Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Әдебиеттік оқу 3-сынып



бет47/56
Дата03.01.2022
өлшемі0.91 Mb.
#450164
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56
faae59c0-6797-4c09-975e-dc03507d5c33

Бөлім: Оқылым











Бөлімше 2.1 Оқу түрлерін қолдану

Оқу мақсаты




3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

Ауылдың шетінде айдын көл бар. Көлдің суы мөлдір, айналасы тап-таза. Әдемі гүлдер, қалың шөп, биік ағаштар өсіп тұратын. Көктемде көлге әдемі аққулар ұшып келетін. Адамдар сұлу құстарды тамашалайтын. Жазда көлге шомылып, балық аулайтын.

Бірақ адамдар көлдің тазалығына мүлдем қарамайтын. Шомылып болған соң жеген тамақ қалдықтарын, қоқыстарды тастап кететін. Осылайша көлдің айналасы қоқысқа толып, суы ластана бастады. Күз келіп, көлдің суы салқындады. Күздің артынан қыс келіп, көл беті мұз боп қатты.

Күн жылынып, тағы да көктем келді. Бірақ көктеммен бірге ұшып келетін әдемі аққулар көрінбеді. Адамдар қанша күткенмен, аққулар қайтып келген жоқ. Әдемі аққулары жоқ, айналасы қоқысқа толы көл қатты мұңайды.

Бірде Мақсаттың атасы: «Аққу - тазалықты жақсы көретін құс. Аққулар көліміз қоқысқа толып, ластанып кеткендіктен ұшып келмеді»,- деді. Мұны естіген Мақсат достарымен бірге көлдің айналасын тазалауға кірісті. Оған ауыл адамдары да көмек берді. Көлдің айналасы тап-таза болды.

Келесі көктемде аққулар көгілдір көлге қайта ұшып келді. Әдемі құстар жүзіп жүрген көлдің сәні кіріп, ажарлана түсті.


  • Бастапқы кезде көлдің айналасы қандай еді? Көркем сөздерді қолдана отырып, сипаттап айт.

  • Аққулар көлге неге қайтып келмеді?

  • Балалардың іс-әрекетіне қандай баға берер едің? Неліктен?

  • Бұл әңгімеден қандай ой түйдің?

Дескриптор

Білім алушы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет