Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет51/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
100 
алатынын түсінді. «Үргенішке туымды тігіп, әбден күшейіп алып Моғолстанды 
шапсам, әр жерге бір көшіп жүрген қазақтың қаңғыған рулары қайда кетер 
дейсің!» деп ойлап Әбілқайыр бетін қайтадан Жейхун дариясының жағасына 
бұрды. Бір түннің қызығына хан Ордасының болашағын айырбастаған қатесін ол 
бұ жолы аңғармады. Тек жиырма жыл өткеннен кейін бұл қатенің ауыртпалығын 
балалары көтерді. Өйткені осы қалың көшті Көкше теңізге құятын Қаратал өзеніне 
бастап бара жатқан — қазақ елінің болашақ ұлы ханы, Жәнібектің баласы Қасым 
сұлтан еді. Әбілқайырға бір түнде түсетін жеңіс, артынан барып оның балаларына 
отыз жылдық күйреуге айналды. 
Хан қалың қолымен құмайтты, сорлы сұрғылт даланы басып үш күннен кейін, 
Жейхун дарияның сол жақ жағасына жетті. Енді осы дарияның бойымен жоғары 
қарай жүріп отырып, Үргеніштің тұсынан шықты. Бұрын, отызға толмай тұрған 
шағында ол қан-жоса қырғыннан кейін екі аптаның ішінде Үргенішті алған-ды. 
Шаһарға көк Орданың көкшіл жібек туын тіккен. Орда-Базардан хан Ордасын 
мүлдем көшіруді ол кезде ойлаған жоқ еді. Сол күннен бастап Әбілқайыр тағы 
шығыс патшаларының ең күштілерінің біріне айналды. Үргеніштің жазық 
даласында алтын айлы, көк күмбезді мешіт салдырды. Стамбул, Пекин, Рум, 
Мәскеуден шеберлер алдырып, ақ тастардан, күйдірген қызыл кірпіштерден хан 
сарайларын тұрғызған. Әйтсе де жат жерді ұзақ қоныс ете алмаған. Ал қазір 
Үргенішті қапелімде қолға түсіріп, мүлдем басып қалуға күші жетпеді. Енді, амал 
жоқ, атының басын кейін бұруға тура келді. Бұ жолы Әбілқайырдың көздеген ескі 
қонысы — Сығанақ болды... 
Әбілқайырдың сырты бүтін, іші түтін еді. Бет келбеті де қара күреңденіп 
кеткен. Жәнібек пен Керейдің және оларға ерген рулардың ішіне қан қатқанына, 
ашу, араздықтың оңайшылықпен тарқай қоймайтынына анық көзі жеткенімен, 
олар өзінен бүйтіп ат құйрығын кесісіп, мүлде бөлініп кетер деп ойламаған. 
Бөлінген күнде де адымы кең болмас, қайта оралар деген. Бүйтіп атадан балаға 
мирас қалар жаулыққа шыдамас, өйтуге батылдары бармас деп көңілін жұбатқан. 
Енді міне... Олар біржолата оралмай келмеске кеткен екен... 
Жорық кезінде аздап басылған ыза, Сығанаққа келгеннен кейін қайта өршіді. 
Туын тігісімен Әбілқайыр шыдай алмады. 
— Бас әскербасы қайда? — деді Әбілқайыр үй тола отырған батыр
сұлтандарға сүзіле қарап. 
Қол қусырып сырттан кірген жасауыл сол еңкейген бетте шегіншектеп шығып 
кетті. Сыртта бір құлтекінің аузынан екінші құлтекінің аузына көшкен «әскербасы 
Бахтияр сұлтанды алдияр тақсыр шақырып жатыр» деген дауыс бірте-бірте 
әлсіреп, әлдеқайда көше қуалай ұзап барып мүлде өшті. 
Көп ұзамай-ақ хан сарайына қыран қабақ, нар денелі, апай төс, орта жастан 
асқан бас әскербасы Бахтияр сұлтан келіп кірді. Жақсылық хабармен 
шақырылмағанын біліп еді, бірақ әміршісінің қанын ішіне тарта, сұрланып алған 
түрін көргенде көп сұмдықты басынан кешкен жүрегі зырқ ете түсті. Дегенмен 
сыр бермеді, ханның оң жағынан кеп орын алды. 
— Бахтияр баһадур! — деді Әбілқайыр. — Күн нұрынан жаратылған қасиетті 
бабам сайыпқыран Шыңғысханды ауызға алмай-ақ қояйын. Бүкіл Дәшті 
Қыпшақты билеген Жошының тұсында елдің бір бөлігі ханнан безіп, түп көтеріле 
көшу деген болушы ма еді. 
— Жоқ, алдияр, — деді әскербасы. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
101 
— Ал, сол Жошының атының тұяғы тиген жерге мен де тегіс билік жүргіздім. 
Жошы әкесі Шыңғыстың арқасында жетіп еді ғой ол билікке. Дәшті Қыпшақты 
дүрілдетіп қайтадан ел қатарына қосқанда мен тек күшіме, өз ақылыма ғана 
сүйенгем... 
— Иә, алдияр, қияға тек қыран бүркіт қана жете алады, — деді әккі әскербасы, 
мұндай сәтте хан иесінің мақтан сүйетінін есіне алып. 
— Бірақ қыранға да серік керек, — деді Әбілқайыр.— Жошы бабамыз жанына 
кімді ертерін білген... — Сол себептен де жеңілмей келген... Ал мен... — хан 
айтайын деген сөзін бүгіп қалды, — соның арқасы болуы керек, қарамағымдағы 
елімнің тең жартысынан айрылдым... 
Әбілқайыр ашуға булығып, демігіп, сөйлей алмай қалды. Бахтияр сұлтанда да 
үн жоқ, орданың ішінде шыбынның ызыңы естілердей ауыр тыныштық орнады. 
Ақыры үнсіздікті Әбілқайырдың өзі бұзды. 
— Ханның әмірінен бас тартып, Моғолстанға қашқан қарашылардың жазасы 
қандай болмақ? 
— Өлім... — деді Бахтияр даусын қатты шығаруға қорыққандай күбір етіп. 
Сол-ақ екен. Ордада тұрған жұрт бірауыздан ду ете түсті. 
— Өлім, алдияр. 
— Өлімнен басқа кесім болмауға тиіс. 
— Өлім. 
Айтарын айтып қалғанмен, бәрі де өз сөздерінен өздері қорыққандай жамырай 
барып қалт тынды. 
— Үкімдеріңе разымын, игі жақсылар — деді Әбілқайыр зорлана жымиып. — 
Оны орындау өздеріңе жүктеледі. Қолда бар әскер түгел ертең таңнан қалмай осы 
Орданың түбінен табылсын. Жаудың қорғанын қырып, қалғанын құлақ кесті құл 
етіп өз деңгейіме бас ұрғызбасам, Әбілқайыр атым құрысын! 
Қанша ашуланса да, дауыс көтермейтін Әбілқайырдың мұншама ерен 
сөйлеуінің себебі ызадан екенін жұрт бірден ұқты. Қарсыласып ешкім тіл қатпады. 
Бұйрықты беру оңай да, оның орындалуы қиын. Мұны Әбілқайыр жақсы 
білетін. Әсіресе бұ жолы. Сөйтсе де тәуекел деп ойлаған. Егер қарауында қалған 
елдің бас көтерер, қару ұстар ер-азаматтары түбімен қопарыла аттанса, әлі 
орналасып болмаған Керей мен Жәнібек көшін талқан етіп шауып, ел-жұртын 
шулатып, алдына сап малша айдап қайту оған мүмкін-ақ көрінген. 
Бектер мен батырлар, «игі жақсылар» Ордадан шығысымен-ақ әрқайсысы өз 
қарауындағы руларына шапқан. Елдің елеңдеп отырған уағы, бір күннің ішінде 
әскер жиып алу әбден мүмкін іс еді. Басқаны былай қойғанда, хан Ордасының 
төңірегінде отырған, Әбілқайырға әбден берілген, сенімді деген сарбаздың өзі 
қаншама. 
Бас әскербасы Бахтияр хабаршы, шапқыншыларды аттандырып болысымен, 
осы өз қарауындағы сарбаздарды жорыққа қамдауға кіріспек болды. 
— Үргеніштен қайтқалы жамбастарың сарғайып аз жатқан жоқсыңдар, — деді 
ол Ордаға өңшең «жақсылардың» тегіннен-тегін жиналмағанын аңдап, әлдебір 
сұмдықты күтіп топ-топ боп, үдірейісіп тұрған сарбаздарға келген бойда. — 
Қылыштарың да қынабында жатып қалып, тот басуға айналған шығар. Құдай
тілеулеріңді берді. Олжаға да қарық боларсыңдар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет