Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет3/30
Дата23.05.2024
өлшемі2.17 Mb.
#501744
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
!3-ОШ ФО Қазақ тілі Т2 6кл

Дескриптор

Білім алушы
















  • мәтін құрауға негіз болған 5 тірек сөзді анықтайды;

  • тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып ұсынады;

  • мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.

5


Оқу мақсаты
6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
мәтін



Бағалау критерийі


Білім алушы

• Негізгі ойды тірек сөздер, жетекші сұрақтар,


мәтін тақырыбы арқылы анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма
Берілген эпизод үзіндісі бойынша сұрақтарға өз сөзіңізбен жауап беріп, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

Бала Абай көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:



  • Әй, шырағым, балам! Арғы жағыңда әкең тұр... сәлем бер! - деді.

Абай жалт қарап еді, әкесін көрді. Алыстау жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.

... Әкесі азғантай уақыт Абайға қарап алып:



  • Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді.








Сұрақ




Жауап

Негізгі ой




Абай

алдымен

кімге










амандасты?

























Құнанбай Абайдан не туралы










сұрады?































Бұл

эпизодтан

қандай










құндылықты аңғарасыздар?






















Дескриптор

Білім алушы




  • мәтін мазмұнына қатысты берілген 3 сұраққа жауап береді;

  • мәтіннің идеясын 1 сөйлеммен түсіндіреді.

6


Оқу мақсаты
6.2.2.1- тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу



Бағалау критерийі


Білім алушы

• Тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады


• Диалогте ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын қолданады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта диалог құрыңыз.

Диалог тақырыптары



  1. Отан отбасынан басталады

  2. Отбасындағы тойланатын мейрамдар

  3. Отбасындағы міндеттер

  4. Отбасы құндылықтары



Дескриптор Білім алушы



  • тақырып бойынша жұбына 3 сұрақ қояды;

  • жұбының қойған сұрақтарына жауап береді.

7


Оқу мақсаты
6.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау



Бағалау критерийі


Білім алушы

• Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды,


постер әзірлейді



Ойлау
дағдыларының
деңгейі

Қолдану




Тапсырма
Жұпта таңдаған тақырыптарыңыз негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасаңыз.
Постер дайындауда берілген талаптарды ескеріңіз:



  • постердің мазмұндылығы;







  • көркем безендіру;




  • креативтілік.

Ұсынылатын тақырыптар

Отбасылық мерекелер Отбасылық демалыс


Өнерлі отбасы Отбасылық құндылықтар




Дескриптор Білім алушы



  • отбасы туралы ақпараттарды қолданады;

  • тақырып туралы постерді көркем безендіреді;

  • ерекше идеялар ұсынады.

8


Оқу мақсаты
6.5.1.1 - мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану



Бағалау критерийі


Білім алушы

• Жазбаша, ауызша жұмыста деректі және


дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді қолданады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі зат есімдерді мағынасына қарай төмендегі кестеге топтап жазыңыз.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата-баба тәрбиесі ерекше. Қазақ отбасында ата-әжені, әке-шешені ерекше құрметтеген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайғанда оларға қамқорлық жасауға міндетті.


Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды, құрметтейді.


Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі. Тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.

Деректі

Дерексіз


































  1. Берілген суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құрыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Ауызша мәтін мазмұнында деректі және дерексіз зат есімдерді қолданыңыз.



Дескриптор Білім алушы



  • мәтіннен 4 деректі, 4 дерексіз зат есімдерді анықтайды;

  • таңдаған сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады;

  • мәтінге ат қояды;

- -мәтінді ауызша әңгімелеуде деректі, дерексіз зат
есімдерді қолданады.

9


Оқу мақсаты
6.ТБ1.1- мәтіндерден деректі және дерексіз зат, көптік мәнді есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану



Бағалау критерийі


Білім алушы

• Жазбаша,


дерексіз
қолданады

ауызша жұмыста деректі және зат, көптік мәнді есімдерді





Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тапсырма


Берілген көптік мәнді есімдерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Көптік мәнді есімдер: жанұя, отбасы бақыты, ақыл, өмір, шындық, әдет, тәрбие, ақыл мен ой, ата-ана


_________________________


_______________________________________________________________________


_______________________________________________________________________


_______________________________________________________________________


_______________________________________________________________________


_______________________________________________________________________


_______________________________________________________________________





Дескриптор


Білім алушы

-көптік мәнді есімдерді қатыстырып,


құрастырады;
-мәтін мазмұнына сай ат қояды.

жазбаша

мәтін

10


Оқу мақсаты
6.4.1.1 - мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазу



Бағалау критерийі


Білім алушы

• Мінездеме жазудың талаптарын сақтайды





Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тапсырма


Берілген қасиеттердің ішінен Абайға сай келетін 3 мінездемені анықтап, мәтіннен дәлел келтіріңіз.


Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілік-билік жұмыстарын жүктейді.

Ұсынылатын мінездемелер тізбегі: зерек, өнерлі, еңбекқор, әділ, сыпайы, ашушаң, батыл





Абайға тән мінездеме

Мәтіннен дәлел






















  1. Мәтіндегі ақпараттарды қолданып, бала Абайға мінездеме жазыңыз.



Дескриптор Білім алушы



  • берілген қасиеттердің ішінен кейіпкерге сай келетін 3

мінездемені анықтайды;

  • әр мінездемеге мәтіннен дәлел келтіреді;

  • мәтіндегі ақпараттарды қолданады;

  • бала Абайға мінездеме береді.

11


Бөлім «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет