Алматы 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы №91 мектеп-гимназиясы



бет22/48
Дата19.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#492410
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Нұржанова-1

Сен білесің ба?
Дененің электрленуі нәтижесінде болатын электр өрісінің әсерлері көптеген өнеркәсіп салаларында синтетикалық материалдарды қолданғанда және кейбір ауруларды емдеу мақсатында кеңінен пайдаланылады. Мысалы:
а) целлюлоза – қағаз,мақта-мата комбинаттарында қағаз ,лента және иірілген жіп оралғанда үйкелістен эдектрленіп, электр өрісінің нәтижесінде басқа денелерге тартылып үзілетіні және электр зарядының разрядталуы әсерінен өрт шығу жағдайлары көп болады.
ә) Авиацияда , ұшақ ауамен үйкелісуі нәтижесінде электрленеді. Ол қонғанда оған бірден металл трап қоймайды. Ұшақты алдымен металл трос арқылы жермен қосып, разрядтайды.
б) Тұрғын үйдің линолеум еденімен, синтетикалық кілеммен жүргенде,нейлон көйлекті шешкенде электрлік разрядталу құбылысы байқалады. Синтетикалық заттар электр зарядын өткізбей сақтайтындықтан, үйді ( 60-70%) ылғал етіп ұстау керек.
в) Медицинада синтетикалық киімдерді киіп жүргенде үйкелістен электрленіп,электр өрісі пайда болуы радикулит, полиартрит ауруларынан жазады. Электроаэрозоль әдісімен ішкі ағзаларды емдеу, электрлеут арқылы адамды ұйықтатуға болады. Кейбір балықтар мен жәндіктердің денесінде электр өрісі бар екендігі анықталған. Мысалы: Сом (лақа), скат, угорь балықтарының өте күшті электр өрісі бар.
г) Денелердің электрленуі мен электр өрісі сұйықтардың ыдысқа шланг пен шүмектен сыздықтап ағуынан,дененің деформациялануынан (созылу мен сығылу) заттың бөлшектенуінен,бір-бірінен ажыратылуынан,ұсақ бөлшектердің (құмшекер,құм,ұн,дәрі ұнтағы т.б.)төгілуінен де пайда болады.
ғ) Электр өрісі құбылысы – заттарды жалтыратып лактауда,бидайды тазалап сорттауда , түтінді тазартуда, матаның бетіне түк салуда және түбіт тұрғызуда қолданылады.
Сондықтан шлангпен бензинді цистернаға немесе автомашина багына құйғанда өрт шығып кетуінен сақ болуы керек.


Тақырыптық тест, №1
1. Үйкелген дененің басқа денені тарту құбылысы алғаш қай жерде белгілі болды?
А. Англия В. Греция С. Ресей
2. Янтарь грек тілінен аударғанда қандай мағана білдіреді?
А. Элементар В. Электрон С. Эбонит
3. Бір-бірімен жанасқанда денелердің өзара әсерлесу құбылысы не деп атайды?
А. Денелердің электрленуі В. Денелердің әсерлесуі
С. Денелердің беттесуі
4. Аттас зарядтар бірін-бірі
А. Тартады В. Тебеді С. Еш әрекет болмайды
5. Электр зарядының неше тегі бар?
А. Екі. Оң заряд В. Бір. Теріс С. Екі. Оң және теріс
6. Электр зарядының сақталу заңы
А. В. С.
7. Денелердің электрленгендігін білуге арналған прибор
А. Динамометр В. Калориметр С. Электроскоп
8. Электр заряды еркін қозғала алатын заттар не деп аталады?
А. Өткізгіштер В. Жартылай өткізгіштер С. Диэлектриктер
9. Электр заряды еркін қозғала алмайтын заттар не деп аталады?
А. Өткізгіштер В. Жартылай өткізгіштер С. Диэлектриктер
10. Жүнге үйкелген янтарьда болатын заряд.
А. Оң заряд В. Теріс С. Оң және теріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет