Тапсырма
Мәтіннен Барлас ақынның бала Абайдың зеректігін сипаттаған тұсты тауып, мәнерлеп оқы.
Ертеңіне жүруге ыңғайланған екі ақынды Абайдың тілегі бойынша Ұлжан жібермеді.
Абай күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Осы жолы Абай әрі өзі, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермей ұстап еді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Үйрене келе, түнде Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. Бала Абайдың ұғымтал, зеректігіне қатты риза боп, шын сүйсінген Барлас бір оңашада жай ғана тақпақтап:
Шындасаң, шыңға жетерсің,– деп еді.
Барлас ақын бала Абайдың бойындағы мол дарын-қасиетті сол кезде-ақ байқаған болатын.
Мәтіндегі деректерді қолданып, бала Абайға мінездеме бер.
|