Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет52/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
102 
— Уә, пәлі! — деді бір жас сарбаз ыржалақтап. Қынабынан қылышын суыра 
түсіп, жөткірініп қойды. Әйткенмен, қалған жұрт бұл құсап алақайлап кеткен жоқ. 
Сөздің артын тосып тұр. 
— Бұл жолғы жау — басы шоқты қалмақ та, жылмағай жүзді шүршіт те емес. 
Алынуы оңай жау. Ел болып басын қоса алмай жатқан әлгі Керей мен Жәнібектің 
қашқындары. Ал қашқан жауға қатын ер... 
— Ой-дой! 
әскербасы көп ішінен күңк ете түскен дауысты құлағы шалып қалса да, құр 
доңайбат жасаумен болды. 
— Қашқан жауға қатын ер, — деді ол сөзін қайталап, жан-жағына көз тастап. 
Кәне, батыр болсаң шығып көрші дегендей, әскеріне түксие қарап біраз тұрды. 
Бірақ бұл жолы тірі жан қыбыр етпеген соң, сөзін қайта жалғастырды. — Ал 
сендер сайыпқыран ерлер емессіңдер ме?! Тентек Жәнібек пен ақылынан адаса
бастаған Керейді ат құйрығына байлап, ал оларға еріп, ханымыздың қасиетті 
Ордасынан безген жалаңаяқтарды қойдай маңыратып, қозыдай шулатып айдап 
келу — сендер үшін түк емес. 
— Сайыпқырандық қолдан келсе! — Бұл — мана алғаш үн шығарған кісі еді. 
Жасы отыз бес-қырықтардағы көк көз сары жігіт Орысбай болатын. — Шаруадан 
босай алсам жақсы ғой... 
— Менде сылтауратар ешқандай шаруа жоқ, бірақ... бұл сапарға қинамасаңыз... 
— Бұл сөзді айтқан бетінде қылыш таңбасы бар, елулер шамасындағы кәрі 
жауынгер Қоқыш деген еді. Бар өмірін Әбілқайыр есігінде өткізген кедей 
төлеңгіт... 
Сол-ақ екен, күңкіл-сүңкіл көбейіп кетті. 
Шаруа жайы қиын ғой, жорықтан қажып қайттық... 
— Мал бар, бала-шаға бар... 
— Уақыттың өзінің тар боп тұрғанын көрмеймісіз... 
— Тоқтат, өңшең шуылдақ! әскербасы ақырып жіберді. — Бұрын соғыс көрмеп 
пе едіңдер? Жорық көрмеп пе едіңдер? Сонда үйде шаруам қалды, қатыным қалды 
деп қайсың айтушы едің?! әлде ел шетінде шұбырып көшіп жүрген аз ғана 
тобырдан қорқамысыңдар? Атаға тартпай туған өңшең су жүрек! 
— Тақсыр, — деді Орысбай иығын қомданып, алға шығыңқырап. — әрине, 
біліп, сезіп отырсыз, шаруа дегеніміз тілге тиек қана. Шынымды айтсам, мен 
жазықсыздан-жазықсыз өз бауырларыма қарсы қылыш көтеріп, адам алдында бір, 
құдай алдында екі күнәкар болғым келмейді. Онсыз да төгілген қан аз емес. 
Дәрежең кем демесең, мен де ата мен анадан туған ұлмын. Ешкімнің де 
басыбайлы құлы емеспін. Өз еркім өзімде. Бұл жорыққа бара алмаймын. 
— Қинамаңыз, мырза. 
— Тақсыр-ау, ел бетіне қалай қараймыз... 
— Хан мен сұлтандар жанжалдасты деп екі ортада шаруа неге қырылуы 
керек... 
— Өзара жауласудың қанша қажеті бар... 
Жұрт дабырласып, дүрлігісіп кетті. 
— әй, Қоқыш, әй, Такежан, әй, Күйгенбай, — деді әскербасы қарашы халықтың 
мына райын аңдаған соң, Әбілқайырдың басыбайлы төлеңгіттерінің атын арнайы 
атап. — Хан иемнің бауырында өскен күшік емеc пе едіңдер, дәмін ақтамай, 
құдайды ұмытқандарың қалай?! 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
103 
Топ ішінен біреудің кеңкілдеп күлген даусы естілді. Бірақ төлеңгіттердің көбі 
не айтарын білмей тосылып қалған еді, көп атынан Қоқыш сөз алды. 
Дәм ақтайтындай, ешкімнің хақысын жеген жан емен, — деді ол 
әскербасыға тура қарауға қаймыққандай, көзімен жер шұқып. — Бірақ хан 
бұйырса қай жорыққа болмасын барам. Әйткенмен, тақсыр, сүйреп қосқан тазы 
түлкі алмайды деуші еді, құр қара көбейтсін демесеңіз, қан төгуге ар-ожданым 
шыдамас. 
— Өңшең ез! Сендер жау түсірмек түгіл, өздерің олжаға кетерсіңдер! —деді 
күйіп кеткен әскербасы булыға. 
Бұдан әрі күш көрсетуге Бахтияр сұлтан бара алмады. Әскер дені көшкен 
елмен тілектес екенін сезгендіктен не айтарын білмей тұрып қалды. 
Кешке қарай әр тараптан хабаршылар да жете бастады. Елегізіп отырған ел хан 
жарлығын қуанышпен қарсы алмапты. Тіпті, кейбір рулар хан ием біздің 
Жәнібекке ермей, өз қарауында қалғанымызға неге шүкіршілік айтпайды десіпті. 
Ал енді бірталайы игілікті іс үшін хан өлімге жұмсаса да барар едік, бірақ бұ 
жолғысы қиянат, өз бауырларымызбен соғысуға аталарымыздың аруағынан 
қорқамыз деген көрінеді. Жарлыққа мойын ұсынғандар аз еді. Осының 
нәтижесінде Әбілқайыр жасағы ханның өз ойлағанынан екі-үш есе кем боп 
шықты. Бұл жиналған жұрттың өзінің қаншалық сенімді екені күмәнды. 
Ақыры хан, үстіне жан адамды кіргізбей, көз шырымын алмай, дәм татпай ақ 
орданың ішінде бір күн, бір түн бойы ерсілі-қарсылы сенделіп жүрген де қойған. 
Әбілқайыр бұ жолы, шынтуайтқа келгенде ел тағдырын хан мен сұлтандар емес, 
халықтың өзі шешетінін ұқты. Қазір Дәшті Қыпшақтың қалың бұқарасы өзінен 
опа шегіп, қазақтың жеке хандығын құрамыз деген рулар жағына мүлдем шығып 
кеткеніне шек келтірмеді. Енді ол Жәнібек пен Керейлерді хандық құрмай 
тұрғанында басып алу үшін жорыққа аттану жайлы ойынан бас тартты. Өйтпеске 
шарасы да жоқ-ты. Жаралы арыстан сияқты ызалы хан іші қазандай қайнағанмен 
күресуге дәрмені жоқ, істің ақырын күтіп, аңысын аңдуға көшті. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
104 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет