5.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым
Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) берген кезде алынады.
Алым төлеушiлер - телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары.
Өздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттiк мекемелер алым төлеуден босатылады.
Алым ставкалары
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгіленеді және мынаны құрайды:
Есептеу мен төлеу тәртiбi
Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органнан рұқсат алғанға дейiн телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша бюджетке төленедi.
Назарларыңызға
рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |