Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ әдебиеті



бет11/14
Дата14.02.2023
өлшемі238.76 Kb.
#469520
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
!16 ОШ ҚБ Әдебиет 7-сын қаз

Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»



Оқу мақсаты

7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту




Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкер бейнесін ашады

  • Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Қолдану



1-тапсырма

Шаншатайдың Тәмпіш қара атануының себебі неде? Шаншатай бейнесін ашып жазыңыз.
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________



Дескриптор

Білім алушы




  • Шаншатайдың Тәмпіш қара атану себебін түсіндіреді;

  • Шаншатай бейнесін ашып жазады.

2-тапсырма
Жұбыңызбен бірге балалар арасындағы диалогті жаттап, көрініс көрсетіңіз (мысалы, Шаншатай мен Ертайдың комбайн көруге бармақ болуы).



Дескриптор



Білім алушы







  • диалог бойынша көрініске қатысады;

  • шығарма үзіндісін жатқа айтады.






Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»



Оқу мақсаты

7.2.1.1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма эпизодтарын талдайды

  • Кейіпкерлер бейнесін салыстырады

Қолдану



1-тапсырма

Балалардың Шаншатаймен танысқанға дейінгі өмірлері мен танысқаннан кейінгі оқиғаларды салыстыра отырып, талдаңыз. Шығарма эпизодтарын қолданыңыз.



Дескриптор

Білім алушы




  • шығарма эпизодтарын байланыстырады;

  • эпизодтарды салыстыра талдайды.




2-тапсырма
Сізге шығарма кейіпкерлерінің қайсысы көбірек ұнады? Неліктен? Өзге кейіпкерлермен салыстыра талдаңыз.





Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкерлер бейнесін салыстырады;

  • өзіндік талдау жасайды.



Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»



Оқу мақсаты

7.2.2.1 Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау




Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы автор бейнесін анықтайды

  • Автор бейнесін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Жазушы Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысын, оның бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттерін қалай жеткізді? Оқиғаны баяндау мен кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы автор суреткерлігін талдаңыз, автор бейнесін анықтаңыз.

Дескриптор

Білім алушы




  • шығармашылық, жазушылық тұлғасын таниды.



Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»





Оқу мақсаты

7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

  • Әдеби эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Шығармада сыпайылық, әдептілік, үлкенге деген құрмет қалай көрініс тапқан? Әдеби эссе жазуда ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдаңыз (170 сөз).



Дескриптор

Білім алушы




  • шығармада көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды талдайды;

  • өзіндік көзқарасын білдіріп, бағалайды;

  • әдеби эссе жазады.





4-тоқсан





Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»



Оқу мақсаты

7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары













Тапсырма

Шығарма үзінділерін оқи отырып, кейіпкердің іс-әрекетіне талдау жасаңыз. Ойыңызды «Түйін» кестесін толтыру арқылы тұжырымдаңыз.

а) Әттең, біздің сор маңдайлы Жайықта,


Ерлер аз ғой бара алатын байыпқа.
Тым кеш ұқтым,
Махамбеттей батырға,
Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?!.

ә) Адам емес,


Ең бірінші, надансың,
Ел дәстүрін,
Ер дәстүрін қорлаған.
Нақ мынадай қасиетсіз оқиға
Бұрын қазақ топырағында болмаған...

б) Қараладың қасиетті мекенді,


Жараладың тұрмастай ғып әкеңді,
Мына жолмен өткен жұрттың аузынан
Махамбеттің жырын тыңдап жат енді.
Мүмкін, сонда ұғынарсың қатеңді.
Кім аяққа басса заңын даланың-
Ұмытқаны қатал тарих сабағын...

Түйін кестесі



Менің ойымша...




Себебін былай түсіндіремін...




Мына фактімен дәлелдей аламын...




Былай қорытамын...










Дескриптор

Білім алушы




  • шығарма үзінділеріндегі кейіпкердің іс-әрекетін талдайды;

  • өз ойларын «Түйін» кестесін толтыру арқылы тұжырымдайды.







Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»



Оқу мақсаты

7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау





Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

  • Кейіпкер бейнесін талдайды

Қолдану



Тапсырма

Шығармадағы әке мен бала образын талдаңыз. Жасалу тәсілдерін анықтаңыз.



Әке

Бала





Жасалу тәсілдері








Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы кейіпкерлердің типін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтайды;

  • шығармадан нақты дәлелдер келтіреді.



Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»



Оқу мақсаты

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары











Тапсырма

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, т.б.) қолданысын талдаңыз.



Мысалдар

риторикалық сұрақ

аллитерация

метафора

қайталау

синекдоха

Қолданудағы мәні

Мына жолмен өткен жұрттың аузынан
Махамбеттің жырын тыңдап жат енді.
Мүмкін, сонда ұғынарсың қатеңді.



















Сенем, ертең оттыға отсыз күлмес деп,
Тек тұлпарлар ғана алатын бас бәйгі
Есектердің мойнында жүрмес деп.



















Иә, шындықтың ащы даңқы,
Шындық үшін жалғыз түстім егеске.
Ақындықтың басты шарты-
Басты алса да, шындықты айту емес пе?



















- Ой, залым-ай,
Жүзі қара залым-ай,
Мұнша залым екеніңді қалай келгем танымай.



















Өлімге сан жақын бардым,
Қорғансыз боп көрінсем де жай көзге...
























Дескриптор



Білім алушы




  • үзінділердегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;

  • көркемдегіш құралдарды ажыратады;

  • олардың қолданысын талдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет