Тапсырма
Ы. Алтынсариннің «Мейірімді бала» атты әңгімесін мұқият тыңда.
Қытай жұртында біреуді алдаған кісінің қолын кесетін ескі заң бар. Бір төре осындай іспен күнәлі болып қалыпты. Оны жазалау үшін патшаның алдына алып келіпті.
Сол кезде күнәлі адамның жас қызы әкесі үшін жауап бергісі келетінін айтады. Қызды патшаға алып келеді.
Тақсыр патшам! -дейді қыз, - Менің әкемнің жазаға лайық болғаны рас, сол үшін қолынан айырылуы керек болды. Мінекей, тақсыр, әкемнің қолы, - деп өзінің қолын көтереді.
Бұл қол - менің жазықты болған әкемнің қолы. Бірақ мұнымен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді.
Әкемнің осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала- шағасын асырайтын қолын өзіне қалдыруды бұйырыңыз, тақсыр,-депті.
Патша баланың әкесіне деген мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешіріпті.
Берілген жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.
Жоспар:
Ескі заң
Тапқыр бала
Патшаның шешімі
|