Алматы 2022 жыл Нұр-Сұлтан қаласы №91 мектеп-гимназиясы



бет3/48
Дата19.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#492410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Нұржанова-1

Пысықтау сұрақтары.

  1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  5. Физиканың мақсаты неде?

  6. Физика заңдары қалай ашылды?

  7. Физикалық теориялар қалай жасалды?

  8. Физикалық терминдар мен ұғымдар дегеніміз не?




2 – 4- сабақ
Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті
Мақсаты: Материя, материяның негізгі қасиеті- қозғалыс туралы түсінік қалыптасады.
Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді. Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады.
Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі.
Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды, оларды динамика қарастырады.
Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы болып табылады.
Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз – материя болмайды.
Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.
Пысықтау.

  1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?

  2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалмен түсіндіруге болады?

  3. Ғылымда материя деп нені айтады?

  4. Оның негізгі қасиеті қандай?

  5. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?

Тест жұмысы
1. Физика табиғат туралы ғылым ретінде алғаш рет кімнің шығармаларында баяндалды.
A) М.Ломоносов B) С. Аристотель C) Әбу Насыр Әл-Фавраби
D) И.Кеплер E) И. Ньютон
2. Астрономия грекше ........ ұғымды білдіреді.
A) Астрон – табиғат, номос – заң; B) Астрон –жұлдыз, номос – заң;
C) Астрон – күн, номос – заң; D)Астрон – аспан, номос - заң
E) Астрон – планета, номос - заң
3. Космогония -
A) Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейді.
B) Әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап
зерттейді.
C) Бүкіл әлем және оның жалпы қасиеттерін зерттейді.
D) Космосқа ұшқан адамдарды зерттейді.
E) Космостық аппараттарды құрастырып, жасап шығару үшін зерттеу
жүргізеді.
4. Астрономияның негізгі құралын атаңыз?
A) Микроскоп B) Телескоп C) Лупа D) Бинокль E) динамометр
5. Материя дегеніміз -
A) Тастар; B) Ағаштар C) Өсімдіктер; D) Табиғаттағы кез-келген зат
E) Жануарлар мен адамдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет