Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 4-сынып



бет8/17
Дата24.12.2023
өлшемі2.98 Mb.
#487828
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
!ОШ ҚБ Қазақ тілі(T1) 4-сынып 2019-конвертирован

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану

Тапсырма
Төменде берілген сөйлемдердің ішінен тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді теріп жаз.

Тұрақты сөз тіркестері Көп мағыналы сөздер



  • Тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді қолданып 2 сөйлем құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы

  • тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажыратады;

  • тұрақты тіркестер мен көп мағыналы сөздерді мағынасына сай қолданады.

Бөлімше: 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты




4.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға
бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Мәтін мазмұны бойынша шешім шығаруға бағытталған сұрақ құрастырады

  • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша шешім қабылдауға бағытталған 2 сұрақ құрастырып жаз. Өз сұрағыңды жұбыңа бер және жұптасыңның қойған сұрағына жауап жаз.






Дескриптор



Білім алушы

  • мәтін бойынша шешім шығаруға бағытталған сұрақ құрастырады;

  • қойылған сұраққа дәлелді жауап береді.

Бөлімше: 2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау

Оқу мақсаты




4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Мәтін тақырыбы мен мазмұны арасындағы сәйкестікті анықтайды

  • Мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.




  • Мәтінге тақырып қой.




  • Мәтіндегі негізгі ойды тұжырымдап жаз.


  • Сейіттің орнында болсаң не істер едің?

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтінге ат қояды;

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

  • мәтін бойынша өз ойын тұжырымдайды.

Бөлімше: 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты

4.2.5.1* Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Дереккөздерден қажетті ақпаратты табады

  • Анықталған ақпаратқа қатысты пікір білдіреді

  • Мәнмәтінге сүйеніп, бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Кейіпкерлерге қатысты маңызды ақпараттарды кестеге жаз.



Кейіпкерлер Маңызды ақпараттар
Тапал Сұңғақ



  • Мәтіндегі қарамен белгіленген сөздерді теріп жаз және мағынасын түсіндір.



Сөздер/сөз тіркестері Мағынасы

  • Кейіпкерлердің қайсысының іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтін кейіпкерлеріне қатысты ақпараттарды анықтайды;

  • бейтаныс сөздердің мағынасын түсіндіреді.

  • кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты көзқарасын айтады.




Бөлімше: 2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

Оқу мақсаты




4.2.6.1 Белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін (мақала, репортаж, жаңалық, өмірбаян, мінездеме, жарнама, хабарландыру) салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Бір тақырыпқа берілген мәтіндерді салыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтіндерді оқы. Олардың жанрын, түрін, стилін анықта. Қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар? Сипаттап айт.


жанры түрі стилі
1-мәтін 2-мәтін



Дескриптор



Білім алушы

  • мәтіндердің түрін, жанрын, стилін анықтайды;

  • мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды.



Бөлім: Жазылым





Бөлімше: 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу

Оқу мақсаты




4.3.1.1 Берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрап жазу

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Берілген тақырып бойынша пайымдау бөліктері бар мәтін құрайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттердің көмегімен «Тарихи мұраны сақтау - біздің борышымыз» тақырыбына пайымдау элементтері бар мәтін құрап жаз.


Арыстан баб кесенесі Тамғалы тас

Есік қорғаны, Алтын адам Айша бибі кесенесі

Дескриптор

Білім алушы

  • тақырыпқа сәйкес пайымдау мәтінін жазады;

  • өз көзқарасын дәлелдеп, негіздейді;

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

  • көмекші сөздерді орынды қолданады;

  • грамматикалық нормаларды сақтайды.

Бөлімше: 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

Оқу мақсаты




4.3.2.1 Тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме, сұхбат) жазу

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Берілген тақырып бойынша мақала жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген суреттер мен тірек сөздерді қолданып, қазақ халқының қолөнері туралы мақала жаз.










Дескриптор



Білім алушы

  • тақырыпқа сәйкес мақала жазады;

  • ақпараттық мәліметтерді және өзіндік көзқарасын жүйелі жеткізеді;

  • мақала жазу стилін сақтайды.

Бөлімше: 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

Оқу мақсаты

4.3.3.1*. Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыңдалған мәтіннің негізінде мазмұндама жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Берілген сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр. Жоспар бойынша мазмұндама жаз.



Сұрақтар:

  1. Кейіпкер жолда нені кездестірді?

  2. Ол ары қарай не істеді?

  3. Кейіпкер неге таңқалды?



Мазмұндама жоспары:

1)


2)
3)

Дескриптор

Білім алушы

  • сұрақтардың негізінде мәтінге жоспар құрады;

  • мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі жазады;

  • сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;

  • грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;

  • каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Бөлімше: 3.5 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты




4.3.5.1 Стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Мұғалімнің көмегімен мәтінде жіберілген қателерді түзетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
«Адасқан жолдар» ойынын ойна. Өлеңдегі ерекшеленіп берілген сөйлемдердің орнын тап. Өлеңді қалпына келтіріп, көшіріп жаз.




  • Өлеңдегі мамандық атауларының астын сыз.

Дескриптор

Білім алушы

  • сөздердің ұйқасын анықтап, өлеңді қалпына келтіріп жазады;

-мамандық атауларын анықтайды;

  • жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

Бөлімше: 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты




4.3.6.1 Каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді көркем жазу талаптарын сақтай отырып, көшіріп жаз.






Дескриптор



Білім алушы

  • мәтінді қатесіз көшіріп жазады;

  • әріптердің мөлшерін сақтай отырып, талапқа сай жазады;

  • әріптердің байланысын дұрыс салады.

Бөлімше: 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты




4.3.7.2 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) қою

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін анықтайды және тыныс белгілерін қояды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтіннен бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз. Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісін қой. Олар сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұр. Астын сыз.






Дескриптор



Білім алушы

  • бірыңғай мүшелері бар сөйлемдері анықтайды;

  • бірыңғай мүшелердің арасына тиісті тыныс белгісін қояды;

  • бірыңғай мүшелердің қызметін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет