Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Әдебиеттік оқу 3-сынып



бет43/56
Дата03.01.2022
өлшемі0.91 Mb.
#450164
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
faae59c0-6797-4c09-975e-dc03507d5c33

Бөлім: Тыңдалым және айтылым





Бөлімше 1.2 Шығарманы мазмұндау

Оқу мақсаты




3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің мазмұнын айт.



Жайықта

Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос-қостан ұшып келеді. Талқайраңдағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз.

Таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Шығыс жақ - қызыл шақпақ. Сыртта тұрып сыбызғының үніндей сұлқылдаған аққулардың даусын тыңдадым. Тобымен орман ішінде қонды. Су сабалап сыңсыған аққудың үнін естідім. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім.

Жалма-жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына жүзіп жеттім. Аузын ашып, айбат шекті. Аяғына қармақ кіріп кетіпті. Аяғынан ұстадым да, қармақтан босаттым.

Рақмет айтқандай, бір сұңқ етті де, арғы беттегі жасыл құрақ ішінде қиқу салып, мұны тосып жүрген тобына барып қосылды. Өзен жағасын әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді.




Дескриптор



Білім алушы

  • шығарманың мазмұнын жүйелі баяндайды;

  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет