Лизин алу өндірісі
Лизин (α,ε - диаминокапрон қышқылы) С6Н14N2O2
Екі оптикалық активті D және L- формасы белгілі. Адам және жануарлар организмінде лизин бірқатар маңызды биохимиялық функцияларды орындайды. Жасушадағы кальцийдің тасымалдануына және асқорыту ферментерінің секрециясына қатысады.
Лизиннің микроорганизм-продуценті
Гомосериндефицит мутанттар ауксотрофты бактериялар
Brevibacterium, Micrococcus, Corynebacterium және тағы басқа тұқымдары жатады.
Елімізде лизин продуценті ретінде Brevibacterium тұқымының бактериялары қолданылады.
Лизин продуценті-ауксотрофты болғандықтан, биотин, тиамин, треонин және метионинді қажет етеді.
1.егіс материалын алу;
2.қоректік ортаны залалсыздандыру және дайындалу;
3.барлық аппаратура мен коммуникация үшін ауаны залалсыздау және дайындау;
4.ферментация;
5.дайын өнім – L- лизинді бөліп алу;
Лизин алудың технологиялық процесі
келесідей сатылардан тұрады:
Егіс материалын дайындау
Бастапқы культураны ет пептонды агар – агарда қатты қоректік ортасы бар пробиркаға егеді және тәулік бойы 29-30°С температурада өсіреді. Өскен культурадан микроорганизмдер суспензиясын алады. Оны аналық егіс материалы дайындалған колбаға залалсыздалған сұйық қоректік ортаға енгізеді де, тәулік бойы тербелмелі шайқағышта (180-200 айн/мин) 29-30°С температурада өсіреді. Аналық егіс материалы дайындалған колбадан алынған культураны егіс материалына арналған колбаларына қоректік ортаның көлемін 5% есеппен бір тәуліктік аналық культураны егеді.
Егіс материалына арналған колбалардағы культураны да шайқағышта тәулік бойы 30°С температурада өсіреді. Содан соң егіс материалын колбалардан инокуляторға ауыстырады. Инокуляторда культураны 29-30°С-температурада тәулік бойы аэрациялау және араластырумен өсіреді. Көбінесе егіс материалын алу үшін меласса (3-5%), жүгері экстракты 2,5-3% және ас тұзы бар қоректік орталар қолданылады. рН - 7-7,2 мәнін 20%-тік күйдіргіш натрий ерітіндісімен тұрақтандырады. Инокулятордағы культураның құрамы ферментациялық қоректік ортаға біршама жақын болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |