Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т



бет13/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141
annotation9411

Екi жақты коллизиялық ереже нақты мемлекеттi атамайды. Оған құқықты таңдауға мүмкiндiк беретiн, жалпы белгiнiң болуы тән. Мысал ретiнде, ҚР АК-не сәйкес, «мұрагерлiк бо-йынша қатынастар ... мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады». Бұл ереженiң байламы, жалпы белгiсi ретiнде: «мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерiн көрсетедi».
2)Реттеу тәсiлi бойынша коллизиялық ережелер императивтi, диспозитивтi, баламалы болып үш топқа бөлiнедi.
Императивтi ережелер – түпкiлiктi, азаматтық құқықтық қатынастардың тараптарымен өзгертiле алмайтын құқықты қолдануға қатысты ұйғарымдар.
Диспозитивтi ережелер – құқықты таңдау бойынша жалпы тәртiптi бекiте тұра, тараптарға оны басқа тәртiппен өзгерту мүмкiндiгiн бередi. Диспозитивтi ережелер әдетте тараптар құқығы, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе және т.б. нысандарда, көрiнiс табады. Мысалы, ҚР АК-нiң 1108-бабының 2-тармағына сәйкес: «Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, мәмiленiң нысанасы болып табылатын мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдiң осы мәмiле бағындырылған құқығы бойынша анықталады».
Баламалы ережелермазмұнында, ереже көлемiнде көзделген, жеке құқықтық қатынасқа қолданылатын құқықты таңдауды көздейтiн бiрнеше ережелерi бар нормалар. Құқық қолданушы орган және тараптар онда көзделгеннiң әрқайсысын қолдана алады. Бiрақ, көрсетiлген тәртiптердiң бiреуi бо-йынша қатынас реттелуi жеткiлiктi болады. Мысалы, мәмiленiң нысаны ол жасалған жердiң құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәміленi, егер Қазақстан Республикасы құқы-ғының талаптары сақталса, нысанының сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Яғни, шетелде жасалған мәмiле нысанына екi баламалы байлам қолданылады: оның жасалу жер заңы және Қазақстан Республикасы құқығы.
Баламалы ережелер халықаралық жеке құқықта салыстырмалы түрде жақында пайда болған құбылыс болып табылады. Оның пайда болуы халықаралық байланыстардың дамуы, соңғы кездерде бұл құқықтық саланың дамуымен соның iшiнде әр түрлi құрылымдардың күрделенуi, реттелетiн қатынастардың ерекшелiктерiн ескеруге негiзделген, көлемдердiң және байламдардың бөлшектелуiмен тығыз байланысты.
3) Коллизиялық ереженiң мәнiне қарай: генералды (басты) және субсидиарлы (қосымша) болып екi топқа бөлiнедi. Бас ереже – қолданудағы артықшылыққа ие, қолданылатын құқықты таңдау кезiндегi басты ереже. Мысалы, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсi-мiмен таңдалған елдiң құқығымен реттеледi. Мұндағы басты ереже Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмеуi қажет. Субсидиарлы ереже – басты ережемен байланысты бiр немесе бiрнеше құқықты таңдау ережелерi, ол басты ереже белгiлi бiр себептерге байланысты қолданылмаған жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, субсидиарлы ережелер бiрiншi, екiншi, үшiншi және т.б. дәрежелi болып бөлiнедi. Басты және барлық дәрежелi субсидиарлы ережелер бiр-бiрiмен тығыз байланысты болып, iшкi байланысқа негiзделген өзiнше ереженiң бірлігін құрады. Мысалы, ҚР АК-нің 1112 б.және 1113 б. т.б.
4) Сонымен қатар, коллизиялық ережелер құқықтық қатынастың күрделiгiне байланысты бөлiнедi. Олар: жалпы және арнайы болып бөлiнедi. Жалпы коллизиялық ережелер қатынастың мәнiне қолданылатын құқықты анықтайды. Ал арнайы ережелер бұл қатынасты жүзеге асыру барысында туындаған қосымша сұрақтарды шешуге арналған құқықтық қатынасты бекiтедi. Жалпы және арнайы коллизиялық ережелер жүйесiн қолдану қажеттiлiгi, бiрнеше мемлекет аумағында орындалатын шарттарды қарастырғанда пайда болады мысалы, (тасымалдау шарты).
Қазақстан Республикасы үшiн ТМД-ға мүше мемлекеттердiң құқығын унификациялау мәселесi ерекше маңызды болып табылады. Бұл халықаралық жеке құқық мәселесiн шешетiн жағдай. Қазiргi кезде осы мәселенi шешуге 1995 жылы 13 мамырда қабылданған ТМД елдерi үшiн заңнама актi ретiнде ұсынылған Үлгiлi азаматтық кодекс мүмкiндiк бередi. Осындай актiлердiң шығарылуы бiртұтас құқық кеңестiгiн жасауға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, құқық таңдау мәселесiн жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi.
