Аллаберген тарих және баспасөЗ (Қазақ мерзімді баспасөзінің зерттелу тарихынан) Екінші кітап



бет5/15
Дата25.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#20331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

13. Егемен елдің еркін баспасөзі:

функциялары мен даму заңдылықтары
Енді ғана өз билігі өзіне қайта тиіп, ұлттық мемлекетінің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күннен күнге айқын сезілуде. Өйткені ұлттың бүгінге дейінгі тарихы ертеңгі тағдыры. Барлық халықтар сияқты қазақтар да өзінің тарихи жолында тәжірибесінің арқасында бүгінге жетті, бүгінгі болмысына сүйеніп ертеңіне қол созып отыр. Демек, қазақтың бүгінгі қалтарысы, шырғалыңы мен ұмтылысы, қайғысы мен қасіреті көп кешегісінің, арманға жеткізер, мол үмітін артар ертеңі – бүгінгі күннің жалғасы. Ұлттың кешегісін бүгіннен, бүгінін ертеңінен айыру мүмкін емес. Ал, осы біртұтас ұлт өмірінің алтын діңгегі, оның тұла бойындағы өзегі – оның тарихы.

Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты оқиғалар туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқаратын мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналады. Халыққа болған оқиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол оқиға туралы өз бойына қажетті мағлұматтар жинайды, сөйтіп, уақыт өте келе өзі де, тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп, оқиғалардың кейбір қырларын ашуға көмектеседі.

Әсіресе, соңғы жылдары еліміздің тәуелсіздік алып, өз тарихын обьективті жазуға мүмкіндік алуына байланысты ұлттық деректерге, оның ішінде қазақ тіліндегі басылымдарға байланысты ұлттық деректерге, оның ішінде қазақ тіліндегі басылымдарға деген жаппай қызығушылық, оларды ел тарихының дерегі ретінде ғылыми айналымға молынан тарту, қазақ баспасөзін өзіндік ерекшеліктері бар тарихы дерек көзі ретінде кешенді талдаудың қажеттілігі күннен күнге артып отыр.

Газет не журнал белгілі бір мерзімділікпен өткенді өз бетінде бейнелейді. Сондықтан олар қоғам өмірінің өткені жазылған өзіндік күнделік міндетін атқарады. Демек, уақтылы шығып тұрған газеттер өткеннің белгілі бір кезеңдегі үздіксіз даму тарихын қалпына келтіруге көмектесе алады. Газет материалдары өзінің құрамы жағынан әралуан болып келеді. Онда ақпараттың мәліметтерімен қатар өзінің мазмұны жағынан әртүрлі жанрларға жататын жеке адамдық дерек кездеседі. Баспасөз материалдарының өзінің құрамы жағынан күрделілігі оның басты деректік ерекшелігі болып табылады. Баспасөз мәліметтерінің формасы жағынан да, мазмұны жағынан да әртүрлі болып келуі, оларды ұлт өміріне қатысты жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Біз ұлттық мәдениетті қорғауға, салт-дәстүр, әдет-дағдыны сақтауға, уағыздауға тырысамыз. Батыстың жетілген жүйелері мұндай саясатты прогресске ұмтылмау, мәдениеттен қалу, надандыққа, сауатсыздыққа бой ұру деп бағалайды. Бұлай деу, әрине арандату, өз идеологимыздан бас тартқызу. Ата-баба жасап беріп кеткен мәдени, рухани құндылықтарды сақтау, насихаттау, жаңалықтан безу, прогресске тарту емес, ұлттық қадір-қасиеті, менталитетті сақтау, патриоттық сезімді ояту, ұлттық ар-намысты күшейту. Ұлттық құндылықтардан безіп, басқа елдің мәдениетіне құлай салу, оны қабылдай қою – дәстүрсіздік, отансыздық. Сондықтан қазіргі ұйымдасқан, еріктен тыс жан-жақты, білікті, күрес қана мәдени империализмнің, идеологиялық диверсияның бетін қайтара алады. Бұл күрес бұқаралық ақпарат құралдарының өз бетінде оларға қарсы айтыстар, терең талдаулар, ғылыми зерттеулер арқылы жүргізілуге тиіс.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ақпарат құралдарының да күн тәртібінде бүгін қойып жүрген, бірақ шешімін ертең табатын проблемалары аз емес. Мысалы, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарының партиялығы дегенді қойдық деп жүрміз. Біздіңше, бұл әлі қағаз жүзінде ғана. Олай дейтініміз, кез-келген ақпарат құралы дейтініміз, әлі де өз иесінің, өз құрылтайшысының, өз қозғалыс, партиясының міндет-мақсатына сай келетін пікір айтқандарға ғана сөз береді, сондайлардың материалын ғана жариялайды.

Ескі қырсық-тым идеологияшылдық, партияшылдық, тақырыптық тарлығы, назар обьектінің аздылығында еді. Қазіргі кемшілік – журналистер қауымының мамандық мүмкіншілдігін толық пайдалана алмай жатуында. Болмаса қазір журналиспен санаспайтын шенеунік сирек. Бұл туралы кезінде Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Ел газетке не жазбақ» атты мақаласында: «... жанына жағымды, тілі батарлық сөздер басылмаса, ондай газет бағасын жоймақ, кім көрінгенге қолжаулық, майлық, шылым орауыш, тағы бірдеме болмақ. Бірақ газетшіге кінә қоятын да, қоймайтын да орын бар. Жұрт жазбаса ішіндегісін тауып жазатын газет «тәуіп» те, «пайғамбар» да емес...Ел: «жазбасам, маған серт, баспасаң саған серт!» деген жолға түссе, сонда газет елдікі болады. Сонда жұрт газетті қызығып оқитын болады, газеттен пайдаланады»-деп жазған болатын.

Бұдан артық қалай айтуға болады. Газет біздіңше, өзінің бет-бейнесін әлі жоғалтқан жоқ. Бүгінгі журналистиканың аяғына тұсау болып тұрған қаржы үшін немесе «таралымын көбейтеміз» деген желеумен жалт етпе жылтыр, арзанқол дүниелерге орын беріп, шатасып қалмаса деген ойлар бар.

Шүкір, ел егемендік алды. Материалдық жетіспеушілікті ашық айтып жүрміз. Ал, рухани тәуелсіздікті қайтеміз. Осы зәру мәселе аз жазылатын секілді. Жан дүние еркіндігі бәрінен басым. Ұлтта рухани тәуелсіздігін сезіндіру, оның болуын қамтамасыз етудің де алдымен осы газеттің зайырлы міндеті болып қалмақ.

Интеллект басымдық алған зайырлы елде саясатпен айналыспаймын деу бекер. Ішкі-сыртқы саясаттың көпшілікке беймәлім иірімдерін ақтарып айтып, жарқыратып жазар болса, оның да оқырманы аз емес.

Кейде өмірлік мәселелерді газеттер жарыса жазып, аяқсыз тастап кете береді. Ондайда оқырманның шатасуы мүмкін ғой. Немесе, егемен елдің болашағы бұлдыр деген қауесетке қарсы байыпты болжам жасау, тұжырымды түйін түю де осы газеттің міндеті сияқты.

Ресми материалдарды құлаш- құлаш етіп емес, шама келсе, талдап беру керек шығар. Билік тарапынан қарсылық болары хақ. Бірақ күрессіз өмір жоқ қой.

Журналистикадағы шеберліктің қазіргі жай- күйін айтқанда, мұның ішінде дәстүрлік жанрлық жүйеге тоқталған жөн. Себебі, қоғамда туындаған күрделі өзгерістер баспасөздің бұрыннан қалыптасқан жанрларына айтарлықтай әсер етті. Жанрдың эволюциясын бәрінен бұрын мынадан: коммуникациялық техниканың дамуынан, аудиторияның әлеуметтік құрамының өзгеруінен, жаңа қоғамдық қажеттердің пайда болуынан, каналдар функциясының өзгеруінен, өмір шындығын неғұрлым тиімді көрсету үшін журналистердің жеке-жеке ізденістерінен көру керек.

Бұл күйді соңғы он бес жылда қазақ баспасөзінің жанрлары да басынан кешірді. Алғашқы соққы бас мақалаға тиді.

Екінші соққы «Газеттің романы» атанған очерктер мен кез келген қаламгердің қолынан келмейтін күрделі әдеби – публицистикалық жанр – фельетондарға бұйырады. Соңғы жылдары газет беттерінен очерктер мен фельетондардың көрінбей келуі бұған дәлел бола алады.

Үшінші соққыны «Баспасөзге шолу» жанры қабылдады. Бұл жанрдың көп жылдық оң ықпалы «Баспасөз беттерінен», «Жергілікті газеттерден» айдарлары арқылы мәлім болып еді. Газеттеріміз қазір баспасөзге шолуды жаңа басылымның тұңғыш нөмірі туралы хабар берумен ғана шектеліп жүр.

Сайып келгенде, жоғарыда айтылған «соққы көрген» жанрлар «айқас алаңынан» азат болды да, ақпараттың тұрғыдағы заметка, есеп, репортаж, сұхбат жанрлары алғы шепке шықты. Бұлармен бірге бұрынғыша талдамалы сипаттағы мақала, хат, шолу жанрлары пайдаланып келеді.

«Бір айдың жартысы жарық, жартысы қараңғы» демекші, сан жылдар бойы орныққан жанрлардың да аяқ асты жоғалып кетуі мүмкін емес. Қалай болғанда да олардың орнын басатын жаңартып, жаңғыртатын әдістер туындауға тиіс екендігі белгілі.

Рухани байлықтың қайнар көзі – баспасөз. Баспасөз ел санасын оятып, жақсартады, саяси біліктілігін көтереді. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, еңбекке икемдейді, эстетика жағынан талғам – тұшымын арттырады. Бүгінде баспасөзіміз Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігін, халықтардың мызғымас бірлігін сақтап қалу, жастарды ұлтжандық, патриоттық сезімін күшейту жолында күрес жүргізіп келеді. Сөз бостандығын, пікір алуандығын пайдаланып, рухани мұраларымыздың бай дәстүр, парасатты әдет – салтымыздың жоқтаушысы, насихатшысы болуда.

Тәуелсіздік алғаннан бергі ұлттық журналистиканың дамуында ерекше бір кезең басталды. Бүгінгі қазақ баспасөзінде беріліп жатқан материалдардың тақырып тың, проблемалық ауқымы кең деуге болады. Әсіресе, қазіргі таңда мәдениет, экономика, ел, жер тарихы, тәуелсіздік тақырыптары тереңірек қамтылуда. Бұған мысал ретінде белгілі ғалым, қоғам қайраткері, публицист Рахманқұл Бердібаевтің «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жазушының жан айғайы» айдарымен берілген «Ұлт басындағы үш қатер» деген проблемалық материалын келтіруге болады.



Мұнда автор негізінен үш қатерді: экология, дін бұзарлар мен тіл мәселесін әңгіме арқауы етеді. Қазақ жерінің қай бұрышы да өлім себетін, сынақ алаңына айналғанына мысалды түгендеп шыға алмаймыз. Арал теңізінің ортасындағы Барса Келместе адамды жаппай қырғынға ұшырататын бактериологиялық қарулар сынақтан өткізілгені кейінгі кезде ғана мәлім бола бастады. Сондай-ақ Қазақстанға жер-жаһандағы діндердің бәріне есікті айқара ашатын болсақ, біздің республика нағыз космополиттік елге айналады, ұлттық дәстүр, парыз, қарыз, ар-ұят деген ұғымдар жойылады, ешқандай зеңбірексіз, ракетасыз-ақ жұртымыздың іргесі сөгіледі, бір ата- анадан туғандарлың өзі түрлі дінге бөлініп кетсе, бір- бірімен басы қосылмайды, ақырында діндер арасындағы қайшылықтар көз көріп, құлақ естімеген жат бауырлыққа жеткізеді, рухани жағынан қазақ елінін тоз-тозын шығарады. Бұған қоса әлі күнге өз шешімін таппаған тағы бір қатер – тіл мәселесі. Қазіргі кезде көптеген қазақ мектептері мен бала-бақшаларынын жабылуы, газет, журнал, кітап тиражынын күрт төмендеуі, бұл жағдайда түзеуге мемлекеттің бейтарап қарап отырғаны шошындырады. Қазақ тілінің толық мағынасында өркен жаюы үшін осы тілде сөйлейтін ұлттық орта қажеттігі негізгі мәселенің бірі болып көрінеді. Қазағы азшылық жерлерде мемлекеттік тілдің көгеріп, көктеуі мүмкін емес екенін өмірдін өзі әбден дәлелдеп берді. Республиканың өз ішіндегі қазақты «қазақтандыру» қаншалықты маңызды іс болса, басқа мемлекеттердегі қандастарымыздың ұлттық тіл, мәдениет дәстүрлерінен ажырап қалуын ойластыру да соншалықты ділгір мәселе. Нарықтық экономикаға өтеміз деген сапырылыстардың тасасында қазақтың ұлттық өрлеу проблемасы ұмыт қалдырылса трагедияның үлкені сол болмақ. Озбырлардың сан түрлі зұлымдықтарын көріп, ежелгі өр мінезімен айрылып қалған, бірақ шындап бір бұрылса дегеніне жетпей қоймайтын талантты халқымыз өз азаматтығы үшін жүздеген жылдар бойы күрес жүргізіп, тәуелсіздік туы енді қолымызға тигенде жасып, жігермізденіп, құлдық пен кемдікке, тексіздікке мойын ұсынып қалуы мүмкін емес. Міне, тәуелсіздік алғаннан бері кезде, республикамыздың «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Жас қазақ», «Түркістан» сияқты ұлттық басылымдарында осындай ауқымды тақырыптар жарияланып, шешімін тауып жатыр. Тақырып сан салалы, олардың берілу формалары мен жанрлары да әр түрлі. Сонымен қатар оқырмандар тарапынан қабылдануы да біркелкі емес. Әйтсе де, соңғы кездері қазақ басылымдарының да етек-жеңі жиылып, егемендігіміздің орнығуына үлес қосу жолында айтарлықтай қызмет атқарып келе жатқандығы байқалады.

ЕКІНШІ ТАРАУ
Төртінші билік тағылымы
1.Әлем және ақпарат
«Хабаршының» - «Әлем және ақпарат» бөлімі басылымның төртінші санынан бастап, тұрақты орын алған. Бұл тақырыпқа содан бері 20-дан астам түрлі материалдар жарияланған. Әсіресе, бұл тұрғыда профессор Н. Омашевтың «Журналист дайындауда жаңалық көп», «Бізде идеал болмай ма?», «Новое в подготовке журналистских кадров» деген мақалалары бүгінгі таңның журналистикасына байланысты өте актуальды мәселелерді көтереді. Мысалы, «Құрама Штатта журналист кадрларын даярлайтын оқу орындары көп-ақ. Онымен арнайы факультеттерден бастап, департаменттер мен мектептер (44 штатта 164-тен асады) және әртүрлі шіркеулер, жеке меншік университеттрмен кейбір компаниялар айналысады.

Оларда болашақ мамандарды қабылдау шарты әр алуан. Мысалы, Оклахома мемлекеттік университетінің (ОСИ) журналистика бөліміндегі 322 шәкірт алғашқы жылы тек университтетің студенті атанып, жалпы білім беретін пәндерді ғана оқыған, сонан соң келер жылы осы мамандықты таңдайды» 1.

Осы қысқа ғана мәліметтен біздер «демократия сақшысы» атанып отырған АҚШ сияқты алпауыт мемлекетте журналистика кадрларын іріктеуде ұсақ-түйектің болмайтындығын аңғарамыз. Осындайда біздерге олардан көп нәрсені үйрену қажет сияқты. Мысалы, біздерде оқуға түскен адам оны қалай да бітіріп шығуы шарт қой. Көбіне-көп ол студенттің таланты, қоғамға қаншалықты қажеттілігі есептеле берілмейді.

Осыған орай жоғарыда айтылған мақалада: «Дамыған елдерде теория мен тәжірибе арасында алшақтық аз. Идеяны іске асырулары өте шапшаң. Ғылым жаңалықтарын қолма-қол өндіріске енгізетін технопарк іспетті механизмдер әбден жетілген. Біздегі жағдай мүлдем, керісінше. Жалаң теорияны соққанда алдымызға жан салмаймыз, ал оны іске асыру көзін қарастырып жатқан кісі шамалы» 2,-деген жолдар бар.

Бұл арада мақала авторы тегін күйінбейді. Шын мәнінде қазір әсіресе қазақ мерзімді баспасөзінде шексіз қысқартулар (аудандық, облыстық газеттер мен радиотораптар) жүріп жатқанда, жоғары дәрежелі журналистер, қызметкерлер бос жүріп, олардың орнын (әсіресе коммерциялық бұқаралық ақпарат құралдарында) баспасөзге ешбір қатысы жоқ, тіпті жоғары білімі жоқ пысықайлар басып жатқанда тәжірибе түгіл жалаң теорияны да игеру бара-бара қиынға соғып кете ме деп қорқамыз.

