Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Еңбекпен тапқан тиын
Ертеде біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Әкесі оны бағып-қағып, асырапты. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты:
—Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Барды ұқсату, табыс табу бұның қолынан келмейді.
Жаны ашыған анасы ұлына он сомдық ақша береді де: Қараңғы түскенге дейін бір жерде бола тұр. Үйге келген соң «Мынаны еңбегіме алған едім» деп әкеңе бер, -дейді.
Баласы анасының айтқан сөзін бұлжытпай орындайды. Кешке ақшаны әкесіне әкеп береді. Әкесі оны лаулап жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:
Бұл сенің еңбектеніп тапқан ақшаң емес, - депті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:
—Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да өзің жұмыс істеп, ақша тап, - деп ақыл айтыпты.
Бала үйінен кетіп, апта бойы жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне әкеп береді.
Қария ақшаны тағы да отқа лақтырып жібереді. Ұлы бұған шыдай алмай, ақшаны жалаңаш қолымен оттан суырып алады да:
—Әке! Мен бұл ақшаны апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Мұныңыз қалай? – деп жылап жіберіпті.
Сонда әкесі тұрып:
—Бұл ақшаны шынында да өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті, - депті ұлына.
Мәтінді 3 бөлікке бөл. Әр бөлікке ат қой.
|