Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бірде әл-Фараби Бағдат қаласы әмірінің сарайына барыпты. Ол жерде ғалымдар, әкімдер, өнерпаздар көп жиналған екен. Әл-Фараби елеусіз бір шетке барып отыра қалады да, өзі жасаған домбырасымен бір көңілді күй тартады. Күйді естіген адамдар мәз-мейрам болады. Әл-Фараби басқа бір қайғылы күй тартса, әлгі адамдар қамығып жылай бастайды. Осыдан кейін ол бір баяу күйді тартқанда сарайда отырғандар түгел ұйықтап қалыпты.
Фараби «Бұл күйлерді тартқан қыпшақ әл-Фараби» деп хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмірші оны қанша іздесе де таба алмапты.
Әл-Фараби кім?
Мәтіннен Әл-Фарабидің қарапайым адам екенін көрсететін тұсты тауып оқы.
Әл-Фарабидің тартқан күйлері көпшілікке қалай әсер етті?
Халықты өнерімен таңдандырған тағы қандай адамдарды білесің?
«Өнер» дегенді қалай түсінесің? Өнер туралы ой қорытып айт. Мақал-мәтелдерді қолданып сөйле.
|