5.4.Операциялық алаңды Филончиков-Гроссих өңдеу әдісінің техникасы.
Мақсаты: Операциялық алаңды залалсыздандыру.
Құралдар: қауіпсіз ұстара, 1% иод ерітіндісі,стерильді мақта тампондары,пинцет,70%спирт
Әрекет алгоритмі:
1. 1%иодонат ерітіндісіне малынған салфетка алыңыз.
2. Операциялық аймақты айқындалған тіліктен переферияға қарай 1% иодонит ерітіндісімен 2 рет сүртіңіз.
3.70% спиртке малынған салфетка алыңыз.
4. Айқындалған тіліктен переферияға қарай 70% спиртпен 2 рет операциялық аймақты сүртіңіз.
5. 1% иодонит ерітіндісі.
6. 1% иодонит ерітіндісімен теріні тігіс салар алдында және салынғаннан кейін сүртіңіз.
Ескерту:
Операция алдында науқасқа ортақ гигиеналық ванна жүргізіңіз
Төсек және науқас үстіндегі жайалықтарды ауыстыр.
Науқастың жыныс мүшесін операция алдында тазартыңыз
Отаға 30 мин қалғанда науқасты шешіндіріңіз.
Басына орамал тағыңыз
Аяғына бахила кигізіңіз.
Науқасты сүйретпелі арбаға жатқызыңыз
Ота бөліміне жеткізу.
5.5 Артериялық қан кетуде резеңке еспе қою техникасы.
Мақсаты: Артериялық қан кетуді тоқтатау.
Көрсеткіштері:Артериялық қан кету.
Құралдар: Эсмарха резеңке еспесі,стерилденген перечатка ,үлкен салфетка немес сүлгі,таңғыш материал,қағаз қарандаш.
Әрекеттер алгоритмі:
1. Науқасты қараңыз,сабырға шақырыңыз ,жатқызыңыз
2.Науқастың жағдайын анықтаңыз,жарасын қараңыз
3. Науқасқа мақсатымен әрекеттің жүрісін түсіндіріңіз.
4. Қолыңызды спиртпен өңдеңңіз
5. Стерилденген перчатка киіңіз.
6. Артерияны және сүйекті саусақпен қысыңыз.
7. Қан айналым жақсы жүру үшін аяқ қолды жоғары қалыпта қоямыз.
8. Резеңке еспе қою орнына қан кету аймағынан жоғары салфетка немесе сүлгімен ораңыз.
9. Қан кету тоқтату үшін резеңке еспені қатты байлаңыз.
10. Келесі айналымдарды алдынғысын жаба отырып айналдырыныз.
11. Резеңке еспенің бос жерін қысқышпен қысамыз.
12. Резеңке еспе дұрыс тұрған тұрмағанын анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |