2.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым
Алым алынбайды:
1)- жедел медициналық жәрдем қызметінің;
- өртке қарсы қызметтің;
- авариялық-құтқару қызметтерінің;
- жол-патрульдік қызметтің арнаулы автокөлік құралдарының;
2) басқа баламалы жол болмаған кезде:
- жолаушылар мен жүктерді қала маңы қатынастары мен кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен байланыстыратын қатынастарда тұрақты тасымалдайтын автобустардың;
- белгілі бір аудан шегінде жолаушыларды (жүктерді) тұрақты тасымалдау мақсатында ақылы мемлекеттік автомобиль жолына жақын жатқан осыр ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустардың;
- белгілі бір ауданның шегінде қозғалыс кезінде ақылы мемлекеттік автомобиль жолына жақын жатқан осы ауданның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автокөліктердің;
- су бөгеттерімен және темір жолдармен шектесетін жақын көліктік жол айырымдары арасындағы ақылы мемлекеттік жолдардың учаскелері (бөлігі) шегінде жүк автокөлік құралдарының, дөңгелекті өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік машиналардың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргені үшін алынбайды.
Алым төлеушiлер - Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүруiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Алым ставкалары
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 2 еселенген мөлшері;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
4) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшін алым ставкасы мынаны қамтиды:
- автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) жалпы нақты салмағының жол берілетін жалпы салмақтан асып түскені үшін есеп-қисап, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшеріндегі төлемақы ставкасын асып түскен әрбір (толық емесін қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі;
- Отандық және шетелдік автокөлік құралдарының ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүруі үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |