Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің мазмұнын айт. Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолдан.
Ертеде Данияр деген бала болыпты. Қалалы жерде өмірге келген оның денсаулығы нашар екен. Жиі-жиі сырқаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы
—ол өзінің аурушаңдығына онша қынжыла қоймапты. «Бала болғаннан кейін, осылай науқастану керек шығар», — деп ойлапты. Сөйтіп жүріп, әртүрлі ем алуға, дәрі-дәрмекке еті үйреніп кетіпті.
Даниярдың көзін аша салып көргені — қабат-қабат биік үйлер, асфальт төселген кең көшелер, жарқылдаған жарықтар, арлы-берлі ағылған қалың машина. Солардың арасында жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер кездесіп қалады. Данияр енді сол гүлдерді көру үшін көшеге шығатын болды. Ол әлгі гүлдерді өзіне ұқсатты.
Данияр гүлдерді неліктен өзіне ұқсатты деп ойлайсың?
|