Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ әдебиеті



бет10/14
Дата14.02.2023
өлшемі238.76 Kb.
#469520
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
!16 ОШ ҚБ Әдебиет 7-сын қаз

Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Әуезов «Көксерек»



Оқу мақсаты

7.3.2.1 Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білім алушы

  • Әдеби жанр түрлерінің дамуы мен жаңашылдығын талдайды

  • Әдеби жанр түрлеріне баға береді

Жоғары деңгей дағдылары





Тапсырма

М.Әуезов әңгіме жанрын қалай дамытты? «Көксерек» әңгімесінің жаңашылдығын неден аңғардыңыз? Шығарманың тақырыптық ерекшелігі мен проблемалық өзектілігіне баға беріңіз.





Дескриптор



Білім алушы




  • «Көксерек» әңгімесінің өзіне тән ерекшелігін ажыратады;

  • тақырыптық ерекшелігін, проблемалық өзектілігін анықтайды;

  • әңгіменің жаңашылдығына баға береді.






Оқылатын шығарма
тақырыбы М.Әуезов «Көксерек»





Оқу мақсаты

7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

  • Сыни шолу жазады

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Жазушы «Көксерек» әңгімесінде табиғат пен адам арасындағы байланысты қалай көрсетті? Шығарманы эстетикалық құндылығы жағынан талдап, шағын сыни шолу жазыңыз.



Дескриптор

Білім алушы




  • шығарманың эстетикалық құндылығын ажыратады;

  • талдай отырып, шағын сыни шолу жасайды.



Оқылатын шығарма
тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»



Оқу мақсаты

7.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдеріне қарай анықтайды

  • Кейіпкер бейнесін талдайды

Жоғары деңгей дағдылары



1-тапсырма

Партизандар қатарында болған Серіктің өмір соқпағы шығармада қалай суреттеледі? Оның тапқырлығы мен қырағылығын автор қалай көрсетті?

Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бейнесінің жасалу тәсілдерін анықтайды;

  • Серік бейнесін талдайды.

2-тапсырма
Шығармада Анна Ивановнаның аналық қамқорлығы қалай көрінеді? Шығармадағы ана бейнесін талдаңыз.



Дескриптор

Білім алушы




  • Анна Ивановнаның бейнесін айқындайды;

  • ана бейнесін берудегі автордың суреткерлік шеберлігін талдайды.



Оқылатын шығарма
тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»





Оқу мақсаты

7.1.4.1 Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

Қолдану







Тапсырма

Шығармада сізге қай кейіпкер көбірек ұнады? Неліктен? (кейіпкер бейнесін ашуға тырысыңыз). Шығармадан өзіңізге ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа айтыңыз.



Дескриптор

Білім алушы




  • кейіпкер бейнесін ашады;

  • өзіндік көзқарасын білдіреді;

  • шығарма үзіндісін жатқа айтады.




Оқылатын шығарма
тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»





Оқу мақсаты

7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау




Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Берілген үзіндіні талдаңыз. Қандай көркемдегіш құралдар қолданылған? Қолданылу ерекшелігін анықтаңыз.

... Өте жақсы балалар. Бірақ, не керек, асыр салып уайым-қайғысыз өткізетін сәби өмірлері оқ пен оттың ортасында өтіп жатыр. Қыршын жастар жасына жетпей, өмір қызығын көре алмай кетуі де мүмкін ғой. Біз болсақ елуге кеп қалдық. Жас шағымыз да жаман өткен жоқ. Жігіттік дәуірдің де қызығын көрдік. Алай-бұлай болып кетсек, өкініші де жоқ сияқты, бұларға қарағанда. Қаршадай бастарынан айдалада түнеп, бозторғайша таң сәрісінен тұрып, бұта паналап жүргендері мынау, бұлар тағдырға не жазды екен?! Бористі қойшы, оның мамасы жанында ғой. Ана Сережа бейшараны айтсаңшы! Шешесі болса жау қолынан қаза тапты. Әкесінің қайда екені, өлі-тірісі де белгісіз. Өз елінде, туған-туысқандарының арасында жүрсе тағы бір сәрі, басқа елде, басқа халықтың арасында жүр. Ол тіпті жас қой, не түсінеді? Елінің қайда екенін де білмейтін шығар. Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан айырған сол қарақшы! Менің Жорам да осылардай. Оның өмірі не болар екен? Бірақ ол әйтеуір әке-шешесінің жанында ғой. Отрядта өзіммен бірге ғой.





Дескриптор

Білім алушы




  • үзіндідегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;

  • шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды.


Оқылатын шығарма
тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»





Оқу мақсаты

7.2.1.1 Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру





Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарма эпизодтарын талдайды

  • Кейіпкерлер бейнесін салыстырады

Қолдану


Тапсырма

Шығармадағы Анна Ивановнаның Серікке, ал Параска апайдың Витяға көрсеткен қамқорлығы туралы эпизодтарды талдаңыз. Өзіндік пікіріңізді білдіріңіз.



Анна Ивановна

Параска апай








Дескриптор



Білім алушы




  • шығарма эпизодтарын байланыстырады;

  • үлкендер тарапынан балаларға жасалған

қамқорлықты, жанашырлықты талқылайды;

  • кейіпкерлер бейнесіне өз пікірін білдіреді.


Оқылатын шығарма
тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»



Оқу мақсаты

7.3.2.1 Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру





Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Әдеби жанр түрлерінің дамуы мен жаңашылдығын талдайды

  • Әдеби жанр түрлеріне баға береді

Жоғары деңгей дағдылары







Тапсырма

Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесінің тақырыптық ерекшелігі туралы пікіріңізді білдіріңіз.
«Әдебиет – халық өмірінің айнасы. Әр дәуірдің өз ойы мен өз сөзі, өз қуанышы мен өз мұңының әдеби шығармалардан көрініс тауып жатуы – өмір талабы». Ұлы Отан соғысы жылдарында көрініс тапқан ерлік пен патриоттық сезімді көрсеткен шығарманың әдебиетке қосқан үлесіне баға беріңіз.



Дескриптор

Білім алушы




  • повестің тақырыптық ерекшелігі туралы пікірін білдіреді;

  • шығармаға заманауи тұрғыдан баға береді.

Оқылатын шығарма
тақырыбы Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»



Оқу мақсаты

7.3.4.1 Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу



Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығарманың эстетикалық құндылығын анықтайды

  • Сыни шолу жазады

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Отан үшін от кешкен жандардың ерлігі, елге деген сүйіспеншілігі шығармада қалай суреттелді? Сыни шолу жазыңыз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Дескриптор

Білім алушы




  • шығармадағы ерлік істер мен елге деген сүйіспеншілікті анықтайды;

  • шығарманы эстетикалық құндылық жағынан талдайды;

  • сыни шолу жазады.



Оқылатын шығарма
тақырыбы С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»



Оқу мақсаты

7.12.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау




Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білім алушы

  • Шығармадағы тұлғалық болмысты танытатын жолдарды анықтайды

  • Кейіпкер бейнесін гуманистік тұрғыдан талдайды

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма

Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер - әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық кімдерге ерекше әсер етті? Қалай ойлайсыз, бүгінгі жасөспірімдер үшін үлгі бола ала ма? Кейіпкер бейнесін адамгершілік тұрғысынан талдаңыз.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________



Дескриптор

Білім алушы




  • Шаншатай бойындағы қасиеттердің ерекшелігін анықтайды;

  • Шаншатайдың тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет