Алкалоидтың алыну әдістері.
1. Алкалоидтардың тұз ретінде алу жолы. Құрамында алкалоидтар бар шикізатқа қарай қышқылы қосылған суда немесе спиртте тұндырылады. Барлық алкалоидтар тұз ерітіндісіне өтеді.
Ілеспелі заттарды тазарту үшін қышқыл тұнбаға сілті қосады да, пайда болған негізді алкалоидтарды органикалық ерітінділермен (бензол, хлороформ, дихлорэтан т.б.) алады. Тазарту операциясын бірнеше рет қайталап жүргізеді, алкалоидты ерітіндісі ақшыл болғанша. Органикалық ерітіндіні су буымен айдап, құрамында бар алкалоидтар қалдығынан және таза алкалоидтарды бөліп алады.
2. Өсімдіктерден алкалоидты негіздер түрінде алынуы. Алкалоидтар өсімдіктерде көбінесе тұз ретінде болады, сондықтан оларды негіздер түрінде алу үшін дәрілік шикізатты сілтілі ерітіндімен араластырып, (Аммиак, натрий карбонат, гидрокарбонат) пайда болған алкалоидтардың негіздерін органикалық ерітінділер арқылы бөліп шығарады, содан соң тазартады.
Сапалық реакциялар. Алкалоидтар күшті қышқылдармен не металл тұздармен тұңба түзеді. Алкалоидтарды анықтау үшін көптеген реактивтер: Драгендорф, Вангер, пикрин, фосфорлы вольфрам, фосфорлы молибден қышқылдары т.б. қолданады.
Түсті реакциялар. Алкалоидтар кейбір қышқылдармен, тұздармен әртүрлі түсті бояуларды береді. Мысалы, азотты молибден қышқыл қызыл (бруцин, тебаин, вератрин), көк (кодеин, морфин), жасыл (апоморфин, бермерин, эметил, параверин), тропан қатарына жататын алкалоидтар күкірт қышқылы және асқын су тотығымен жасыл түс береді.
Сандық анықтау. Алкалоидтардың сандық мөлшерін анықтау үшін физико-химиялық әдістер қолданылады (УФ – спектроскопия, фотоколометрия, поляриметрия, көлемдік, салмақты, газды, сұйықтық хроматография т.б.).
ҚҰРАМЫНДА ПИРРОЛИДИН ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ АЛКАЛОИДТАРЫ БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ЖӘНЕ ШИКІЗАТТАР
Ромб жапырақты зиягүл seneci rombi folius
(wlld.) sch. bip.
Астерлар күрделілер тұқымдасы asteraceae (compositae)
Сипаттама. Зиягүл туысына жататын, биіктігі 150 см-ге жететін, көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары тік, жуан, тамырсабағы ұзын, жайылып өседі, көптеген тамырлары бар. Тамырсабағынан бірнеше түзу өсінділер өсіп шығады. Тамыр түйініндегі жапырақтары үлкен, ұзындығы 3 см. Өркен жапырақтары кезектесіп орналасқан, бүйрілі, үш бұрышты. Жапырағының негізі терең, шұққырлы және біркелкі емес, тісті, жиекті. Өркен ұшында және жоғарғы жағында сыпырғы тәрізді себеті орналасқан. Себеттері 10-15 түтікше гүлдерден, 4 түсті сары гүлден тұрады. Себеттің орама гүлдері цилиндр тәрізді. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Жемісі қырқүйекте піседі.
Таралуы. Закавказьяның биік таулы аудандарында көп таралған. Грузияда өскендері биік таулы ормандардың жоғарғы белдеулеріндетеңіз денгейінен 1600-2800 метр биіктікте кездеседі. Биік шөптердің арасында өсіп субальпі белдеулеріне өнеді.
Дайындалуы. Емдік мақсатта, тамырсабақтарын және шөбін (Rhizomata et herba Senecionis rhombifolii) жинайды. Өсімдік гүлдей бастағанда тамырсабақтарын қазып, топырағын, шөбін бөлек кесіп алып, кептіру орындарына жеткізеді. Ашық ауада немесе 500С температурада кептіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |