Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ әдебиеті



бет13/14
Дата14.02.2023
өлшемі238.76 Kb.
#469520
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
!16 ОШ ҚБ Әдебиет 7-сын қаз

Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»



Оқу мақсаты

7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

  • Сыни шолу жазады

Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Шығарманың эстетикалық құндылығы неде? Өз ойыңызды жинақтай отырып, шағын сыни шолу жазыңыз (120-150 сөз).



Дескриптор

Білім алушы




  • шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды;

  • шағын сыни шолу жазады.

  • сөз көлемін сақтайды.




Оқылатын шығарма
тақырыбы Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі





Оқу мақсаты

7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкер бейнесін ашады

  • Көркем шығарма үзіндісін жатқа айтады

Қолдану











1-тапсырма

Кейіпкер бойынан асқақ рух пен өрлік аңғарыла ма? Автор тарих өткелдерін, қазақ халқының бейнесін қалай сипаттайды? Ойыңызды дәлелдер арқылы жеткізіңіз.



Дескриптор

Білім алушы




  • өлең жолдарындағы кейіпкер бейнесін ашады;

  • дәлелдер келтіреді;

  • кейіпкер бойындағы асқақ рух пен өрлікті анықтайды.

2-тапсырма
Шығарманың өзіңізге ұнаған бөлігін жатқа айтыңыз.



Дескриптор

Білім алушы







  • шығарма үзіндісін жатқа айтады;

  • мәнерлеп айтады.









Оқылатын шығарма
тақырыбы Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі



Оқу мақсаты

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білім алушы

  • Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

  • Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары









Тапсырма

Берілген өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдарды анықтап, қолданысына талдау жасаңыз.

...Қалай жүрем


Темірден
Соғып шыдам,
Төзімді...
Көріп едім бәрін мен
Ойып алды көзімді.

Қалай жүрмін -


құламай!-
Қазды менің түбімді.
Сөз айтып ем -
Шыдамай!-
Қырқып алды тілімді.

Қай жерде мен тайқып ем?!-


Сынап тағы бағымды -
ойымды мен айтып ем,
отқа салды жанымды.
Кеуіп қалды таңдайым,
Көтеріп ем басымды
Қақ айырылды маңдайым!-...



Дескриптор

Білім алушы




  • көркемдегіш құралдарды анықтайды;

  • шығармадағы қолданысына талдау жасайды.







Оқылатын шығарма
тақырыбы Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі



Оқу мақсаты

7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білім алушы

  • Шығарманы ұлттық құндылықтар тұрғысынан талдайды

  • Әдеби эссе жазады

Жоғары деңгей дағдылары









1-тапсырма

Өлеңде қазақ ұлтына тән қандай ұлттық құндылықтар көрініс тапқан? Мысалдар келтіріңіз.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________



Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы қазақ ұлтына тән құндылықтарды анықтайды;

  • өз ойын мысалдар келтіре отырып талдайды.



2-тапсырма
Өлеңде көрініс тапқан ұлттық құндылықтармен сабақтастыра отырып, «Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін...» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • тақырып бойынша әдеби эссе жазады;

  • әдеби эссе құрылымын сақтайды;

  • шығармадағы ұлттық құндылықтармен байланыстырады.



Оқылатын шығарма
тақырыбы Т.Әбдіков «Қонақтар»



Оқу мақсаты

7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары









Тапсырма

Берілген эпизодтарға талдау жасап, ондағы басты ойды анықтаңыз. Қандай өзекті мәселе алға тартылған?

1) – Бос сөз сөйлемеңдер! Әке жолын қуса, мына менің жолымды қусын! Ие болсын мына қара шаңыраққа!


2) – Жастардың бәрі сол, Ереке, – деді Абыл күрсініп. – Менің әлгі кішкентайым, Құдай-ау, немене дейді ... бірдеңе боламын дейді. «Мені бақпайсың ба?» – десем, хе-хе-хе, «Бақпаймын», – дейді.

3) – Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе...



Дескриптор

Білім алушы




  • үзінділерді талдай отырып, өз көзқарасын білдіреді.


Оқылатын шығарма
тақырыбы Т.Әбдіков «Қонақтар»



Оқу мақсаты

7.2.1.1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма эпизодтарын талдайды

  • Кейіпкерлер бейнесін салыстырады

Қолдану











Тапсырма

Шығарма эпизодтары бойынша «Үш қадам» кестесін толтырыңыз.



1-қадам

2-қадам

3-қадам

Шығарма эпизодтарында көтерілген мәселелерді анықтаңыз

Қазіргі таңда бұл мәселелер өзекті бола ала ма? Неліктен?

Әке мен бала әңгімесінің жараспау себебі...






















Дескриптор



Білім алушы




  • шығармадағы мәселелерді анықтайды;

  • мәселелерді қазіргі күнмен салыстырады;

  • кейіпкерлер бейнесін салыстырады.



Оқылатын шығарма
тақырыбы Т.Әбдіков «Қонақтар»



Оқу мақсаты

7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

  • Кейіпкер бейнесін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары





Тапсырма

Шығарма кейіпкерлерінің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтаңыз.

Кейіпкерлер

Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай топтастыру

Шығармадан дәлелдер келтіру

Ерғабыл









Сапабек









Тома







Жеңісбек








Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадан дәлелдер келтіреді.




Оқылатын шығарма
тақырыбы Т.Әбдіков «Қонақтар»



Оқу мақсаты

7.2.4.1 Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу



Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Оқиға желісін дамытып жазады

  • Өзіндік көзқарасын білдіреді

Қолдану









Тапсырма

«Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ-қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.» Шығармадағы Ерғабыл ақсақалдың жайы сізге қалай әсер етті? Баланың ата-ана, туған жер алдындағы азаматтық парызына не жатады? Өзіндік көзқарасыңызды білдіріп, оқиға желісін өзге қырынан дамытып жазыңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________



Дескриптор

Білім алушы




  • өзіндік көзқарасын білдіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет