Берілгені Формула Шешуі:
mбензин=3 кг m= m1+m2 m=3кг+2кг=5кг
mкерасин=2кг Q=qm Q=5кг* 4,6*107 Дж/кг.= 23*107 Дж
q= 4,6*107 Дж/кг.
Q-?
4. 440*107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек? Табиғи газдың меншікті жану жылуы 4,4*107 Дж/кг.
Берілгені Формула Шешуі:
Q= 440*107 Дж m=Q/q m= 440*107 Дж : 4,4*107 Дж/кг. = 100кг
q= 4,4*107 Дж/кг.
m=? Жауабы: m= 100кг
19-20 - сабақ
Электр тоғы.Вольта және гальвани элементтері
Мақсаты: Электр тоғы туралы теориялық білімдерін толықтырып,
эксперименттік дағдыларын дамытады, электр тізбегінің элементтерін (ток көздері) салуды үйренеді.
Еркін заряд тасымалдаушылардың реттелген қозғалысын электр тогы дейміз.
Зарядталған денемен зарядталмаған денені қосатын өткізгіште электр тогы пайда болады. Ток зарядталған денеден зарядталмаған денеге қарай жүреді. Себебі зарядталмаған дененің потенциалы әрқашан төмен болады да, олардың арасында бағытталған электр өрісі бар болады. Осы бағытпен ток жүреді.
- сонымен, өткізгіште электр тогы жүру үшін басты шарт не деп ойлайсыңдар?
- Өткізгіште еркін заряд болмаса ток жүре ме?
- Электр өрісі қайда пайда болады?
қорытынды:
электр тогы жүріп тұру үшін:
өткізгіште еркін зарядтар болу керек;
еркін зарядты қозғалтатын электр өрісі болу керек;
электр өрісін үздіксіз шығарып тұратын ток көзі керек.
Электр тогының әрекеттері.
Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады:
Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (эл.шам, үтік, эл.плитка...) кеңінен қолданыста екенін жақсы білеміз.
Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ертіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ертінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стаканды көрсету)
Достарыңызбен бөлісу: |