршаған орта жағдайларына мүл-дем бейтараптық танытады және осы арқылы төтенше жағдай-ларға тез икемделе алады. Мысалы, социалистік қоғамға іштей жат композитор С. Прокопьев компартияға арнап опералар жаз-ды. Ол бүл ісіне нашар ауа-райына төзімділік танытқан тәрізді қарады, ал ішкі рухы таза күйінде қала берді. А. Швейцер сияқты тынымсыз шизоидтар өзінің ішкі дүниесінің үйлесімділігіне сүйеніп, жанқиярлық әрекеттерге барады. Л. Витгенштейн «Ло-гикалық-философиялық трактатын» жазғаннан кейін философ кедей болуы керек және философ балаларға көмек беруі қажет деген өзінің аутистік адамгершілік императивіне сүйеніп, әкесінің миллиондаған мүрасынан бас тартып, алыс ауылға мектеп мүғалімі болып аттанды. А. о.-дың мәнісін Гессе өзінің «Ақын» деген нақыл әңгімесіңде дәл суреттеп береді. Оңда қытай ақыны отанынан алыста бір үстаздан тәлім алады. Отанын сағынған оны үстазы үйіне қайтарады. Төбе басынан үйін көріп, оны лирика-лық сезінуден кейін, ол үстазына қайтып келеді. Өйткені, ақын-ның ісі — күнделікті өмірден гөрі, өз сезімдерін жырлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет