Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Алматыда
Алда сенбі, жексенбі – екі күн демалыс. Батырхан туысқандарын Медеуге, Көктөбеге апарып, Алматыны армансыз аралатты. Алатаудың мал аяғы тимеген бұл бөктері Байбол ағасына қатты ұнады. Жасыл желек жамылған қалың шыршасы мен қаз- қатар тізілген қайыңдарды, желкілдеп тұрған көк шалғынды көргенде, көзі тұнып кетті.
- Па, шіркін, жерім-ақ екен! «Жер жаннаты – Жетісу» деп тегін айтпаған ғой. Сай- сайында күркіреп ағып жатқан көк қасқа бұлақтары қандай! Шөбі кеуіп, жасықтау болғанымен, төрт түлік қанша жайылса да, таусылып бермес-ау, жердің түгі, - деді айналасына жіті көз жіберіп.
Мәтіннен табиғатты суреттеген көркем сөздерді теріп жаз.
Көркем сөздерді қолдана отырып, еліміздің табиғатын сипаттап айт.
|