Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
64
берді. Бірақ жылан басы қыран денесіне тиіп үлгермеді. Сын айқаста тәжірибе
алған қарт қыранның бос аяғының мұқала бастаған, бірақ әлі де сояудай тарбиған
тырнақтары жыланның тасырайған қос көзіне барып қадалды.
Екі алып осылай
айқасқан қалпында жерге келіп құлады. Тағы да баяғы жан аяспас жұлыс, орала
жұмарланған денелер. Жастың аты жас, бұл жолы әп жылан қыранды ортан
белінен орап алған-ды. Күші қайтқан қыранның мұқалған тырнақтары аждаһаның
құйрық жағын босатып жіберді. Бұ жолы алыс ұзаққа созылған жоқ. Қыран бір
мезетте жылан құшағынан босап шыға берді. Ол енді бір қанатымен жерді
сабалай, ілби шоршып жанындағы кісі бойлы жартасқа шықты. Бұл кезде қыранды
қоя берген әп жылан құйрығымен жер сабап, иіріле дөңбекши, өзімен-өзі әуре боп
жатты. Қыран қырындау жағынан шығып тастың басына барып отырды да жерде
тулап
жатқан
жыланнан
көзін
алмай
қатты
да
қалды. Шыңғысхан тобынан да сескенбеді. Өз денесін өзі тауға да, тасқа да ұрып
тулап жатқан жылан әрі-беріден кейін әлсіреуге айналды.
Қыран әлі қозғалған
жоқ. Жылан өрім-өрім болған денесін, ақырғы рет бір мәрте жиырды да кенет
жазыла бастады. Тас басында тапжылмай отырған қыран осы сәтте қуана шаңқ
етті. Кереге қанаттарын жайып жіберіп көкке қарай талпынды, бірақ түбінен
опырылған бір қанаты екінші рет қағуына жарамай ол төмен қарай жантая құлап,
жаңа ғана өзі көтерілген жартастың сүйір ұшына кеп кеудесімен ұрды да,
шалқасынан түсті. Екінші рет көтерілуге жарамады. Ақырғы рет қанталаған
көздерімен көк аспанға қарады да, бір-екі рет сау қанатымен дірілдей жерді соғып,
тына қалды. Шыңғыс тобы шың етегіне таяды. Қыран
бір аяғының тырнағымен
жыланның қос көзін ойып түсіріп, екінші аяғының тырнақтарымен кеңсірігін ет-
метімен жұлып алыпты. Жылан әлсіреп барып жан тапсырыпты. Бірақ бұ да өз
есесін жібермепті, алып денесімен орап қыранның бір қанатын топшысынан
сындырыпты...
Жыланның өлгенін көргенде шаңқ етіп қуана шыққан қыран даусы әлі
құлағында тұрған Шыңғысхан:
— Мына қыранның арманы жоқ, — деді. — Ол алғашқы жолы өзінің қайратты
кезінде тайталасқан жауын алысып жеңді. Бұ жолы өзі өлсе де балапандарын
ажалдан құтқарып өлді. Мына аждаһаның балалары өсіп, өшін алғанша, анау шың
басындағы ұядағы балапандар да қыран болады.
Олардың өз тартыс-
тары басталады. Ал қарт қыран өз борышын атқарып ажал тапты. Өзі барда
ұрпағына қауіп тудырар жауын құртып кетті. Осылай ажал тапқан ақиық ақырғы
рет көк аспанға қанат жайып, өлер алдында қуана шаңқ етті. Сендер де осы
қырандай болыңдар. Ажал сағаты келгенше монғолдың ұлы тағына қауіп-қатер
туғызатын жауларыңды құрта беріңдер. Сөйтсеңдер бұл жалғаннан әлгі қырандай
армансыз өтесіңдер, — деп сөзін бітірген.
Осы аңыз қазір Әбілқайырдың құлағында шыңылдап тұр. Оның ойынша дүние-
жалған маңызы арғы бабасы Шыңғысхан өсиетіндей ұрпақтарының мәңгі құлпыра
беруінде. «Ерте ме, кеш пе, бәрібір ажалдан құтыла алмайсың, ал сенің атыңның
ұзақ не қысқа тұруы тек ұрпақтарыңның өмірімен байланысты. Сол
ұрпақтарыңның өмірін ұзартуға сен өз борышыңды, әлгі қырандай,
өтеп кетуге
міндеттісің. Аурусың ба, ауру емессің бе, егер сенің алтын тағыңа ие болар
немере-шөберелеріңе Моғолстан, Самарқанттардан қауіп туар болса сол қауіпті
сен көзіңнің тірісінде құртып кет! Иә, солай»...