5)Коллизиялық ереже географиялық мәні бойынша бөлінеді
Интерлокалды коллизия
Бірнеше мемлекеттердің шекаралары бірнеше әкімшіліктік округтерге бөлінген, оның әрқайсысын өзінің заңнамалары бар. Бұл жердің критериі таза географиялық Италияның орта ғасыр кезеңіндегі, «республикалар» деп аталатын әр қалаларында (Венеция, Греция) статут деп аталатын өздерінің заңнамалары болған. Осығын байланысты Ежелгі Франция жайында айтуға болады, яғни онда әр провинция өздерінің әдет-ғұрыптарына бағынған. Бүгінгі күннің өзінде Эльзас және Лотарингии,
– герман шығуынан, құқықтық әрекет етуі Францияның басқа да провинцияларында қолданылатын құқықтан айтарлықтай өзгерістері бар. Бұл феномен колониялды шекараларда әрекет ететін, бірдей заңдармен метроломий заңдарының болуы колониялдық дәуірде байқалған болатын. Колониялар тәуелсіздік алғаннан кейін, өткен колониялар мен өткен колонияларды державалар арасында қатынастар туындап, интерлокалды коллизиялар халықаралыққа айналды.
Қазіргі уақытта интерлокалды коллизия әдетте федералды құрылым мемлекеттерінде пайда болады – Құрама Штаттарда және де Кеңес Одағында Американ штаттарының әрқайсысында, оларды ол елу, өздерінің жеке заңнамалары бар, ал сонымен қатар өздерінің халықаралық байланыстары бар. Сонымен қатар Кеңес Республикаларының әр он бесінде ішкі мемлекеттік коллизия заңдарын туғызатын, өздерінің заңнамалары бар.
Ішкі мемлекеттік және халықаралық коллизия заңдарының ұқсастығы туралы және сонымен бірге ішкі мемлекеттік коллизиялары халықаралық және құқықпен реттеледі деп айтуға болады ма? Осы сұраққа қарсы жауап беру керек деп ойлаған жөн, өйткені айтарлықтай өзгерістер бар: ішкі мемлекеттік коллизияда федералды бірліктен жоғары тұратын (мысалы, АҚШ-тың Жоғарғы соты) әрқашанда өзінің билігі немесе ішкі мемлекеттік коллизияны (СССР) реттейтін заңы бар.
ә) Интерперсоналды коллизия
Интерперсоналды коллизияның интерлокалды коллизиядан айырмашылығы ол әртүрлі әлеуметтік топтардың болуына байланысты. Яғни бұл жердің критериі болып шекараның құрамында болушылық емес, ал этникалық топқа немесе дін тұту болып отыр. Осы типтілік мысал – Оңтүстік Сахара және Таяу Шығыста кездеседі.
Тәуелсіздікті жаулап алғаннан кейін ғана тек бірнеше африкалық елдер, Сенгал немесе Рабон сияқтылар өздерінің заңнамаларын бір ізге келтіреді. Ал басқа колониялды дәуірдегі елдердің әр түрлі құқықтық жүйелер өз жалғасын тапқан болатын. Әрине, осы құқықтық жүйенің болуы интерперсоналды коллизияның пайда болуына әкеп соқтырды. Негізгі түрі ол өткен колониялды державалардың құқықтық нормасын анықтайтын, басқа жақтан қарағанда, жергілікті әдеп-ғұрыптардың азаматтық мәртебесі, «қазіргі заманға сай мәртебесі» арасындағы коллизия.
Бұл коллизиялар әр түрлі әдістермен шешіледі. Ал бір мемлекеттерде дәстүрлі және қазіргі заманға сай екі мәртебенің теңдігі мойындалады. Сонымен қатар дәстүрлі мәртебенің өздерінің арасындағы теңдігі. Бұндай жағдай 1960 жылы Сенегал Ордонанстың 19-бабында және 3-бөлімнің 52-бабында және 1962 жылы нигериялық заңның 54 көрсетілген. Ал басқа колониялды уақыттағы елдерде жай құқық қазіргі заманға сай бағынышты болып қалып отыр. Кейбір елдер әдет-ғұрыпқа жалпы құқық мәртебесін береді және оны қазіргі заманға сай деп табады.
Әр түрлі әдет-ғұрыптар арасындағы коллизиялар көп жағдайларды заңнамалық тәртіпте шешіледі. Осыған мысал болып 1960 ж. Сенегал Ордонанстың 16 бабы және 1962 ж. Малагасий Ордонанстың 6 бабы, ондағы ең маңызды рөл тараптардың теңдігіне бөлінеді, құқық таңдау персоналды мәртебеден бас тарту және т.б. Осындай өзгешелік коллизиялық норма сілтеме жасаған құқықты қолдану тәртібі сотқа қосымша қиындықтар әкеп соқтырады: егер осы елдің құқығы бір ізге келтірілмесе, сот заңның немесе әдет-ғұрыптың қолдану қажетілігіне жататынын өзі таңдауы қажет.
Жеке заңдардың көпшілігі жеке мәртебенің болуы емес, ал конфессионалды мәртебенің Таяу Шығыс елдерінде де кездесіп жатады. Егер коллизиялық норма осы бір мемлекеттердің құқығын қолдануға нұсқап тұрса, қай заң қолдану керектігін айтуға болмайды, – осы елдің ішкі құқықтық жүйесін алдын-ала танып білу қажет. Мысалы, Француз құқығы сияқты құрылған Ливан құқығының коллизиялық нормасы ұлттық заңның қолданылуын нұсқағанның өзінде ливанцтың жеке мәртебесі қай қоғамға жататындығына байланысты болады.1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет