АМБИВАЛЕНТТІЛІК (грек.— екі жағынан, лат.— күш) — бойында қарама-қарсы сезімдер (қуаныш-қайғы, махаббат-жеккору т.б.) туғызатын жағдайды білдіретін психо-логиялық үғым. А. адамның қоршаған ортаға қарым-қатына-сының күрделілігін, екіүштылығын және қүндылықтар жүйесінің қайшылығын білдіреді. А. терминін алғаш швейцар-лық психолог Э. Блейлеф үсынған. К. Юнг оны мәдениеттану-да қолдана бастады. К. Юнгтің ұжымдық бейсаналық ілімінде архетиптік сананың мазмұнына екіүштылық тән, себебі түрақ-ты ескі сананың бейнелері жаңа мазмүн динамикасының салда-рынан адамның тылсым дүниесіне ығыстырылады, бірақ ол күнделікті емірде жоғалып кеткен, тылсым дүниеден бастау алатын А. керіністеріне әкеледі. М. Бахтиннің мәдениеттану тео-риясында А. орта ғасырлар мен Кайта Өркендеудің күлкі-әзіл мәдениетіне тән коркем бейнелерде байқалады. А. бүл жағдай-да ортағасыр адамына төн дене мен рухтың дуализмінен туын-дайды және жеке түлғаның тіршілігіндегі циклдік озгерістерге (ескі-жаңа, туу-олім, жас-кәрі т.б.) қатысты байқалып отыра-ды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне де А.-тің керіністері тән: кешпелі тынымсыз қозғалыс және әлеуметтік түрақтылық, мүсылманшылық және тәңіршілік, күңделікті тіршілік және сауық мәдениеті, еркіндік және қауымдастық т.б.
АНДЕГРАУНД ӨНЕРІ (ағыл.— жасырын) — XX ғ. екінші белігінде батысеуропалық және орыс мәдение-тіндегі ресми өнерге қарсы оппозициялық қозғалыс А. е. рес-ми мөдениеттің қүндылықтары мен догмаларын қабылдамай-тын, авангардтық онердің, рок-мөдениеттің, қарсы-мәдениеттің, жастар қозғалысының кейбір принциптерін бойына сіңірген енердің дөстүрлі емес бітімдерінен кұралады. А. е.-ді мәдени өмірдің кейбір жергілікті коріністерімен де (самиздат, бейресми көрмелер, жасырын концерттер, дискотекалар, салондық мәдениеттің кейбір түрлері т.б.) байланыстарды. Тоталитарлық қоғамда А. е. саяси-идеологиялық ектемдікпен өнер еркіндігін түншықтыруға бағытталған мемл.-әкімшілік жүйемен және бірден-бір енер жүйесі болып танылған соц. реализммен келіспеушіліктен туындаған. Осы қоғамда жасырын айтылатын анекдоттар да А. е.-не жақын. А. е.-нің кейбір түрлеріне қарадүрсіндік пен руханисыздық тән.
Достарыңызбен бөлісу: |