Осы тұрғыда айта кететін келесі бір мақала профессор М. Барманқұловтың «Масс-Медиа: Турция-Казахстан» деп аталатын зерттеу еңбегі. Онда негізінен туысқан Түркия мемлекетінде бұқаралық ақпарат құралдарының өте жоғары дәрежеде дамып отырғандығы былайша сөз болады: «Теледидардың басқару орталығы арқылы 40 каналды бірдей қосып көргенде ғана біздің Түрік телевизиясы туралы түсінігіміздің тым аз екендігі байқалады. Каналдардың ішінде Американың Си-Эн-Эн бағдарламасы және неміс тіліндегі бағдарлама бар. Оның үстіне француз тіліндегі тағы бір канал жұмыс істейді. Ал қалған барлық каналдар (37) тек түрік тілінде жүргізіледі. Барлық мультфильмдер, тіпті түрлі жарнамалар да мемлекеттік тілде беріледі. Олар қолдарына біздің орыс тілінде жазылған «Телевидение: деньги и власть» деген қалың кітабымызды алғанда оны қалай оқимыз деп таңданыс білдірді. Себебі, ондағы барлық хабарлар түрік тілінде берілсе, әріптері латын әрпімен, тіпті сирек берілетін шетелдік хабарлар да осы тілде жүргізілсе, олардың ренішін түсінуге болады» 3.

Бұдан әрі автор түрік тіліндегі хабарлардың Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түркменстан мен Тәжікстанда көрсетілетінін, бірақ Қазақстан одан аулақ екенін айтады. Рас, бұл канал бұрын Алматы қаласы бойынша берілетін. Бірақ, кейін түсініксіз себептерге байланысты тоқталып қалған. Онда сондай-ақ баспа ісі де өте жоғары деңгейіне қойылған. Бұған осы материалды оқи отырып көз жеткізесіз. Қысқасы, біздерге түрік туыстарымыздан бұл салада үйренеріміз көп екен. Екіншіден, олар біздерге бұл сала бойынша да көмек көрсетуге достық құшақтарын ашып отырғанға ұқсайды. Тек, соны жүзеге асырар адамдар табылса шіркін!

Осы сияқты «Хабаршыда» шетелдердің ірі капиталистік және дамушы мемлекеттерінде жалпы баспасөз оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының қалай дамып отырғандығы жайындағы мәселелерді көрсететін бірталай іргелі зерттеу еңбектерде жарияланып отыратын көрінеді. Солардың бірі С. Барлыбаеваның «Азиатский информационный рынок» деген мақаласы.

Азиялық кеңістікте телекоммуникациялық жарылыстың пайда болуы олардың экономикалық және әлеуметтік дамуына тікелей байланысты болмақ. Әйтсе де, XX ғасырдың 80-90 жылдарынан бастап бұл аймақта ақпараттық инфрақұрылымның кілт өрлеу нышандары байқалады. Оған 1992 жылдың желтоқсанында Гонконгта болған Азиат-Тынық мұхит аймағында телевизияның кабельді-спутниктік жүйелер бойынша өткізілген конференция дәлел. Бұл мәселе Азия телекоммуникациялық ұлттық саясаттың бір бөлігі болып отыр. Бірақ, көптеген елдер спутниктік каналдарды жергілікті жағдайларға байланысты реттеп отыруды да ұмытпаған. Бұл жөнінде жоғарыда аталған мақаланың авторы: «Алайда, өкімет көп жағдайда шетелдерден берілетін хабарлардағы «әлеуметтік қайшылықтар» тудыратын материалдарға тыйым салады. Мәселен, Малайзияда американың «Майами полициясы. Қылмыс бөлімі» деген сериалды көрсетуге тыйым салған. Сондай-ақ нәсілшілдік, зорлық-зомбылықтарды көрсететін бағдарламаларға да жол жоқ. Қытайда да «қажеті жоқ» бағдарламалар мен парнографияларға тосқауыл қойылған», - деп жазады 4.

Ал бізде ше? Әсіресе, КТК, 31-канал, Шаһар сияқты каналдарда жоғарыда аталғандардың барлығы да бар. Тыйым салып, қарсылық көрсетіп жатқан ешкім жоқ. Бұл коммерциялық каналдар ақша үшін бәрін істейді. Керек болса, бағдарлама басшыларының өздері де еш лыпасыз халық алдына шығуға бар. Оның үстінде жоғарыда М. Барманқұловтың айтқанындай хабарлар ұлттық тілде берілсін деп жатқан ешкім жоқ. Бізде айтылған сөз орындалмайды. Бәрі де «ит үреді, керуен кетедінің» кері.

Осы тақырыпта басылымда А. Ахметбекұлының «Жапон журналистикасы жайында» деген ғылыми мақаласы жарияланды. Шын мәнінде бүгінгі таңда ғылым мен білім жағынан алдыңғы қатарда тұрған ел – ол Жапония. Әрине, тек Азия құрлығында ғана емес, бүкіл дүние жүзі бойынша солай. Бұл еңбегінде автор Жапонияда журналистерді дайындаудың негізгі 3 бастау көзіне тоқтай келіп былай дейді.

«Жапондар БАҚ тек хабар таратушыларды ғана дайындап қоймай, хабар тыңдаушыларды дайындауға да маңыз беру керек деп есептейді. Сондықтан бүкіл қоғамда журналистика ғылымын тануды, оны бағалауға, оны бақылауға, сынауға бейімдеп отырады. Жапонияда бастауыш-орта мектептерде журналистерді тәрбиелеу сабағы жүреді. Журналистикаға әуестенуші балалардың туындылары мектепте, аймақта, тіпті мемлекет көлемінде бағаланып, насихатталып жатады. Сондай-ақ, жай бұқара арасынан хабарларға сын айтушылар мен оны бағалаушылардың пікір, ұсыныстарының діттеген жеріне жетуіне арнаулы тиімділіктер жасалған. Осыған байланысты Тайваньнан шығатын «Лән Хы бау» (Бірігу) газеті 1984 жылғы 27 ақпандағы санында былай деп жазады: «Дүниежүзінде білім беру, ағарту саласының жағдайы мәз емес, алайда дамыған елдер өмір бойлық оқуды жолға қойып та болды. Үйренушілер үшін мүмкіндік көп, мамандық та әр алуан, техникалық, кәсіптік ой-өресін көтеру, денсаулық сақтау, философия т.с.с. іздегеннің бәрі және оны қоғамдық игіліктің қатарында деп есептейді. Жапонияның бұқаралық хабар тарату жүйесі – өмір бойы үйренудің» ең күшті қозғаушысы. Асахи телелидарын тек Токио, Шинхикиоде көлемі кең сырттай оқыту орталығын құрды. Онда 550 пән бойынша 60 мыңнан астам оқуда. 6 жастағы баладан 80-дегі шал-кемпірге дейін бар.»

Жалпы, осы журналист дайындаудың үшінші бастауы жөнінен Жапондар бұқаралық хабар тарату деген ұғымға таратушы да, тыңдаушы да саяды деп қарайды. Сондықтан да олар теледидарда сөйлеп тұрған журналисті де, оны көріп отырған көрерменді де журналистика деген ғылымнан сауаттандыруды мақсат етеді.

Ал бізде ше?» 5.

Иә, орынды сұрақ. Шынында бұл мәселе бізде қандай дәрежеде? Республикамыз журналист дайындаудан құр алақан емес. Біздің қара шаңырақтан басқа барлыққа дерлік облыс орталықтарында және жеке меншік оқу орындарында журналистика кадрларын даярлайды. Бірақ, осында нақты жүйе жоқ сияқты. Мәселен, облыс орталықтарындағы журналистика бөлімдерінде не оқу базасы, не ұстаз кадрлары жоқ. Ал, соларды бітіріп шығып жатқан журналистердің деңгейі қай дәрежеде болмақ. Біздіңше, жеке меншік оқу орындарында да осы жағдай қайталануда. Оның үстіне бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі нашар. Әсіресе, ұлт тіліндегі.

Осы мәселенің екінші бір қыры шетел тәжірибесінің қазақ журналистикасына ықпалы екендігінде дау жоқ. Бұл туралы белгілі ғалым Б. Жақып пен С. Құсманованың «Шетел тәжірибесінің қазақ журналистиксына ықпалы» деген мақалаларын көлденең тартуымызға болады. Авторлар ә, дегеннен «Демократия да, баспасөз бостандығы да – ойына келгенді айту, қолынан келгенді істеу емес» дей келіп ойларын одан әрі былай деп өрбітеді:

«Бұрыннан белгілі бұл шындық біреуге таңсық болғанымен, өрелі елдер үшін әлдеқашан аксиома. Тәртіптің өзі – мәдениет. Мәселен, демократияның да баспасөз бостандығының да Отаны саналатын АҚШ-тың «Азаттық» радиостанциясының қатаң шек қоятын, тыйым салатын 18 түрлі әдепті талабы бар екен. Олардың кейбірі мынадай: 1) «ұзынқұлақты пайдаланба!», яғни эфирге берілетін хабар кемінде әртүрлі екі фактімен расталуы тиіс. 2) «Арзандатпа!». Батыста, оның ішінде АҚШ журналистеріне мұндай насихат жүргізуге қатаң тыйым салынған. Журналистер митингісіз шақыруға, ұлтаралық қақтығысты өршітуге құқықты емес. Ондайға жол берген журналист жұмысынан айрылады. Оларда әдепті бұзу – айтыс-тартыстың обьектісі емес, қылмыстық факті ретінде қаралады. Ал бізде ше? Заң арқылы реттелетін нәрсені көбіне дау-дамайға, айтыс-тартысқа салып жататынымыз ыңғайсыз-ақ. Осының өзі мәдениетінің, журналистік сауаттылықтың кемдігін көрсетеді. Жалпы, кәсіптік әдептің моральға қарағанда заңдық сипаты басым екені даусыз. 3) «Эфирде біреуге еліктеме!» яғни, батыс, АҚШ елдерінде. Кеңес кезіндегі олардың өздерінің қылмыскерлер, баскесерлер, шпиондар деп жамандағанына ұқсап кетпеу талабы журналистерге қатты қойылады екен.

Әрине, бұл тұрғыда жоғарыда айтқанымдай біздердің әлі де болса шетелдік журналистерден үйренеріміз көп. Бірақ, солардың бәріне аузымыздың суы құрып, еліктей бергеніміз жөн бе? Әлде, өз ұлтымызға, халқымызға тән жүйелерді қолданғанымыз жөн бе? Құдайға шүкір, биыл қазақ мерзімді баспасөзінің құрылғанына («Түркістан уалаятының газеті») 140 жыл толып отыр ғой. Біздер көбіне өткен тарихымызды ұмытып, жас елміз, тәуелсіздік тарихымызға 18-ақ жыл толды деп кеуде қағамыз. Тегі, осынымыз бізді жарға жықпаса болды.

Ендігі бір мәселе шетелдерде қазақ тілінде басылымдар жайы. Осы тұрғыда «Хабаршыда» Оқан Әбдірақұлының «Қытайда қазақша шығатын газеттерге шолу» деген мақаласын айтуымызға болады. Автордың айтуынша ҚХР-да 1 миллион 200 мыңға жуық қазақтар тұрады екен. Осыншама халыққа арналып онда «Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Алтай газеті», «Тарбағатай газеті» деген басылымдар шығып тұрады екен. Солардың қайсыбіреуі жайында автор мынадай мәлімет береді:

«Шыңжаң газеті» Шыңжаң өлкесінің орталығы Үрімжіде 1935 жылдан бері қазақ тілінде шыға бастады. Қытайдағы қазақ баспасөзінің дамуына негіз болды. 1950 жылы Қытай коммунистік партиясының басшылығы орнағаннан кейін бұл басылым жергілікті баспасөз органы ретінде аптасына бір рет шығып, қазақша ең басты газеттердің біріне айналды.

1955 жылы Іле Қазақ автономиялы облыс құрылғаннан кейін «Іле газетін» күшейту мақсатында «Шыңжаң газетінің» қазақ редакциясындағы редактор, тілшілердің бір тобы облыс орталығы Құлжаға ауысты. Сол жылдың қазан айынан бастап аталмыш газет «Шыңжаң малшылары» деген атпен аптасына 2 рет шығатын болып өзгерді. Ал, 1989 жылдың 1-қаңтарынан «Шыңжаң газеті» деген аты қалпына келтіріліп, көлемі үлкейіп, күнделікті газетке айналды. Қазіргі Қытайдағы қазақ тіліндегі ең бастысы болып есептелетін бұл газет ұйғыр, қазақ, қытай, моңғол тілінде 4 нұсқа болып шығатын Шыңжаң-ұйғыр автономиялы райондық коммунистік партия комитетінің органы болып саналады. Газеттің қазақшасы соңғы жылдарда Қытайда жүріп жатқан реформаға сай мазмұны, көркемделуі жағынан барған сайын жақсартып, Қытай қазақтарының мәдениет, тіл, жазу, білім саласына өлшеусіз үлес қосып келеді. 1988 жылдан хабар бөлімі, баспа бөлімі құрылып, 60-тан астам редактор, меншікті тілші жұмыс істеп келе жатқан бұл басылым Қытайдағы қазақтардың бірден-бір ақпараттық газетіне айналды. Ол Қытай өкіметінің саясатын халыққа насихаттап, жаңалықтарды хабарлап, басқа газеттерге үлгі-нұсқа болып келеді»

«Хабаршының» өткен жылғы 8-ші санында халықаралық журналистика кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Ғалия Ибраеваның «Соғыстың алғашқы құрбаны-ол шындық» деген көлемді де маңызды мақаласы жарияланды. Онда автор: «Репортажи в ходе военных действий в Косово, Чечне, Дагестане, Кыргызстане стали своего рода ежевечерним трагическим телероманом. Ведущие информационные агенства мира CNN, REUTER, BBC и др., словно соревнуясь между собой, показывают в реальном времени «театр» военных действий. Изображение становится эмоциональным, психологическим оружием, атакуя наше сознание, влияя на наше мышление,оставляя нас беззащитными под напором видиодрам. Вся наша планета, стиснутая телеспутниками, превратилась в предсказанную М. Маклюеном в книге «Understtonding media: the extensions of man» - «глобальную деревню». Сегодня информационные супермагнаты Т. Тернер, Р. Мердок, Б. Березовский и др. Выступают главными режиссерами событий «деревни».

Впрочем, стоп. Не всегда. В действие все чаще вступают военные генералы. Теперь они диктуют: какую информацию, в каком обьеме, под каким ракурсом следует показывать аудитории. Они также решают, где и сколько журналистов можно допустить в зону боевых действий. Нельзя считают военные, чтобы война освещалось так, как это было во Вьетнаме. Там пресса имела столь большую власть, что первыми выиграли войну журналисты, сформировав негативное общественное мнение в США. Французский военный репортер Жан-Клод Пейебода свидетельствует, что у любого апкредитованного там журналиста машина американской армии находилась в его распоряжении. На любом транспорте (воздушном, автомобильном) всегда три места отводилось для журналистов. Предворительной цензуры не существовало ни для киноматериалов, ни для военных очерков и распоряжений. Для передачи материалов использовались даже военные коммуникации. Пресса имела право знать почти все. От прежних войн в наследство вьетнамской остались только брифинги, ежевечерние собиравшиеся в Сайгоне. Однажды, когда на одном таком брифинге американский генерал рассказывал об успехах войск США, которые якобы захватили какую-то базу, один американский журналист потребовал у него вертолет, чтобы полететь туда и проверить, на том основании, что «пресса имеет право знать все». И это требование было выполнено, в результате журналисты убедились на месте, что несколько прикрасил картину. Так что в плане свободы средств информации в истории современных войн» 6. – дей отырып шетелдік репортерлердің тәжірибелері негізінде соғыс өрті тұтанған аймақтарда журналист кәсіби борышын өтеу үшін өзін-өзі қалай ұстау керек деген мәселені қарастырады. Әскери генералдардың журналистер үшін ақпарат берудегі рөлін жоғары бағалайды.

Бұл «Әлем және ақпарат» деген алғашқы тақырыбынан біздер негізінен бұқаралық ақпараттарына қатысты басты екі мәселені білдік қой деп білеміз. Оның алғашқысы шетелдерде және біздің республикамызда журналист кадрларының дайындалу барысы, оның жетістіктері мен кемшіліктері жайлы. Екіншісі, шетелдердегі бұқаралық ақпарат құралдарының біздің баспасөзімізге берері мен қарама-қайшылықтары туралы. Біздер «Хабаршының» бүгінгі күнге дейін жарық көріп үлгерген жеті санында жарияланған еңбектерден тек журналистерге ғана қажетті емес, сонымен қатар басқа да мамандық иелеріне қажетті көптеген пайдалы ғылыми деректермен таныстық. Және оларды өз деңгейімізден талдап, қорытындылауға тырыстық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет