Алматы 2013 Рецензенттер: Алибеков С. Т


г) халықаралық жеке құқықта ілім



бет11/141
Дата26.04.2023
өлшемі2.59 Mb.
#472818
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   141
annotation9411

г) халықаралық жеке құқықта ілім
Ілім дегеніміз – мемлекеттік және халықаралық деңгейде ресми танылған ғалымдардың пікірлері. Қазіргі уақытта халықаралық жеке құқық ілімдері унификациялау мен үйлестіру үшін қолданылады.


Пысықтау сауалдары:

  1. Халықыраралық жеке құқықтың анықтамасын беріңіз.

  2. Шетел элементі құқықтық қатынастың қай элементі арқылы көрініс табуы мүмкін?

  3. Құқық саласы ретіндегі халықаралық жеке құқық жүйесінің

құқықтану ғылымы ретіндегі халықаралық жеке құқық жүйесінен негізгі айырмашылығы неде?

  1. Халықаралық жеке құқықты унификациялау процесінен

гармонизация процесінің басты ерекшелігі?


2-т а р а у.


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ КОЛЛИЗИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕ


§ 1. Коллизиялық ереженiң (норманың) түсiнiгi және маңызы

Халықаралық жеке құқықты реттейтiн шетел элементi бар қарым-қатынастарда кейбiр кездерде коллизиялық мәселелер туындайды. Бұл мәселеде қарама-қайшылықтағы екi заңның қайсысын қолдану керек екенi туралы сұрақты шешу керек. Коллизиялық мәселе– бұл белгiлi бiр құқықтық қатынастағы қай елдiң заңын қолдану туралы мәселе. Бұл мәселе халықаралық жеке құқыққа тән ерекшелiк болып табылады. Халықаралық жеке құқықта коллизиялық мәселе және оны шешу осы құқық саласының негiзгi мазмұнын құрайды. Халықаралық жеке құқықтың өзiне тән реттеу тәсiлдерi мен әдiстерi бар. Азаматтық қарым-қатынастарға қатысушылар арасында коллизиялық мәселелер туындайды. Мұндай мәселелердің мазмұнында қандай құқық қолдану керек екенi туралы сұрақ/сауал шешiледi, яғни қай мемлекеттiң заңын қолдану керектiгi мәселесi шешiледi.


Бұл мәселелер белгiлi бiр коллизиялық нормалар қолдану арқылы шешiлуi мүмкiн. «Коллизия» (латын сөзiнен «collisio») – ол қақтығыс немесе қайшылық деген мағынаны бiлдiредi. Заңдардың коллизиясын реттеу туралы айтқанда, әр түрлi мемлекеттер арасындағы құқықты таңдау қажеттiгiн айтады. Құқық коллизиясының екi себебi бар:
– жеке құқықтық қатынаста шетел элементiнiң болуы;
–қатынасқа байланысты әр түрлi мемлекет құқығының мазмұндарының ерекшiлiгi.
Коллизиялық норма белгiлi бiр мемлекетте немесе белгiлi жағдайда қай мемлекеттiң құқығын қолдану керектiгiн көрсетедi. Коллизиялық норманың қажеттiлiгi, мына мәселеге байланысты: мемлекеттердiң құқықтық жүйелерi бiр-бiрiне ұқсамауы. Бiрақ тәжiрибе жүзiнде қолданылатын құқық мәселесi құқық қолданушыда белгiлi бiр қиындықтар туғызады, себебi тек қана қандай коллизиялық норма қолдануды, қай мемлекет құқығына сiлтеме жасауды шешіп қана қоймай, сонымен қатар, шетел құқығы таңдалған жағдайда, iстi шетел мемлекетiнiң заңдарына сәйкес шешу қажет.
Коллизиялық норманың мақсаты – қарама-қайшылықтағы екi не одан да көп құқықтық жүйе арасындағы қақтығысты реттеу, шешу және шетел элементi бар қатынастарды белгiлi бiр құқық тәртiбiне бағындыру болып табылады. Бiрақ, коллизиялық норма мәселенi мәнi бойынша өзi шеше алмайды, ол тек тиiстi мiндеттi қарастыратын материалдық нормаға сiлтеме жасайды. Осы тәртiп негiзiнде мәселе шешiледi. Осыдан коллизиялық ереженiң заң әдебиеттерiнде «даулы», «сiлтемелiк» деген анықтамалармен неге қолданылуын байқауға болады.
Сiлтеме жасалған материалдық құқықтық нормамен бiрге коллизиялық норма азаматтық айналым қатысушыларына жүрiс-тұрыс ережесiн анықтайды. Халықаралық жеке құқық құрамында коллизиялық және материалдық құқықтық норманың қосылуы, сипаты бойынша бiртектi қарым-қатынастарды екi түрлi әдiспен реттеу қажеттiлiгi негiзделедi. Халықаралық келiсiмдердегi материалдық құқықтық нормамен бiрге халықаралық жеке құқық iшiне iшкi заңнамадағы материалдық құқықтық нормалар кiредi. Олар шетел элементi бар азаматтық қатынастарды реттеу үшiн арнайы белгiленген. Бұл нормаларға жататындар: сыртқы экономикалық қызметтi реттейтiн норма, инвестициялар режимiне қатысты нормалар, Қазақстан азаматтарының шетелдегi мәртебесiн анықтайтын нормалар, Қазақстан Республикасында азаматтық, неке және еңбек пен iс жүргiзу құқығы аясында шетел азаматтары мен ұйымдардың құқықтық жағдайын анықтайтын нормалар.
Коллизиялық нормаға заңды-техникалық тұрғыдан назар аударсақ – бұл халықаралық жеке құқықтағы қолданылатын ең киын нормалар деп айтуға болады. Бұл мәселе коллизиялық норманың мазмұнын анықтаудағы белгiлi бiр ережелердi қарастыруды талап етедi. Бұл ережелер коллизиялық нормаларды тәжiрибеде қолдану мәселесiн шешуiне көмек көрсетедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет